7


  • Учителю
  • Ұлттар достастығы - Өзбек ұлты

Ұлттар достастығы - Өзбек ұлты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала




Ұлттар достастығы


Сынып жетекшісі Булеубаева Акзиба

Келдихановна


6 «а» сынып

Жармыш орта мектебі


Өзбекстан картасы





Ұлттық тағамдары

Палау



Ертеде ұлы қолбасшы Әмір Темір, сарбаздары тоқ болуы үшін данагөйлерге дәмді тағам әзірлеуді бұйырған екен. Сонда олар не жасаймыз деп ұзақ толғана келіп осы ұлттық тағам палауды ойлап тауыпты. Палау аса жұғымды тағам.

Ас үйде


Палаудың 200-ге жуық түрі белгілі. Тіпті кейбір мәзірлерде картоп, тауық жұмыртқасы мен жеміс-жидектер секілді күтпеген қоспалар да кездеседі. Алайда кулинариялық ізденістің қандай түрі болмасын, күрішсіз ешқандай палау жасалмайды. Ибрагим аспаз ЛазАрь деп аталатын айырықша сұрыбын қолданады. Дәндері аппақ, қуырған кезде көлемі ұлғаймайды және үгітіліп кетпейді.

Алдымен сәбізді ұсақтап жіңішкелеп тураймыз. Өзбекстанда палауды әдетте ер адамдар дайындайды.

Палау - Өзбекстандағы басты мерекелік тағам. Үлкен тойларда аспаздар көшедегі дәу қазандарға жүздеген килограмм күріш салып палау дайындайды

Өзбекстанда үйлену тойларында тазалау, тураумен тек ерлер ғана айналысады. Бір күні жиналады да сәбіз тазалайды, ақсақалдар сәбізді турап, дайындайды.

БҰЛ КЕЗДЕ ӘЙЕЛДЕР НЕ ІСТЕЙДІ? Әйелдер үйді тазалайды, дастархан әзірлейді.

Кәдімгі көк пиязды жарты шеңбер түрінде жіңішкелеп кесеміз. Қазанға салғанда жылдам еріп кетуі үшін құйрық майды да ұсақтап тураймыз.

Құйрық май әбден қуырылып түсі сарғыш тартқаннан кейін сабы ұзын майшолпымен қазаннан сүзіп аламыз. Сүзгінің сабы ұзын болмаса аспаз қолын күйдіріп алуы мүмкін. Айтпақшы, қуырылған майдың өзін де бекерге тастамай, үстелге қояды. Енді шемішке майын құямыз. Қазанға ет салынады. Дәмі тіл үйіретіндей болып әбден қуырылуы үшін аспаз қызған майға алдымен еті бар сүйектерді салуға кеңес береді. Тұз себеміз. Еті аздап қуырылды, енді пияз саламыз. Жақсылап тұрып қуырамыз. Сәбіздің жартысын жақсылап қуыруға болады. Екінші бөлігін сәл кейінірек саламыз. Сәбіздің бір бөлігін осылай қуырмай салсаңыз, палау да дастарханда тұрғанда әдемі көрінетін болады. Оған қоса тағамның дәмі де бұзылмай сақталады. Өйткені көкөністің жартысы қуырылды ғой. Енді су құямыз. Жайлап құю керек. Бұдан кейін отты бәсеңдетеді де, қазанға бұршақты салады. Бұл бұршақтың «нохот» деген ерекше сұрыбы. Оның кәдімгі бұршақтан пішіні өзгеше. Өзбек палауына тән қоспаны аспаз алдын ала 6 сағат бойы жылы суға салып қояды. Келесі кезекте қазанға мейіз бен кептірілген барбарис салынады. Жемістерді тағамның дәл ортасына сепкеннен кейін оны қыш тәрелкемен жауып қойды. Тағам шамамен 40 минуттай уақыт бойы осылай тұрады. 40 минут қайнағаннан кейін жуылған күрішті саламыз. Ибрагим күрішті алдымен жақсылап жуды да 40 минут бойы тұзды жылы суға салып қойды. Аспаз күрішті біркелкі тегістегеннен кейін оған салынған жеміс-көкөністерді араластырмаған күйі қазанды тағы да 20 минут қайнатады.

Ас мәзірі

Палау

Қой еті - 1,5 кг.

Құйрық май - 250 гр.

Күріш - 1 кг.

Сәбіз - 1,5 кг.

Көк пияз - 500 гр.

Бұршақ - 50 гр.

Мейіз - 50 гр.

Кептірілген барбарис - 10 гр.

Өсімдік майы - 200 гр.

Тұз.

Бұрыш.


ӨЗБЕК АСХАНАСЫ-БАЙ АСХАНА


Дәмләмә



Міндетті түрде қазанға жасалынатын тағам. Молдау қылып май құйып, оған жуаны аздап қуырамыз. Ет төртбұрыштап турап /әркім өзіне ыңғайлы қылып турауға болады/, онын бетіне сәбіз /тазартылған сәбізді жіңішке дөңгелетіп турап/, араластырмаймыз. Оның бетіне картоп ірі қылып тураймыз, осы жерде тұз сеуіп, бұрыш салып кетеміз. Одан соң помидор, оның бетіне тәттібұрыш саламыз. Лавр жапырағын қосып жібереміз. Ең бетін капустанын қабығымен тұмшалап жауып тастаймыз. Тұз сеуіп , бұрыш саламыз тағы да. Мөлшеріне қарай кішкене су қосамыз.
Осыны қозғамай, ашпай, жыбырламай 1 сағат жәй отта ұстаймыз.
Дайын болған тағамды үлкен ыдысқа қазанымен төңкеріп түсіреміз. сол кезде капуста, бұрыштары астында қалады да, ең бетінде еті тұрады. Жынды тамақ қой, мен мықты жақсы көремін осыны.
Астарын дәмді болсын!

Ақшасы-сум







Өзбектер-ойын-сауықты,той-думанды, ән мен жырды жақсы көретін

сауықшыл халық



Қолөнері: Өзбек-шебер халық



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал