7


  • Учителю
  • Ашық сабақ «Есірткі-адамның қасы, аурудың басы»

Ашық сабақ «Есірткі-адамның қасы, аурудың басы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы 8 в

Күні 05.12.2014

Сабақтың тақырыбы

«Есірткі-адамның қасы, аурудың басы»

Мақсаты

Білімділік: «Есірткі-адамның қасы, аурудың басы» екендігін, есірткіден бас тарту жолдарын білуге үйретіп, алдын алу жолдарын қарастыру.

Дамытушылық: Ойын элементтерін пайдалана отырып, жылдам ойлау алу, тапқырлық, білгірлік, алғырлық таныту, есте сақтау қасиеттерін жетілдіріп , ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды достық ұйымшылдық, ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, есірткімен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер


1.Есірткі адам өміріне қажет еместігін түсінеді. Барлығы

2.Өмірде күрделі шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды. Көпшілігі

3. Әңгіме құрастырады, өз пікірін айтады, көрініс құра алады, актерлық шеберліктерін шыңдайды, алған білімінің құндылығын анықтайды. Барлығы

Керекті жабдықтар


Презентация, интерактивті тақта, видеоролик, интернет материалдары, ситуациялық сұрақтар жазылған парақтар.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер


«Ойлан,бірік, бөліс», «бірге ойлаймыз», сыни тұрғысынынан ойлау элементтері

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақы

ты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


3 мин

І . Ұйымдастыру бөлімі

Сыныппен амандасамын. Сыныпты қима қағаздар арқылы үш топқа бөлемін.

Сәлемдеседі. Үш топқа бөлініп отырады.

Тұсаукесер

2 мин

Қызығушылығын ояту (Видеоролик көрсету)


Оқушылар видеороликті қарайды.


Негізгі бөлім

30 мин

ІІ. Мағынаны ашу

Оқушыларға үш түрлі сұрақтар беру.

1 топ: Видеороликтегі кейіпкердің ойы


2 топ: Видеороликтегі кейіпкердің жанұясының ойы


3 топ: Бұл жағдайға қандай қорытынды жасауға болады?


Әр жауапты мадақтап, ынталандырып отырамын.


Ия балалар, дұрыс айтасындар. Ал енді айта қойындаршы, есірткіні тұтыну себептері неде?

Ой қозғаймын. Оқушылардың ойларын тиянақтап, қорытындылаймын.

  • Әуестік

  • Бейтаныс күшті сезімге бөленуді қалау

  • Зерігу, бос уақытты қызықты өткізе алмау

  • Жандүниенің күйзелісі: бақытсыздықты сезіну,өміріне қанағаттанбау, күйзеліс, қорқыныш

  • Өзіне сенімді болмау, өзін ересек, тәуелсіз екенін көрсетуге тырысу

  • Ортада бір-біріне еліктеу

Осылардың барлығын болдырмау үшін не істеу керек?

Әрине бас тарту керек! Бас тартудың әдістерін өздерініз топ болып бірігіп көрсетіңдер.

Көріністер:


  1. Сыпайы түрде бас тарту

1 топ: Аян мен Сержан - мектеп кезіндегі достар. Көп жылдардан кейін олар кездесіп, көрісті. Аян Сержанды қонаққа шақырып, кештін ортасында, Аян: «Тұтынғын келе ме?»деп анаша ұсынды, сонда Сержан «Жоқ, рахмет» деп жауап берді де, жөніне жүре берді.

2. Әңгімені басқа жаққа бұру

Жаңадан танысқан екі студент сыныпта қалып қойып, сабаққа біраз дайындалғаннан кейін, біреуі екіншісіне «Кел, рахаттанайық?» деп анаша ұсынды, онда екіншісі «Сен естідің бе, бұл не екенін?.. мысалы футбол тарихында ең ұзақ ойын 36 сағатқа созылған» деп қасындағысының назарын басқа жаққа аударған.

3.Бас тартудың себебін түсіндіру

Кепка киген, үстінде футболкасы бар ересек бала жанжағына қарап алып, көшеде кетіп бара жатқан кішкене баланы шақырады. Бала оған тақалып: не айтасыз? дейді. Кепка киген бала: «»Шегесін бе?»деді. Сонда бала: «Жоқ, рахмет, маған денаулық керек»деп жауап берді.

Және де

  • Есірткі тұтынатын және таратылатын орындардан аулақ болу

  • Қызығушылық танытпау. Есірткіні ұсынып жатса- көніл аудармай өтіп кету

  • Есірткіні тұтынбайтын адамдармен араласу

керек.

Оқушылар видеороликті үш топта талдайды.

Әр топ өз ойларын ортаға салады, қорғайды.

  1. топ оқушылары бірігіп, видеороликтегі кейіпкердің атынан оз ойларын білдіреді, ол қандай күй кешіп жүр, дұрыс-бұрыстығын айтады.

  2. топ оқушылары кейіпкердің жанұясының ойын айтады.

3-топ оқушылары осы видеороликтің мән-мағынасын ашып, нақты қорытынды жасайды.


Оқушылар бар білгендерін айтады

Бас тарту керек деп жауап береді

(оқушылар шағын көрініс жасап, бас тартудың әдістерін көрсетеді)


Топпен тапсырманы бірігіп орындайды, талантты оқушылар жетекшілік етеді.

Дарынды және талантты оқушылар білімін бекітеді, қалған оқушылар солардың көмегі арқылы тақырыпты пысықтайды.

Қорытын

ды

2 мин


1 мин


2 мин

ІІІ. Толғаныс.

Видеоролик қарау


Рефлексия

Алдарыңдағы стикерлердің қызыл түстісіне, сабақта не ұнады, көгіне не ұнамады, не түсініксіз болды жаза қойыңыз..

Топ оқушылары видеоролик бойынша өз ойларын ортаға салады

Алдарыңдағы стикерлердің қызыл түстісіне, сабақта не ұнағанын, көгіне не ұнамағанын, не түсініксіз болғанын жазады, тақтаға іліп кетеді.

№30 орта жалпы білім беретін мектеп





Тақырыбы: «Есірткі-адамның қасы, аурудың басы»

(Ашық тәрбие сағаты)


Өткізген: 8 «В» сынып жетекшісі

Каратаева Венера Маликовна




Орал -2014 ж.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал