- Учителю
- Ашык тарбие сагаты, зияткерлик сайыс
Ашык тарбие сагаты, зияткерлик сайыс
Тақырыбы: «Білімді болсаң, бақ сына»
Мақсаты: Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.
Түрі: Топтық сайыс
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)
2. Кіріспе бөлім.
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда, ойынымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. - дей отырып, « Білімді болсаң, бақ сына!» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз.
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар -
Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Бөлімдермен таныстырып өтейін:
1 кезең - Таныстыру
2 кезең -"Кім көп біледі?"
3 кезең -"Тіл-өнер"
4 кезең -"Өз өнеріңді көрсет"
5 кезең -"Бәйге"
6 кезең -"Тұлғаны тани біл"
7 кезең «Тіл ұстарту»
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.
І - кезең: Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ - топ аты, топ ұранын, сәлемдесуімен таныстырады, әр топта 5 оқушыдан қатысады)
1топ «Алғырлар»
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
2-топ. «Тапқырлар»
Ұраны: Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
ІІ - кезең: «Кім көп біледі?».
Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.
Әр топқа берілген 10 сұраққа жауап беру.
Алғырлар тобына:
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
-
«Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы? (Ы.Алтынсарин)
-
Басты байлық? (Денсаулық)
-
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 ж 16 желтоқсан)
-
«Көксерек» кімнің әңгімесі? (М.Әуезов)
-
а+37 бұл қандай өрнек? (Әріпті өрнек)
-
Жеміс неден пайда болады? (Тұқымнан)
-
Құстар қалай көбейеді? (Жұмыртқа салу арқылы)
-
Нені «Қара алтын»деп атаймыз? (мұнай)
-
Абылайдың шын аты? (Әбілмансұр)
Тапқырлар тобына:
-
Қазақ хрестоматиясын кім жазды? (Ы. Алтынсарин)
-
Абай Крыловтан қандай мысал аударды? («Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі»)
-
«Алып бала» кім туралы? (Қажымұқан)
-
Ұя салмайтын құс? (көкек)
-
Орман «дәрігері»? (тоқылдақ)
-
Қазақша жылдың басы? (Тышқан)
-
Абайдың әжесі? (Зере)
-
Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал? (Компас)
-
Бір өркешті түйе? (нар)
-
Ләззат Асанова кім? (Желтоқсан батыры)
ІІІ- кезең: «Тіл - өнер»
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.
Алғырлар тобына:
-
Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі? (көктем - весна)
-
Жүз теңгең болғанша, жүз .... досың болсын (дос-друг)
-
Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (Кітап - книга)
-
Ұшқан ..., жүгірген аң (құс - птица)
-
Жеті қазынаның бірі, адамның досы? (Ит-собака)
Тапқырлар тобына:
-
Шағын мемлекет? (Отбасы-семья)
-
Футболшының алаңдағы ойын заты? (Доп-мячь)
-
Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты? (Қарбыз - арбуз)
-
Жыл-жылт еткен,
Жылғадан өткен (Су - вода)
-
... - қорқақ,
Қол - батыр (Көз - глаза)
ІV - кезең «Өз өнеріңді көрсет» Әр топ өздерінің дайындап келген өнерлерін көрсетеді.
V - кезең «Бәйге».
Алғырлар тобына:
-
Қазақ билерін ата: (Қазыбек, Төле, Әйтеке билер)
-
Әнұранның әнін жазған кім? (Ш. Қалдаяқов)
-
Етістік дегеніміз не?
-
Жеті атаны ата: (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
-
Киіз үйдің есігі қалай аталады? (Сықырлауық)
-
12*5 нешеге тең? (60)
-
Ені 2 см, ұзындығы 16 см тіктөртбұрыштың ауданын тап? (36 см кв)
-
100 жыл (Ғасыр)
-
Қыс айларын ата (Желтоқсан, қаңтар, ақпан)
-
Табиғатта су неше күйде кездеседі? (үш күйде)
Тапқырлар тобына:
-
Жаз бен күзде неше ай бар? (6 ай)
-
5 дм неше см - ге тең? (50см)
-
120 минутта неше сағат бар? (2 сағат)
-
Сын есім дегеніміз не?
-
Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады? (Бастауыш пен баяндауыш)
-
Шаршының бір қабырғасы 2 см, периметрі қанша? (8 см)
-
Қазақтың ұлттық ойындарын ата (Ақсүйек, көкпар, алтыбақан)
-
Ең кіші екі таңбалы санды ата ? (11)
-
2 апта 4 күнде - неше күн бар? (18 күн)
-
Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер? (Т.Әубәкіров)
VІ - кезең «Тұлғаны тани біл»
Роза Рымбаева, Илья Ильин, Шәмші Қалдаяқов, Әлия Молдағұлова
VІІ - кезең «Тіл ұстарту» Әр топ білім, ғылым, өнер туралы өлең шумақтарын шығару. Осы кезде 3 «А»-сынып қыздары үнді биін билейді.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың - дей отырып, оқушылар сайыстың ақ пен қарасын шешетін кезеңде келіп жетті. Жеңіске жеткен топты білу үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Олай болса, ұщқыр ойдың серіктері білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже екен. Осы жақсы қасиеттерді бойларыңа қалыптастырыңдар, жақсы азамат, азаматша болып өсіңдер демекпін.
Ән «Ұстазым»
Келесі кездескенше аман болайық!