- Учителю
- Тапқыр достар сайысы 11 класс
Тапқыр достар сайысы 11 класс
Тақырыбы: «Тапқыр достар» сайысы
Эпиграфы: «Асан Қайғы,Жиренше,
Сөйлеп өткен қазақ тіл.
Жәнібек пен Қойлыбай,
Сыйлап өткен ғажап тіл,
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
Бағаласаң шынымен,
Баба тілі - асыл дүр.»
Қожаберген жырау айтқандай бүгінгі «Тапқыр достар» білгірлер сайысына қош келдіңіздер!
Сайыстың мақсаты:
1.Оқушылардың тілге деген құрметін,тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. Оларды ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс жасауға баулу.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,ауыз екі сөйлеуге жетелеу, пікірталас туғызу.
3.Оқушыларды еңбекке, кішпейілділікке, ізеттілікке баули отырып, қойылған сұраққа нақты жауап беруге,өз ойларын дәлелдей алуға тәрбиелеу.
Сайыстың әдіс - тәсілі: Пікірталас, сұрақ-жауап т.б.
Сайыстың көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, кестелер.
Сайыстың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сайыс қонақтарымен,сайысқа қатынасушылармен амандасу.
II.Сайыстың рәсімі.
Балалар, бүгінгі сайысымыздың ерекше екенін айта отырып,сіздерді екі топқа бөлмекпін.Сайысымыздың негізгі мақсатын жоғарда айтып өттік.
Олай болса, мен қазір сіздерді сайысымыздың ережесімен таныстырайын.
Сайыстың ережесі: I. Әділ - қазы алқасын сайлау.
II. Тыныштық сақтау.
III. Бірін - бірі тыңдау.
IV. Өз ойын ашық айту.
Жалпы сайысымыз мынадай 6 - кезеңнен тұрады:
1. «Сөз тапқанға,қолқа жоқ»
2. «Ойлан тап»
3. Әзіл аралас сұрақтар
4. Мықты болсаң тауып көр»
5. «Білгенге маржан»
6. «Кім жылдам?»
Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Бұл ойында біз өз білімімізді көрсетіп, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молдығын көрсетеміз.
Ал, қанекей, келіндер,
Біріңе-бірің еріндер.
Білімімізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.
Ортаға ойынға қатысатын топтарды шақырамыз.
Білім тобы: 1 Бірлік тобы 1
2 2
3 3
4 4
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. - демекші, әділ қазыларды таныстырып өтейін:
1. Жұбаева Гүлсайра Кенжеқарақызы-мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2. Ырғызбай Бағдат Ырғызбайқызы-тәлімгер
3.
Сайысқа қатынасушы екі топ өздерінің ұрандарымен таныстырады:
І топтың аты - «Білім», ұраны «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ"»
ІІ топтың аты - «Бірлік», ұраны «Бірлік болған жерде , тірлік болады».
Сайысымыздың 1- бөлімі «Сөз тапқанға,қолқа жоқ » деп аталады.
Сайысқа қатынасушылар менің қолымнан әріптерді таңдап алады да, менің қойған сұрақтарыма сол әріпттерден ғана басталатын жауап берулері керек. Әрбір дұрыс жауапқа әділ-қазылар алқасы 1-балдан баға беріп отырады.Барлығы қойылатыны 15 сұрақ.
Олай болса, «Армысың, қазағымның жайсаңдары,
Сыймайсың құшағымды жайсам дағы.
Толтырған елімізді берекеге,
Қазақтың қажыр, қайрат қайсарлары.» дей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сонымен 1-ші «Білім» тобы дайынсыздар ма?
1. Досыңыздың аты кім?
2. Көршіңіздің туған күніне не сыйлайсыз?
3. Бүгін дүкеннен не аласыз?
4. Мектепке не әкелесіз?
5. Машина қалай жүреді?
6. Жасыңыз нешеде?
7. Ойнағанды жақсы көресіз бе?
8. Мұғаліміңіз қандай?
9. Жазуды көп жазасыз ба?
10.Мысықты жақсы көресіз бе?
11. Көйлегіңіздің түсі қандай?
12.Үлкеннің айтқанын тыңдайсыз ба?
13. Онды онға қоссақ неше болады?
14. Сәрсенбі сәтті күн бе?
15.Ертең не істейсіз?
2-топқа арналған сұрақтарды оқимын, 2-топ дайынбыз ба?Егер дайын болсақ бастаймыз.
1. Мінезіңіз қандай?
2. Ән айтқанды жақсы көресіз бе?
3. Мұғалім болғыңыз келе ме?
4. Ырғызда не бар?
5. Қандай киімді ұнатасыз?
6. Орманда не болады?
7. Кітаптарыңызды қайда қоясыз?
8. Қандай киноны жақсы көресіз?
9. Неден қорқасыз?
10. Құс қалай ұшады?
11. Кеше не істедіңіз?
12. Бесті беске қоссақ неше болады?
13. Жолда не көрдіңіз?
14. Қай қалада тудыңыз?
15. Қолыңыз боста немен айналысасыз?
2. Құрметті қонақтар мен әділ-қазылар алқасы және сайысқа қатысушылар біздің сайысымыздың келесі кезеңі «Ойлан тап» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлеріміз берілген бір сөзден бірнеше сөз құрастырулары керек.
Олай болса, «Ашық болсын десек елдің аспаны,
Тәлімді боп өсу керек жастары.
Сол жастарға үлгі-өнеге көрсеткен,
Біздің мектеп тәрбиенің бастауы.» дей отырып, сайысымыздың екінші «Ойлан тап» кезеңін бастайық. Берілген сөз: «Салауаттылық». Сол сөзден бір минут ішінде мағыналы бірнеше сөздер табу керек.
3. Әзіл аралас сұрақтар (Сұрақтарға жауап беру керек)
Мысалы: Жылан інінен қалай шығады? -Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады. (Екі топтың қатысушылары білмеген жағдайда, көрермендер де қатыса алады)
1)Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар).
2)Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай).
3)Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын «аппағым» дейді).
4.Не қорқақ, не батыр? (Көз қорқақ, қол батыр).
5)Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)
6)Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).
4 Кезең. «Мықты болсаң тауып көр»
Бұл бөлімде жұмбақ шешіліп, жауабы үш тілде айтылады. Тапсырмалар саны 8.
Дұрыыс жауапқа -10 ұпай
Дұрыс жауапты
Орыс тіліне аударса - 20 ұпай
Ағылшын тіліне аударса - 30 ұпай
1.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап; книга; book /бук/)
2.Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа; воздух; air /эйә/)
3.Білімді мыңды жығады,
Білекті ... жығады. (бір; один; one/уан/)
4.Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам; ручка; pen/пэн/)
5.Айдағаны неше ешкі,
Ысқырғаны жер жарады. (бес; пять; five/файф/)
6.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш; линейка; ruler /рулә/)
7. Сатайын десем, ауыр кілем,
Сатпайын десем, тәуір кілем. (жер, земля, ground /граунд/)
8.Сыртты тәтті, іші тәтті,
Ортасының дәні қатты (алма, яблоко. Apple /әпл/)
Сайысымыздың 5-кезеңі «Білгенге маржан» деп аталады. «Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа біле-біле»деп Жүсіп Баласұғын айтқандай ойынның бұл кезеңінде интербелсенді тақтада көрсетілген сызбалардағы сөздерге байланысты мақал-мәтелдер немесе тұрақты тіркес сқздер айтуларыңыз керек.
1- топқа арналған сызба:
Жауабы: қамшы салмады
Мағынасы: қамшы тигізбей жүріп отырды.
Келтек
Қамшы
Таяқ
Жауабы: жер қаптырды
Мағынасы: алдап соқты.
Өзен
Жер
Тау
Жауабы: семіздікті қой көтереді
Семіз
Толық
Жуан
Қол
ауыз
Жауабы: қолы қимылдағанның аузы қимылдар
Аяқ
Құлақ
Бет
2- топқа арналған сызба:
Жауабы: ит өлген жер
Мағынасы: алыс, ұзақ, қашық
Мысық
Қасқыр
Түлкі
Жауабы: ағайынды қоңыр қаз
Мағынасы: қатар-құрбы, замандас адамдар
Ағайынды
Немере
Көрші
Жауабы: Сын түзелмей, мін түзелмейді
Дыбыс
Дауыс
Сын
Алтын көрсе, періште жолдан таяды.
Шайтан
Періште
құбыжық
6. Ойынның алтыншы бөлімі «Кім жылдам?» деп аталады. Сайыстың бұл түрінде әр топтың басшылары шарды үрлеу арқылы өздерінің сөздік қорларының қаншалықты көп екенін көрсетулері керек. Құрметті топ басшылары менің қойған сұрағыма синонимдік қатар жасау арқылы жауап бересіздер.
1 - топқа берілетін сөз: «Сіз мектепке не үшін келесіз?»
2 - топқа берілетін сөз: «Тамақты қалай ішесіз?»
Енді сайысымызға төрелік етіп отырған әділ- қазылар алқасына сөз берейік.
Әділ -қазылар алқасы сайыс жеңімпаздарын анықтап, марапаттайды.
Сайыс соңында дәстүрге сай жеңілген топ өз өнерін көрсетеді.
Сайысты қорытындылау.
«Кездесерде қуанамыз бәріміз,
Қоштасарда қиналады жанымыз.
Кездесу мен қоштасудың арасын,
Жалғастырып жатсын дәйім сағыныш.» дей отырып бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше күн нұрлы болғай,бай қуатты болыңыздар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып,жарқын болашақта, егеменді еліміздің еңселі ұрпақтарына сенім артып жүре берейік. Ең бастысы әрдайым бірге, әрқашан алда болайық достар. Сау болыңыздар!!!
Бекітемін:
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жұбаева
Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі
АШЫҚ ІС-ШАРА
Тақырыбы: «Тапқыр достар» сайысы
Класы:11
Дайындаған: Жаңабаев Темірбек Егізбайұлы
2015-2016 оқу жылы