7


  • Учителю
  • «Қош келдің, Наурыз!» тәрбие сағаты

«Қош келдің, Наурыз!» тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қош келдің, Наурыз!» мерекелік шараның сценариі

Мақсаты: қазақ халқының Наурыз мерекесі туралы толық білуге талпындырып, ұлттық салт-дәстүрлерді, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу. Балалардың жеке ән салу, тақпақтарды мәнерлеп айта білу қабілеттерін арттыру.

Жүргізуші: Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы аламыз! Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Наурыз- «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы.

Арсен: Ау, жарандар, келіңдер! Той қызығын көріңдер! Наурыз айға бас иіп, Күнге сәлем беріңдер.

Наурыз басы: "Күнге сәлем ету"

Аружан Армысың қайырымды, Күн - Ана!

Атар таңға, шығар күнге Тәу - тәу!

Басымызға амандық,

Елімізге береке дарыта көр! Тәу - тәу!

Жыл басы келді, жаңғырта келді, Тәу - тәу!

Кең байтақ ұлысыма Ұлы күн келді,

Жаңа Жыл келді, Тәу - тәу!

Қайырымды Күн-Ана, тілегімді бере көр! Тәу - тәу!

Көрініс. Күн мен Түн.

Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмендер тек бірақ.

Жүргізуші:Балалар, ұлыс күнінде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, кәне, соны көрейік.

Табиғат:

Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса, жол болсын.
Құралай

Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлігің ақты болсын.
Дильназ

«Ұлыстың ұлы күнінде»
«Оң болсын, - деп, - ұлысың!»
Төс түйісіп көрісер.
Көжедегі ырысын
Көпшілікпен бөлісер.
Нұрлыбек

«Наурыз көже»
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта - ағы бар.
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.

Ақниет Ж

«Наурыз тойы»
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді-салтымыз:
«Көгерсін!» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

«Ертегілер» әні орындалады.

Ақниет Ш:

Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып, Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр, Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Жанар:

Алақай,ауылда Наурыз! Күлімдеп келіп тұр Бәріне базарлық беріп тұр, Бақшаға береке еніп тұр.


Ән: «Ақ көгершін».

Жүргізуші: балалар, қазір сендерге мақал-мәтелдердің басын айтамын, ал сендер жалғастыру керексіңдер. Мақал-мәтел сайысы.

Еңбек етсең ерінбей ……

Атаңның баласы болма ……

Оқу білім бұлағы ………

Әдептілік белгісі…..

Өнер алды ……

Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар. Жауаптарын таба ма екен ата - аналар,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар

Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз) 3.Наурыз күнгі тағам - "Наурызкөже" 4.Наурыз күнгі айтылатын ән: "Жарапазан" 5.Наурыз күнгі жауған қар - "Наурызша" 6.Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария - "Қызыр ата"



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал