7


  • Учителю
  • Тәрбие шарасы. Тақырыбы: 'Жігіт сұлтаны' 2 сынып

Тәрбие шарасы. Тақырыбы: 'Жігіт сұлтаны' 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тәрбие сағаты: "Жігіт сұлтаны" 2-сыныпМақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін ж
предварительный просмотр материала


Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Шортанбай орта мектебі






Тақырыбы: Жігіт сұлтаны

Сыныбы: 2 а

Сынып жетекшісі: Карасаева Румия Тулешовна

2014-2015 оқу жылы

Тәрбие сағаты: "Жігіт сұлтаны" 2-сынып


Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 - сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы сегіз жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

Сайысымыз ҮІ кезеңнен тұрады.

  1. кезең Таныстыру.

Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.
1. Қуантады білімімен бізді Мансур
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

2. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Орынбасар
Көрінген күштің басынын

3. Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын ол біздің Илияс

4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Әділет

5. Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей
Ол біздің Аян

6. Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан біздің Расул

7. Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген

Ол біздің Әлихан мен Азат

Ақыл-көркі бойларында жетеді

Әлі талай сынақтардан өтеді

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді.

Ортаға шыққан ұлдарымызға жеребе арқылы өз нөмерлерін ұсынамыз.
Енді өздерін таныстырады.

ІІ кезең: Үй тапсырмасы: «Қол өнері»

Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата - баба салтынын
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан.

Өздеріне ұнаған заттарды жасап, оны таныстыру.

ІІІ кезең : «Ой толғау» кезеңі.
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар


«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.

1.Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?

І.Жылқы-құлын

ІІ.Сиыр-бұзау

ІІІ.Қой-қозы

ІҮ.Ешкі-лақ

2. Түйенің сүтін ата.

Шұбат

3. Жыртқыш құстардың атын ата

Бүркіт,лашын,қыран,қырғи

4. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

Алтыбақан,асық ату,қыз қуу,аударыспақ

5. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам

Наурыз көже

6.Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?

1.Түйе-Ойсылқара

2.Жылқы-Қамбар ата

3.Сиыр-Зеңгі баба

4.Қой-Шопан ата

5.Ешкі-Шек-шеката

7.Қазақша апта аттарын ата

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Жексенбі


8.Қазақша ай аттарын ата

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

ІҮкезең: «Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар»

Мақал-мәтелдер айтып жарысады.

Ү кезең:Өнер көрсету.
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында - кезекті өнер сайысына берейік.

ҮІ кезең:Спорт сайысы.

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай,-демекші,енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.

Спорт сайысы:1.Білек күшін сынау.

Қорытынды

Мұғалім:Бүгінгі сұлтандарымыз,нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті.Әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңа нұр жаусын дейміз.Өздеріңізбен бірге өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысымыз осымен аяқталды.Ұлдарымыз:1. «Өнерлі жігіт»,2. «Білімді жігіт», 3. «Ақылды жігіт»,4. «Сымбатты жігіт»,5. «Дарынды жігіт», 6 «Жігерлі жігіт»,7. «Шебер жігіт»,8. «Ақындық өнері бар жігіт» атағымен марапатталады.

Ендігі сөз кезегін мектеп әкімшілігі мен ата-аналарға береміз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал