- Учителю
- ' Ұстаздарға- мың алғыс' іс-шара
' Ұстаздарға- мың алғыс' іс-шара
Ұстаз күніне арналған сценарий
1-ЖҮР: « Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы мұғалімдер мерекесін қалай қызықты өткізсек болады?
2- ЖҮР: Еліміздің, шет елдің жұлдыздарын шақырсақ қой... Мұғалімдердің барлығы риза болар еді...
1-ЖҮР: Оның бәрі қаражатқа келіп тіреледі ғой.
2-ЖҮР: Мынау не? Құмыра емес пе? / сахнада көне құмыра жатады/
1-ЖҮР: Иә, мынау көне ғасырдың құмырасы ғой. Қайдан келді мұнда, егесі кім болды екен?
2-ЖҮР: қарайықшы, сыртында жазу жоқ па екен?
1-ЖҮР: Қай ғасырдікі болды екен?/ сыртын ысқылап көреді. Осы кезде сиқыршы жын сахнаға шығады/
СИҚЫРШЫ ЖЫН: Не бұйырасыз, қожайын? / жүргізушілер сиқыршы жыннан шошып кетеді/
2- ЖҮР: сіз сиқыршы жын боласыз ба?
СИҚЫРШЫ ЖЫН:Иә, мен сиқыршы жын боламын. Енді менің қожайыным сендерсіңдер! Не бұйырасыңдар? Барлық тілектеррріңіз орындалады.
1-ЖҮР: Не істейміз?
2-ЖҮР: Қандай тілек айтсақ екен?
1-ЖҮР: Вилла, мықты машина, пора-пора ақша, шет елге жолдама сұрасақ қайтеді?
2-ЖҮР: Арман деген көп қой.. Адамның көзі ешқашан дүниеге тойған емес. Одан да мұғалімдер күніне керемет сценарий сұрасақ қайтеді?
1-ЖҮР: дұрыс айтасың! Болды, келістік.
2-ЖҮР: Сиқыршы жын, біз « Горное негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесінің оқушыларымыз. Бүгін біздің ұстаздарымыздың мерекесі. Бізге жақсы сценарий керек.
СИҚЫРШЫ ЖЫН: Құп болады, қожайын. / сиқыршы жын сахнадан шығып кетеді де сценарий алып келеді/
-
Міне мынау- сценарий. Залда ұстаздарыңыз толып отыр.
-
ЖҮР-лер: рахмет, сиқыршы жын.
СИҚЫРШЫ ЖЫН:Мен енді барайын. Егер мен керек болсам, құмыраның сыртын ысқалаңдар, лезде пайда боламын./ сиқыршы жын шығып кетеді/
2- ЖҮР: Құмыра тауып алғанымыз қандай жақсы болды. Ал сценарийді ашып көрейік те, концертімізді бастайық.
1- ЖҮР: Иә, ұстаздарымыз да күтіп қалды.
2- ЖҮР: Мұғалім! Бұл- адамның ардақты аты,
Білімділік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты.
-
ЖҮР: Жаса сен қай жағдайда, қай заманда,
әрдайым міндеттісің бір адамға.
Былайғы жақын түгіл, оның орнын
Көрген жоқ басып туған ата-ана да.
2-ЖҮР: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біздің мектебімізде тамаша мереке аталып өтілмекші. Ол- біздің аяулы ұстаздарымыздың мерекесі.
1-ЖҮР: аяулы ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын!
2-ЖҮР: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да
1-ЖҮР: егін салған диқан да, мал бағып, терін төккен шопан да- бәрі-бәрі ұстадан білім алған, тәлім алған, сондықтан да ұлағатты ұстаздар, Сіздерге бүкіл адамзат баласы құрметпен бас иеді!
2-ЖҮР: Құрметті ұстаздар, біз сіздерден үлгі-өнеге аламыз. Сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз.
1-ЖҮР: Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ықылас- ынта қойып тыңдап, пән атаулыны зер салып оқып, үйреніп жүрміз. Сіздерге алғысымыз шексіз!
2-ЖҮР: Ал енді мерекелік ән шашуды қабыл алыңыздар!
1- ЖҮР: Бәрі де сіздерге арналады!
Ортаға 5-6 сынып шақырайық / стихи, песня/----------------------------------
1- ЖҮР: ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар.
Бірі- сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң- ұстаз деген данаң бар.
2ЖҮР:Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен дирижер боп күлімдей.
Флешмоб-8сынып
1ЖҮР;Ал,енді аяулы ұстаздарымызды ортаға шақырып,бір ойын ойнап жіберсек қайтеді?
2ЖҮР:Ойында жеңіспаз атанған ұстаздарымызға сыйлық керек қой.Оны қайдан аламыз?
1ЖҮР:Сиқыршы жын бар емес пе?Жынды шақырайық../ бірақ жын шықпайды. Сол кезде 2- жүр-нің ұялы телефоны шырылдайды. Қоңырау соғып тұрған сиқыршы жын болады/
2ЖҮР: алло, бұл кім екен?
СИҚЫРШЫ ЖЫН: Бұл мен ғой, сиқыршы жын. Мені неге іздедіңдер?
-
ЖҮР: Біз мұғалімдерді ортаға шақырып, ойын ойнатайын деп едік. Ойынға қатысқан мұғалімдерге сыйлық керек болып тұр.
СИҚЫРШЫ ЖЫН; Құп болады, қожайын. Лезде дайын болады. / осы кезде Сиқыршы жын сыйлықтарды әкеп береді. Екі жүргізуші ортаға ойынға қатысатын ұстаздарды шақырып, белдеріне орамал байлап, ойынның шартын түсіндіреді/
1- ЖҮР: Құрметті ұстаздар, « ұстаз деген сегіз қырлы, бір сырлы» болады дейді, яғни,әнші де, биші де, актер де. Сіздер қазір үнді биін билейсіздер. Тамаша билеген мұғалім сиқыршы жынның сыйлығына ие болады./ ойын соңында жүр- лер жақсы билеген мұғалімді залдың көмегімен анықтап, сыйлық береді/
2-ЖҮР: кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін?
1-ЖҮР: Ұғатын кім үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол ұстаздар деп білемін.
Ұстаздарымызды ортамызға алып билеу үшін бишілер шақырсақ қайтеді? Мысалы Азербайжанның атақты «» тобын.
2-ЖҮР: Нұр үстіне нұр болар еді. Сиқыршы жынға қонырау шалайық.
1- ЖҮР: Алло, сиқыршы жын, біздің ұстаздарымызға азербайжанның «» тобы өнер көрсетсе екен.
СИҚЫРШЫ ЖЫН: Құп болады, қожайын. Алдарыңызда « Алма» тобы / азербайжан биі/
2-ЖҮР: Ғасырлар мен дәуірлер бәрі өтеді,
Әрбір ұрпақ есімін ән етеді
1-ЖҮР:Ұстаз деген ұлы есім ұғынғанға,
Бала шақ пен болашақ дәнекері.
ӘН« Мектебім» орындайды / 9 сынып оқушылары/
2-ЖҮР: Енді « қазақ биін» тамашалағымыз келіп тұр. Сиқыршы жынды шақырсақ қайтеді?
1-ЖҮР: Шақырайық. / сиқыршыжын келеді/
СИҚЫРШЫ ЖЫН: Не бұйырасыз, қожайын? Құп болады, биді тамашалаңыздар. /ҚАЗАҚ БИ / 5 сынып
1-ЖҮР: Бүлдіршін гүл іспеттес жайнап тұрған,
Көзі нұр, жүрегі от лаулап тұрған.
2-ЖҮР: Ұстаз да гүлді күтіп, баптаушы ғой,
Қопсытып қорек беріп, суын құйған.
ӘН«Ұстазым» орындайды. / 7 сынып/
2-ЖҮР: Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса, қуанады баладай.
1-ЖҮР: Түсе қалса қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.
2-ЖҮР: Айдана, « Шаншар», « Бауыржан шоу», « Шымкент шоу» сияқты театрлардан әртістер шақырып, ұстаздарымызға көрініс қойсақ қайтеді?
1-ЖҮР: Онда сиқыршы жынды шақырайық. / жүр-лер ысқылап, сиқыршы жынды шақырады/
СИҚЫРШЫ ЖЫН: Құп болады. Алдарыңызда « Күлкі шоу» әртістері. «
» көрінісін тамашалаңыздар.
ӘН: « Айғолек» Кайранасова Наргиз
1- ЖҮР: Кешіміз де соңына таяп қалды. Ұстаздарымызға гүл ұсынсақ артық артық болмас еді. / гүл, сыйлықтар тарту етіледі/
2-ЖҮР: Құтты болсын, ұстаздарым, мерекең,
Артсын сенің абыройың, берекең.
1-ЖҮР: Осы күні ұлы тойды тойладық,
Қуанышты, ұзақ болсын мерекең!
2-ЖҮР: білім берген біздерге
1-Ж:Р: Рахмет, сіздерге!
2-ЖҮР: Ардақты ұстаздарымызды кәсіби мерекесімен құттықтау үшін ортаға мектеп директорын шақырамыз.