7


  • Учителю
  • Өнер тамған он саусақ үзілмейтін ырысың! сыныптан тыс шара

Өнер тамған он саусақ үзілмейтін ырысың! сыныптан тыс шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары: Б.Баяхметова





Сыныптан тыс шараның тақырыбы:

Өнер тамған он саусақ - үзілмейтін ырысың

Күні: 03.11.2016 ж Сыныбы: 7

Сыныптан тыс шараның мақсаты: Ата - аналар мен оқушылардың өз қолдарынан қандай заттар жасай алатындарын саралау, ақылды да ажарлы, дарынды да талантты он саусағынан өнер тамған отбасыларды тану; өздерінің үйренген , көрген білімдерін өмірде өздерінің қажеттіліктеріне жұмсауға үйрету; отбасылардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер, үн таспа, карточкалар,слайд

Сыныптан тыс шараның жоспары:

Құрметті қонақтар, мұғалімдер мен сайысқа қатысушы отбасылар бүгінгі «Өнер тамған он саусақ - үзілмейтін ырысың» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Ажарлы жарқын нұрдан жаратылған,

Жарқылдап жақсылыққа ара тұрған.

Маңдайда жұлдызындай, құндызындай,

Қыздары - ай қазағымның дара туған.

Білегіндей әр керектің әр бабын,

Сүйсініп көз тартардай таңырқатып.

Он саусағы майысып, өнер тамған,

Байқалық өнерлерін отбасыларымыздың , - деп сайысымызды ашық деп жариялаймыз. Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтсем. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

  1. Сәлем - сөздің анасы (сәлемдесу, топ аты, ұраны, төс белгі)

  2. «Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады» (Сұрақ - жауап)

  3. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (тапсырма орындау)

  4. «Атамұра - асыл қазына» (топ басшыларына арналған тапсырмалар)

  5. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» (Сән үлгілерін салу, актерлік шеберліктерін көрсету)

Енді сайысымызды бастамас бұрын осы сайысқа әділ баға беретін әділқазы алқаларын сайлап алайық.

Жол сілтеген биікке ұстаздарың,

Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын.

Әділдікті ең алға мақсат еткен,

Таныстырам әділқазы алқаларын.

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Назарбекқызы

  2. Ата - аналар комитеті төрағасының орынбасары: Жұлдыз Қайсақызы

  3. Қоғамдық пәндер бірлестігінің жетекшісі: А.Ниязханқызы

Әділқазы алқаларынан реттік номерлерін алсаңыздар.

1 топ: « »

2 топ: « »

3 топ: « »

4 топ: « »

5 топ: « »





І бөлім

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бастарына өнерлері жетер деймін.

Бәске түскен әр бір топ кезектесіп,

Таныстырып топтарын өтсе деймін - сайысымыздың бірінші шарты «Сәлем -сөздің анасы» деп аталады, яғни әр топ өздерінің атын, тобын, ұранын, төс белгісін таныстырады.





ІІ бөлім

Озады деп түбінде,

Бәрін оқып тауысқан.

Шөлі қанбай білімге,

Өткен талай данышпан - дей келе, жарысымыздың «Таза мінісз асыл сөз, ой түбінде жатады» деген сұрақ - жауап бөліміне кезек берейік.

1.Қазақтың ұлттық киімдерн атаңыз? (кимешек, тақия, сәукеле, тон, шапан, көйлек, ішік,мәсі, саптама етік ).

2. Қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. (Сәукеле)

3. Моншақтан жасалатын бұйым түрлері(сырға, сақина, білезік, алқа, түрлі ыдыстар, сувиенлер )

4. Құрақ түрлерін атаңыз? (ай, жұлдызша, шырша, шаршы, гүл, аққу, мүйіз, үш бұрыш).

5. Сүт өнімдерін атаңыз? (айран, құрт, май, ірімшік, қатық, кілегей)

6. Бесік құда дегенді қалай түсінесіз?

7. Қандай ырым - тыйым сөздерді білесіздер?

8. Қазақ халқының десерттік тағамдар қалай аталады?

9. Наурыз көженің құрамын айтыңыз?

10. Кұрак деген не?

11.Киізге ою - өрнек басып жасалған кілемше қалай аталады? (түскиіз)

12.Табиғи жүнді қайдан алады? Қой, ешкі

ІІІ бөлім

«Ою ойғанның ойы ұшқыр» - дейді қазақта. Қазақтың кез - келген бұйымын алатын болсақ, онда өрнектелгеною түрлерін көреміз. Баяғыда аналарымыз есепсіз, өлшеп сызбай симметриялық, ассиметриялық ережелерін сақтай отырып оюлар ойған. Бұл да өнедің бір бөлігі. Халқымыздың сүйікті ақыны Фариза Оңғарсынова өлеңінде:

Түрі -ай текеметтің, асыл қандай,

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.

Келе ғой қошақаным өзіме деп,

Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.

Күйімді кешсеңдер ғой сол беттегі,

Тұрғандай ана көңілі тербеп мені.

Жан бітіп жайраңдадыжан - жағымнан,

Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.

Толардай басқұр, өрнек маған медет,

Белгісі балғын шақтың қарар жебеп.

Сүйсініп түс киізге тұрып қаппын

Көз жазып сол киізден қаламба - деп жырлаған екен. Ендеше,келесі бөлімде біздің отбасылар ою ояды. Қыздарымыздың қаншалықты өрнегі, өнері бар екен соны тамашалайық. Төрт қағаз беріледі, соған түрлі оюдың түрлерін ою керек және құрақ құраулары қажет.

ІV бөлім

Артығы жоқ өнердің,

Мен бәріне шебермін.

Қажет болса өнерім,

Жасай алам сан түрін - деп, келесі бөлімге кезек берсек. «Ата мұра - асыл қазына» деп аталады.Топ басшыларына сұрақ - жауап.

І топ басшысына:

1.Киіз үй дегеніміз не?

2. Түйенің сүтін қалай атайды?

3. Оймақ дегеніміз не?

4. Ою - өрнек дегеніміз не?

ІІ топ басшысына:

  1. Ине не үшін керек?

  2. Сәукелені кім және қайда киеді?

  3. Құрақты неден жасайды?

  4. Қыздардың әшекей бұйымдарын ата.





ІІІ топ басшысына:

1.Иненің сыңары?

2. Текемет дегеніміз не?

3. Шаңырақтың қызметі?

4. Сүттен жасалған тағамдар?





І V топ басшысына:

1.Инені қайда сақтайды?

2. Тарелканың қасық , шанышқа қай жағында тұру қажет?

3. Асханалық ыдыстарға нелер жатады?

4. Айыр қалпақты кімдер киеді?

V топ басшысына:

  1. Шаңырақпен керегені не қосады?

  2. Жұмыс істегенде орамал не үшін керек?

  3. Шұбат дегеніміз не?

  4. Зергерлердің жұмысы.





V бөлім.

Туған халқым өнерің ұрпаққа үлгі,

Көңілі көктем, әрқашан жаны ізгі.

Салт - дәстүр мирас болып бізге жеткен,

Асқан өрен жасампаз қалған мәңгі - демекші, сайысымыздың келесі бөлімі «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп аталады.Сән әншейін әуестік, қолы бостың ермегі дейді. Енді біреулер үшін сән мамандық, күнделікті шығармашылық жұмыс.





Ұйымдасып істеген,

Әр істің бір сәні бар.

Әр қимылдың өзінше,

Ырғағы бар, әні бар -дей келе қазір сіздер алдарыңызда берілген бетке ұлттық нақышта киінген қазақ қызын немесе жігітін саласыздар. Және сонымен қоса сіздерге бірнеше сөздер берілген сол сөздерді көрермендер шеше алатындай етіп, ыммен көрсетулеріңіз керек.

Ақ жаулықты әже, қазақ қызы, домбырашы, әнші, ақындар.





Сөзді әділқазылар алқасына береміз.





Бойларыңызда от бар екен байқадым,

Жүректеріңізде шоқ бар екенін байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңыздар әрдайым.

  • Осымен құрметті көрермендер, сайысқа қатысушы отбасылар және ұстаздар сайысымыз аяқталды, өз өнерлеріңізді ортаға салғандарыңыз үшін көп рахмет. Өнердің биік шыңдарынан көріне беріңіздер. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

































































































«Көктүбек орта мектебі» КММ

























«Өнер тамған он саусақ - үзілмейтін ырысың»





(7- сыныптың күзгі демалысқа байланысты өткен отбасылық сайысы)

































</<br>


Сынып жетекшсі: Г.Нугыманова























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал