- Учителю
- Ашық тәрбие сағатына арналған Мен өз Отанымның патриотымын (5-6 сыныптарға)
Ашық тәрбие сағатына арналған Мен өз Отанымның патриотымын (5-6 сыныптарға)
Мақсаты:
-
Патриот - дегеніміз не?
-
Елдің қамын ойлаған ер, елі үшін еңбек еткен, талмаған.
Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол
қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар.
Патриот - ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін,
ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт - дәстүрін дәріптейтін, ұлттық
қадір - қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі
үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани
құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең
алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата - анасын, туған - туыстарын жақсы
көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез
келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы,
дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты,
адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті
болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең
жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық
қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі
жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден
қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс - тіршілігін, салт -
санасын, әдет - ңұрпын білуге тәрбиелеу - нарықтық кезеңде маңызы
жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең
маңыздысы - балаға патриоттық тәрбие беру.
Бойымда жігер,тұрғанда сенім,
Жалындап өтем,жолыңда сенің.
Өзіңсің мәңгі бақытым барым
Аяулы отан, ардақты елім.
Бойымда қайрат,тұрғанда сенім
Құрбаның болам жолыңда сенің,
Құлпырып мәңгі жасай бер,жаса
Сүйікті отан, сүйікті елім
Адал перзент елі десе еміренеді, елі десе тебіренеді. Елін жүрекпен сүйеді, сондықтан намысы мен тәуелсіздігі жолында күреседі, тіпті жанын пида етуге бар. Міне, біздің сонау Керей мен Жәнібек бабамыз құрған қазақ деген қайсар еліміз ұлан-байтақ жерін қорғауда жанын аяған емес. Намысты ту етіп, шыбын жанын шүберекке түйіп жеріміз жат қолында кетпесін деп күні-түні қорғаған барша ерлеріміздің еңбегінің жемісі, нәтижесі, міне, осы күн. Дәл осы - бейбіт күндер. Дәл осы - Тәуелсіздік еді. Ия, Тәуелсіздік -расында құнды сыйымыз, ең бағалы құндылығымыз, бабадан жеткен асыл мұрамыз, киеміз. Бабаларымыз осы күнді қанша аңсады, «тәуекел болмаса, тәуелсіздік бола ма» деп талай рет, жауға қарсы белін бекем буып келді, ұрпақтарының Асан Қайғы айтқандай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған «Жерұйық» секілді мекенде, бейбіт өмір сүргенін қалады. Сол мақсат жолындағы талай құрбандық қажет болды, талай адамның өмірін қиған бостандық жолындағы күрес өз нәтижесін беріп, міне енді біз бейбітшілік туы астында күн кешудеміз. Алтынға да айырбастамас асылымыз- Тәуелсіздік.
Ес жиып, ел болғалы өзіміздің бағытымызды айқындап, жарқын болашаққа бет бұрдық. Түнекті, бұлтты күндерді артқа тастап дана көсеммен бірге алға өрлеп келеміз. Елбасымыз - еліміздің басына біткен бағы, елін ол қалай сүйсе, ол да елін солай сүйеді. Елін алға сүйреп жүрген ұлтымыздың адал ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елі үшін жасап жатқан жақсылығы халық есінде, ел жадында. Оның өзге мемлекеттерге әр сапары, келісім-кездесулері баласына қомдана тамақ тасыған қарлығашты еске түсіреді. Елбасы да ел үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етіп жүр. Ақ киізге көтеріп, сайлап алған қара қылды қақ жаратын әділетті президентін мақтаудан халқы ешқашан жалыққан емес, жалықпайды да. Бір бойына бірнеше өнерді қатар жинақтаған Елбасы - көреген саясаткер, дарынды көшбасшы әрі Қазақстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы. «Ер ел үшін туады» деген сөз бар емес пе? Нұрсұлтан атамыз қазақтың дара жұлдызы секілді. Қабылданып жатқан стратегиялар, жүйелі ұйымдастырылған жоспарлар- бәрі Елбасының еңбегі екені даусыз. Оның дана көсем екендігі, халық қалаулысы екендігі бірнеше қайтара сайлауда жеңіске жетіп, елінің сүйіспеншілігінен де байқалады. «Бостандық таңы атты, қазағым көріңдер, Арға ие басшының соңынан еріңдер» деп Шәкәрім бабамыз жырымен армандаған бостандық дәуірі осы күні туды. Ақыры, халық сеніп, артынан ерер әрі сенер перзенті Елбасыдай адам елімізді басқарып отыр. Еліміз президентті жақсы көреді, сыйлайды, сенеді, соңынан ереді. 1 желтоқсанды «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» деп жариялау халықтың Елбасына деген ыстық ықыласы мен шексіз ризашылығының белгісі деп есептеймін. Абылай мен Кенесарының сара жолын жалғаған адал да абзал тұңғыш басшымыздың әр еңбегі - халық жадында. Әсіресе, Елорданы Алматыдан Асатанаға ауыстыру, Астанаға мемлекетіміздің бас қала мәртебесін беруінің ұтымды болғаны айтып жеткізгісіз ұлы жаңалық болды. Есіл жағасындағы ерке қала бүгінде әлем көз тіккен сәні мен салтанаты жарасқан сұлу қалашыққа айналды.
Аман жүр Астананы салған батыр,
Алдыңда асқар-асқар арман жатыр.
Бәрін ал алам деген қамалыңның
Бәрін де дер кезінде алған мақұл,- деп Тұманбай Молдағалиев жырға қосқандай, Елбасымызды батырға теңемеске бола ма!? Сондықтан да Астана десе Назарбаевты, Назарбаев десе Астананы айтпай қалу мүмкін емес. Екеуі байланысты ұғым іспеттес.
Ел деген - алтын бесік. Біз сол бесікте тербелеміз, сол елде өсіп-өнеміз, жетілеміз, бойымызға күш жинаймыз. Түптеп келгенде, сол қажыр-қайратымызды ел болашағы жолында жұмсаймыз. Еліне пайдасын тигізу - әр адамның қасиетті борышының бірі. Өз елімізді, біз, оның халқы, көркейтпесек, кім көркейтеді? Елді дамыту жолында аянбай күресу үшін әуелі бойымызда Отанға деген шексіз сүйіспеншілік орнауы қажет. Ел үшін жан беруге де дайын ететін - осы сүйіспеншілік қана. Осы сәтте ойыма АҚШ-тың Президентінің пікірі оралып отыр. ДЖ. Кеннеди «елім маған не береді деп ойлама, мен еліме не бере аламын деп ойла» деп айтып кеткен еді. Өте орынды, дәл айтылған сөз. Әрқайсымыз «елім үшін не істей аламын» деп ойлап, бір мақсат қойып, оны орындау жолында бар күшімізді салар болсақ, еліміздің әлі жаңа белестерді бағындырып, дамудың жаңа сатысына түсері анық. Отанға деген сүйіспеншілікті баланың бойына жас кезден бастап қалыптастырып, ұлтына деген шексіз махаббатты насихаттау қажет секілді. «Отанды сүю ана тілін, отбасын сүюден басталатынын ұмытпаған жөн. Қазақ елі - қорғанымыз бен панамыз, қазақ халқы - жаны жайсаң ұлтымыз, қазақ жері - кең-байтақ мекеніміз, қазақ тілі - тәуелсіздігіміз бен тірлігіміздің айғағы.
Ең бастысы, қадірлі де қастерлі тәуелсіздігіміз бар, бір ту астына жұмылдырған бірлігіміз бар, көңіліміз секілді кең жеріміз бар, бізге бұдан асқан еш нәрсе керек емес. Тек Қазақстанның әр азаматының бойында жалындаған отты жігер мен елімді дамытамын деген биік мақсат тұрса болғаны. Ел тірегі - мына біз, жастар. Болашақты кемелдендіретін де - біз. Мен елімнің болашағының жарқын екеніне кәміл сенемін. Сен де сен, жас дос. Елімізді бірге гүлдендірейік!