- Учителю
- 'Тіл мерекесі' - сайыс сабағы (1-4 сынып)
'Тіл мерекесі' - сайыс сабағы (1-4 сынып)
1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар. Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Басымды иіп,
Тіземді бүгіп тұрып,
Ажарымды айдындай шуақ тұнып.
Отанымды сүйемін күліп тұрып,
Отанымды сүйемін жылап тұрып.
2-жүргізуші: 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі.
1-жүргізуші: Қазақстанда қазіргі таңда 140-қа жуық ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы - туған тілі болып саналады.
2-жүргізуші: Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар «Тіл мерекесіне арналған» «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Сіздердің алдарыңызда әртүрлі ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетеді.
1-жүргізуші
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. «Ынтымақ елдікке жеткізеді, Береке бірлікке жеткізеді».
Бүгінгі кешіміз сайыс түрінде өткізіледі.
Әрбір ұлттың гимнінің ( қазақ. орыс, кәріс, азербайджан т.б. ) бір шумағы орындалады
2-жүргізуші
Әділдікпен баға берер ұлттарға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Әділ қазы алқаларын сайлайық
Өнерліні таңдап бүгін алуға
(әділ қазылар құрамы аталады)
1-жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп.
Таныстырып өздерін өтсе деймін, -дей келе кезекті таныстыруға берсек.
2-жүргізуші
Бүгін бізде дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Бүгінгі күн таныды әлем
Қазағымның кім екенін.
Мақтанышпен мен өзіңді
Ән етемін жыр етемін.- деп ортаға қазақ ұлтын шақырамыз (өздерін таныстырады)
1-жүргізуші
Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші
Біздің елде тұрады деп жүрейікші
Құрметті көрерменді тәнті еткен
Кәріс ұлтын қарсы алып көрейікші (өздерін таныстырады)
2-жүргізуші
Әзірбайжан біздің ұлтымыз
Биікке ұшу - мақсатпенен ойымыз
Біз бақытты тау елінің өрені
Бейбіт елде өмір сүрген халықпыз (өздерін таныстырады)
1-жүргізуші
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті
Ән бастайды өнермен
Орыс ұлты көрермен (өздерін таныстырады)
2-жүргізуші
Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде,
Алау болып жанамыз (Ән сайысы) кәріс, әзірбайжан, орыс, қазақ ұлттары
1-жүргізуші
Жүр барайық, ашайық ән арансын,
Жырау толғап домбырасын қолға алсын,
Дастархандар көзді тартып жайнасын,
Қыпша белді қыздар биден таймасын. (би сайысы)
2-жүргізуші
Кейінгіге мирас болды салт-дәстүрің
Ақтарылдың, ақ жарылдың, ашылдың.
Салт-дәстүрін дәріптеп өз ұлтымның
Көрсетемін, қастерлеп бүгінгі күн. (салт-дәстүр)
Ән: «Қазақ елі» барлық оқушылар сахнаға шығады. Шар лақтырады
Мереке соңында әділ қазы мүшелері сайыс қорытындысын хабарлап, оқушылар мен мұғалімдерге марапаттаулар табыстайды.