7


  • Учителю
  • Ұстазым -ұлағатым ізгі өнегем

Ұстазым -ұлағатым ізгі өнегем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Ұстазым-ұлы тұлға

Мақсаты: Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге, үлгі тұта білуге ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білугеүйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахна мерекелік кешке арналып безендірілген. Ұстаз туралы ұлағатты ой, қанатты сөздер жазылған, суреттер, көрме т.б.

«Ұстазым» әні шырқалып тұрады.

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар! Қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын ерекше мереке - ұстаздар мерекесі құтты болсын!

Үйретіп алғаш бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді

Адамның ой-арманы, мақсаттары

Оқушың сәулесімен жарық көрді

Қадірлі ұстаздар, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,

Зердесін болашақтың зерлеткендер

Қадірлі ұстаздарға арналған «Ұстазым - ұлағатым, үлгі -өнегем !» - атты кешімізді бастаймыз.

Өнерпаздар жарысып сан-салалы,

Жиын десе, той десе жан салады

Кешіміздің ашылу құрметіне

Әуелеген әсем ән жолданады.

Жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елісіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Ұстаздарға арналған тілегіңіз.

Ұстаздарды құттықтау сөз мектебіміздің директоры м а Иманалиева Маншук Алтайқызына беріледі.

Жүргізуші: Рахмет, Маншук Алтайқызына кешімізді әрі қарай жалғастырамыз.

«Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, білім нәрімен сусындатып, жүрген ұстаздарды ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтап, сіздерге музыкалық сәлемімізді жолдаймыз.

1-оқушы: Ұстаз! Ұстаздық - ұлы іс!

2-оқушы: Ұстаздық ету - өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

3-оқушы: Ой… жарық дүниеде бұдан асқан қиямет-қайым жоқ шығар.

4-оқушы: Патшалық құру - ұстаздық етуден он есе жеңіл.

5-оқушы: Ұстаздық - ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді.

6-оқушы: Қысқасы, патшалық құру қандай рақат!

Ал ұстаздық ету бейнет.

7-оқушы: Ендеше, аяулы ұстаздар, «Бейнеттің де зейнеті бар»- деген екен аталарымыз.

Жүргізуші: Бүгін бәрін ұмытып, шәкірттеріңіздің алғысы мен құттықтауын қабыл алыңыздар.

1-оқушы:

Шәкірттерін мәпелеп, аялаған

Біздерден қол көмегін аямаған

Бүгінде ортамызда Ұстаздарым

Мектеп үшін еңбегін аямаған

2-оқушы:

Келешекті кезінде

Кесіп айтар өзіңе

Өнеге мол өзіңде

Өсиет көп сөзінде

Көп шәкіртің досындай

Апайларым осындай

3-оқушы: Еңбегін елі үшін аямаған,

Панаңда сан шәкіртің саялаған

Бүгінде бәйтерексіз бойы биік,

Маншүк апай шәкірттерін аялаған.

Жүргізуші: Жанары ізгілікке, қасиетке толы, жаны жайсаң қымбатты ұстаздар, мерекелеріңізбен құттықтай отырып,мына көрініске назар аударыныздар:

Ортаға екі оқушы шығады: біреуінің бойы ұзын, екіншісінің бойы қысқа. Бойы ұзын оқушы түзу, күтіммен өскен алма ағашының бейнесінде тұрады, бойы қысқа оқушы керісінше. Осы екі түрлі алма ағашының бейнесінде тұрған оқушылардың қасына екі оқушы келеді.



1-оқушы: Әсемай, мына ағаштар неге екі түрлі өскен?

2-оқушы: Соны да білмейсің бе? Біреуін суарып күткен, екіншісіне қарамаған.

1-оқушы: Ой, қойшы-ей, сонда тұрған не бар?

2-оқушы: Жоқ, Әсел адам да сол сияқты.

1-оқушы: Шын ба? Қалайша?

2-оқушы: Адамды тәрбиелеп баптасаң, білім берсең, қатесі болса түзетсең, ол да түзу, әдемі боп өседі. Нанбасаң апайлардан сұрашы.

Оқушылар бәрі: Мұғалім, шын ба?

Айтсаңдаршы!

Мұғалімдер:Шын, солай дұрыс…

Жүргізуші: Ендеше, бұл алма ағашын ұстаздарымызға апарып берейік.

Ұстаздар! Шынында да қисайғанды түзеп, солғанға нәр беріп, төзімділікпен еңбек етіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор-ау. Сіздерге рақмет айтып, мақтан тұтамыз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз, егеменді еліміздің азаматы боламыз деп сенім білдіреміз.

Жүргізуші:

Мөлдір бұлақ сылдырлаған суымен,

Ормандарың шулап жатыр нуымен

Ал баланың тәрбиесін беретін,

Құттықтаймыз, ұстаздар мерекенің шарықтаған күнімен.

Балжан

«Білім» десе бойымызда тұрар күш,

Шәкірттері шеттерінен тіл алғыш

Талай рет тентектікті кешірген

Қазына апай өзіңізге мың алғыс.



Әділбек

Ақыл-кеңес көп онда ұққанға,

Ардың туын асқақ ұстап шықты алға

Ана тілін ардақтауды үйреткен

Мың рахмет Асылбек мұғалімге.

Мұхаметжан

Алабөтен айрықша еді талғамың

Алғыс пенен абырой боп алғаның,

Орыс тілдің аралатқан орманын

Орны бөлек Айгул апай мен Ғалия апайдын

Жүргізуші: Ұстаздарымызға мықты денсаулық, табысты еңбек тілей отырып, 5 «В» сынып оқушыларының орындауында «Мектебім» әні

Жүргізуші: О, ұстаздар, басымды ием сіздерге,

Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде,

Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз

Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде

Нұржанат

Теңейміз біз оны кейде жұлдызға

Үлгі тұтып, келешек жас ұл-қызға

Дүние жүзінің тарихын жаттатқан

Жан жете ме Назира ұстазға.

Қажымұхан

Замира мұғалім көп ойлаушы бала қамын,

Нұрланып атар іспен әрбір таңы

Баланы жадыратқан күн секілді

Баланы аялаған алақаны.



Жүргізуші:

Ұрпақтан өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады

Хор «Аяулы ұстазым»

Құрметті Ұстаздар! Осымен сіздерге арналған мерекеміз аяқталады. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.



</









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал