7


  • Учителю
  • Разработка открытого классного часа на тему: Отбасы- ұлт тірегі

Разработка открытого классного часа на тему: Отбасы- ұлт тірегі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Отбасы-ұлт тірегі» 26.11.2016

Сыныбы: 8 «А»

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға отбасы жөнінде түсінік беру, отбасы тірегі - бала екендігі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: ой-өрісін, жүйелі сөйлеуін, қиялын дамыту.

Тәрбиелік : білімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: АКТ, постер, маркер мен стикерлер мақалдар жазылған плакаттар, слайдтар.

Жұмыс түрлері: жаппай хабарлау, баяндау, түсіндіру, топпен жұмыс,

СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, пікіралысу.

Барысы.

І. Тренинг «Тез орында» (топқа бөліну ). «Ана», «Әке», «Бала».

  1. Амандасу топ аты, әнмен қорғау

ІІ .Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалімнің сөзі.Тәрбие сағатының мақсаты мен ерекшелігін айту.

Мұғалім сабаққа қатысу белсенділігін атап өтіп жүрек беру арқылы бағалап өтеді.Бағалау критерийлері бойынша жүзеге асады. Жиынтық баға қойылады.



ІІІ. 1. Ой қозғау: Топ бойынша Отбасы сөзіне кластер жасауды ұсыну.

2.Постер қорғау. Мағынаны ажырату.

Ой шақыру.

  • Мұғалім: Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

  • Отбасы үш тіректен тұрады: бала, ана ,әке.

Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар»,- дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы тікелей отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.

Баланың жақсысы-ата-ананың абыройы, ары.

Жаманы-қайғысы, азап- соры.

(В.Сухомлинский).

Баланың басты ұстазы-ата-анасы.Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасында әкеден-ақыл, шешеден- мейір алады.

Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспеттес.

Әке - асқар тау,

Ана - бұлақ,

Бала - құрақ.

IV. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы:

1. Анаңыздың туған күні?

2. Атаңыздың толық аты- жөні?

3. Әкеңіздің досы кім?

4. Сіңліңіз қандай өлшемлі аяқкиім киеді?

5 Әжеңіздің сүйікті асы қандай?

6. Ініңіз кеше қандай баға алды?

7. Анаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Әкеңіз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Әпкеңіз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

10. Ата-анаңыз еркелетіп қандай сөздер айтады?

11. Анаңыз ашуланғанда,ең алдымен қандай сөз айтады?

12. Жанұяда қандай дәстүр бар?

  1. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайды. «Атаның сөзі- ақылдың көзі»Мақал- мәтелдер сайысы ( үш топ өз атауларына сәйкес мақал айтады )

Әке-асқар тау.

әке көрген оқ жонар

Шеше көрген тон пішер.

Әке- балаға сыншы.

Әкесі құрдастың баласы құрдас.

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

Әкесін сыйламаған адамды баласы да сыйламайды.

Келесі бөлім Атасыз үй-батасыз, анасыз үй-панасыз.

Аталар туралы қандай мақал- мәтелдер білесіздер?

Аталы бала-ақылды,

Аналы бала-еркетай.

Ата-бәйтерек, бала- жапырақ.

Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер.

  1. Шығарма сайысы (Топбасшы сайысы .Шығарма-эссе «Менің отбасым», «Менің анам» , «Менің әкем»)

5.Жағдаяттарды шешу

- Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

«Баланы 5-ке дейін патшадай тәрбиеле,

15-ке дейін еңбекке құлындай тәрбиеле,

15-тен кейін ақылшың ретінде ұста» деген керемет ұлағатты нақыл бар.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің».

Жағдаяттарды талдау

1. Бала өте қатаң отбасында тәрбиеленді. Оған ата-анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, циркке де барып көрмеді. Ата-анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан бірауыз жылы сөз естімеді.

Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?

Сіз балаңызды осылай болып өскендігін қалайсыз ба?

2.Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам анасы болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.

Анасының іс-әрекеті дұрыс деп құптайсыз ба?

Баланың қандай құқығы бұзылды деп ойлайсыз?

3.Сіз жанұяда тұңғышсыз, сондықтан атаңыз бен әжеңіз бауырына басқан. Сабағың қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар әке- шешесіне әкеп тастады. Ал сіз тәрбиеге көнбейсіз. Ата- ана орнында болсаңдар не істер едіңдер?

6. «Туыстық атаулар» Викториналық сұрақтар

Ypім бұтақ- бip атадан тараған бала-шаға, ұрпак. Ата-баба- ата-тек, тұқым-тұяғы. Ұлы ата немесе баба - үлкен ата, арғы ата.

Ата- әкесінің әкесі.

Әже- әкесінің анасы, үлкен шеше.

Әке - балалы болған ер адам.

Ана - балалы болған әйел адам.

</ Көке- әкесі, кей жерде ағасын да көке дейді.

Апа- анасы, шешесі, өзімен бipгe туған жасы үлкен әйел затын да кейде осылай атайды.

Тәте- бipгe туған жасы үлкен қыз, әпке немесе кей жерлерде әке, аға.

Туысқан бауыр- бip атадан өрбіген ұрпақтар, туыстас, бауырлас адамдар.

Aғa- бipгe туған жасы үлкен ер адам.

Әпке- бipгe туған жасы үлкен әйел адам.

Іні- бipгe туған жасы кіші ер адам.

Қарындас- бipгe туған жасы кіші әйел адам.

Бала- ата-ананың перзенті, ұрпақ.

Немере- ата-ананың ұлынан туған баласы, атадан санағанда үшінші ұрпак.

Шөбере- төртінші ұрпақ, немереден туған бала.

Шөпшек- бeciншi ұрпақ, шөбереден туған бала.

Немене- алтыншы ұрпақ, шөпшектен туған бала.

Туажат- жетінші ұрпақ, неменеден туған бала.

Жүрежат- ceгізінші ұрпақ, туажаттан туған бала.

Жұрағат- тоғызыншы ұрпақ, жүрежаттан туған ба¬ла.

Жат жұрағат- оныншы ұрпақ, жұрағаттан туған ба¬ла.

Жекжат- жат жұрағаттан туған бала немесе туыс-ағайын, аталас, рулас.

Туыс, тума- бip атадан тараған онша жақын емес, аталас, ағайын- жұрт.

Бөле, қарын бөле- бipгe туған апалы-сіңілілердің балаларының бip-бipінe туыстық қатысы.

Жиен- тұрмысқа шыққан қыздан туған ұл мен қыз.

Жиеншар- жиеннен туған бала.

Жеңге- ағаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.

Жезде- туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.

Немере iнi- ағасының немесе iнісінің баласының ба¬ласы.

Немере қарындас- ағасының немесе інісінің баласының қызы.

Келін- ата-ана үшін баласының әйелі, жасы үлкен ағалары мен туған-туыскандар үшін інісінің әйелі.

Күйеу- қызды айттырған және алған жігіттің елше туыстық қатынасы.

Қайын жұрт- қыз бepiп, қыз алысқан екі елдің, қыз бен күйеуге жақындығын білдіретін сөз.

Құда- күйеу мен қалындықтың, ерлі зайыпты адамдардың аталары, әкелері, ағалары, туған-туыстары бip-бірінe құда болып есептеледі.

Қайын ата- ерлі зайыптылардың epiнің әкeci- зайыбына, зайыбынын әкесі- ерше қайын ата болады.

Құдағи- күйеу мен қалындықтың, ерлі-зайыптылардың шешелері немесе әжелері (құдандал адамдардың әйелдері.

Қайын ене немесе ене- ерлі зайыптылардың туған шешелері оларға туыстык қатынасы.

Құда бала- құдасының баласы (ұлы).

Қайынаға- ерлі-зайыптылардың ер ағасы- зай¬ыбына, зайыбының ағасы ерше қайынаға болады.

Қайын апа- күйеуінің әпкелері.

Қайын бике- зайыбының туған әпкесі еріне қайын бике болады.

Қайын інi, қайны- күйеуінің iнісі- әйелше қайын болады.

Қайын ciңілі- күйеуінің қарындастарының әйелше туыстық қатынасы.

Балдыз- әйелінің жасы кішi туыстары ерше балдыз болады.

Бажа- апалы-сіңілі қыздарға үйленген адамдар бip-бipiнe бажа болады.

Құдаша- ерлі-зайыпты адамдардың жасы кішi әйел туыстары, құдандалы адамдардың қыздары бip-бipiнe құдаша болып есептеледі.

Абысын, абысын-ажын - туыс, ағайын адамдар әйелдерінің бip-бірінe туыстық қатынасы.

Төркін - тұрмысқа шыққан қыздың туған-туысқаны, ел-жұрты.



7.Тосынсый «Әке мен сізді жақсы көремін» Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. Әке-шешесі:

- Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.

- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, - депті баласы. «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе?

8.Жинақтау

«Мен үшін отбасы...» деген сөйлемді аяқтау

Оқушылар стикерді ала отырып ой-қорытынды жасау

Рефлекция. Стикерлерге өздерінің ойларын жазады, «Тілек» ағашына іледі.

Мұғалім: Ата-анаға естелік..

Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын,

Бар тілекті арнайтын балаңызға

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.























№ 47 орта мектеп









Тәрбие сағаты











Тақырыбы: «Отбасы - ұлт тірегі»

















Сыныбы: 8 «А»









Сынып жетекшісі: Бердибекова А.Т

























Тараз қаласы







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал