7


  • Учителю
  • Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты тарихи-әдеби композиция.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты тарихи-әдеби композиция.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Историко-литературная композиция посвящена 70 летию Великой победы.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан бойынша Совет Одағының Батыры атағын алған 512 жауынгердің 17-сі біздің облыстан.Олар: Андрей Хименко, Борис Ушев, Григорий Михеев, Жәлел Ғизатов,Николай Подорожный,Па
предварительный просмотр материала


Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты тарихи-әдеби композиция.


Мақсаты:Оқушылардың Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Елді қорғауға, бейбітшілікті сақтауға баулу.


1-оқушы. Ұлы Отан соғысы елдің елдігін,ердің ерлігін сынға түсірді.

Сол ерлікті кейінгі ұрпақ,біздер ,ұмытпаймыз!Қазіргі біздің сәулетті өміріміз үшін жас жанын қиып,кеудесін оққа төсеген батырлар қаншама?

Солардың есімін жас ұрпақ есінде мәңгі қалдыру-бәріміздің азаматтық борышымыз.


2-оқушы.Ерлік өлмейді,ер ұмытылмайды!

Ардагер ағалар есте, олардың өткендері;

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал,бүгін мақтан етер ұрпақтары

Жеңіс алып еліне жеткендерді:


1-оқушы.1418күнге созылған қанды соғыс 1941ж. 22 маусымда басталғаны естеріңізде болар.

Қазақстаннан майданға 1млн.366мың адам аттанды.

3-оқушы:Тоқта, достар! Тез мін атқа

Қатерлі ауыр сын сағатта.

Батыстан зіл қара бұлт

Төнді айналып Кавказ қартқа

Қай жан шыдар бұл қорлыққа

Қай жан шыдар бұл мазаққа.

Туған жерін талқандату

Өлім-арлы азаматқа

4-оқушы: соғыстың алғашқы 5 күнінде-ақ 702 атқыш батальон құрылды.

1941ж.тамыздында 314-атқыштар дивизиясы өзіміздің солтүстік қазақстандықтардан жасақталып, Солтүстік- Батыс майданға аттанды.

314-атқыштар дивизиясы соғыс барысында басты үлкен шайқастарға қатысып,2-дәрежелі Кутузов ордені мен Александр Невский орденімен марапатталды.

Солтүстікқазақстандықтар Панфилов атындағы 316-атқыштар дивизиясының құрамында да шайқасты.

5-оқушы:Майданның қашан шегі, шеті болған

Арылмай не мұнардан, не тұманнан

Жас солдат жатыр ауыр жараланған,

Шыға алмай еңбектеуде окоптардан.


6-оқушы: Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан бойынша Совет Одағының Батыры атағын алған 512 жауынгердің 17-сі біздің облыстан

Олар: Андрей Хименко, Борис Ушев, Григорий Михеев,Жәлел Ғизатов,

Николай Подорожный,Павел Коволенко, Александр Матвеев, Александр

Карушин, Исқақ Ибраев, Филипп Чижиков, Әбу Досмұхамбетов.

Даңк орденінің кавалерлері: Әміреш Дарменов, Андрей Ткачев,

Иван Кравченко, Кирилл Мосякин, Яков Батырев, Андрей Пуненко.

Совет Одағының батырлары-мерген қыздар- Әлия Молдағулова мен

Мәншүк Мәметова ғана емес,кеш болса да Халық Қаһарманы атағын

алған ұшқыш-апамыз- Хиуаз Доспанова.


7-оқушы: Көкіректерін ажалға тосқан боздақтар, көктемің келді,

Көңілдің күшін қозғап қал.

Ауылдың төрін алаудың нұры жайнатты

Алдыңа келіп бастарын иді ұрпақтар.

Батырсың мәңгі кеудесін тосқын тасқынға

Жатырсың бүгін туған топырақ астында

Есімің сенің еліңе жетті ерлік боп,

Елеген жұртың тұрғызды саған тас тұлға.


2-оқушы: «Жеңіс» деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арман мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

8-оқушы: Халық легі куәсіндей ерліктің

Көптен бері осы күнді сағынған

Ардагерлер осында отыр ерліктің,

Медальдарын,ордендерін тағынған


9-оқушы:Айқаста жаудың алқымын сыққан,

Ажалға қимай, намысты елін.

Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан

Қазақстан-Республикам менің!


1-оқушы:Бұл жеңіс, оңайлықпен келген жоқ,

27млн. адам өмірін ала кетті.

Сондықтан осындай қырғын,соғыс болмауы

үшін Бейбітшілікті берік сақтауымыз керек.

10-оқушы: «Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды».

Ұмытуға да хақымыз жоқ. Себебі сол қан

майданда құрбан болғандар мен сол от-жалыннан

аман оралғандар,олардың есімі-Жеңіс,Бостандық,

Теңдік, Бейбітшілік атты қасиетті сөздермен қатар

айтылады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал