7


  • Учителю
  • КЛ ЧАС Отбасы және отбасылық құндылықтар

КЛ ЧАС Отбасы және отбасылық құндылықтар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 10.09.2015ж.

Сыныбы: 5А

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы және отбасылық құндылықтар».

Мақсаты: 1. Білімділік: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Ата - ана және бала қарым - қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.

3. Тәрбиелік: Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Сабақ түрі: тренинг

Әдістері: пікір алмасу, психологиялық жаттығулар, психологиялық минут, анкета, сұрақ - жауап, тыныштық сәті.

Қажетті құрал - жабдықтар: үлестірмелі қағаздар, А4 формат, отбасылық құндылық ағашы , маркер, слайд.

Тренинг барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Таныстыру ойыны

3. Психологиялық минут.

4. Ой жинақтау. Тапсырма орындау.

5. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»

6. «Отбасы» ойыны

7. Тыныштық сәті

8. Қорытынды.





1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар және ата - аналар! Бүгінгі тренинг сабаққа келгендеріңізге алғысымды білдіремін. Сіздердің көмектеріңізбен бүгінгі сабағымыз жетістікке жеткізеді деп ойлаймын.

Қазір мына жерде тұрған үш түрлі тұсті стикерлер бойынша топқа бөлінейік.

2. « Танысу» жаттығуы

Тренингке қатысып отырған ата - аналар мен оқушыларды таныстыру.

Ата - аналарға қойылатын сұрақтар:

- Есіміңіз кім?

- Қандай мағына береді?

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

- Есімің кім?

- Өз атыңыздың алғашқы әріпінен басталатын бойыңыздағы жақсы қасиетті атап өту.





3. Психологиялық минут. Бүгінгі сабаққа қандай көңіл күймен келдіңіз? Табиғаттағы ауа - райын сипаттай отырып өз көңіл күйімізді айтамыз. Қалғандарымыздың көңіл күйіміз жақсы болса, бір - бірімізге қарап жымиямыз.

4. Ой жинақтау

1тапсырма: Отбасы дегеніміз не?

Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның заңды неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасын құрғанда адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру - ата - ананың ең маңызды міндеті.

«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

2 тапсырма: берілген сөздерден отбасына байланысты сөйлем құрайсыздар.

/ Тыныштық, денсаулық, махаббат, тазалық, бақыт, келісім, ұрыс, жан - жал, жек көру, мейірім/

3 тапсырма: Сіздердің отбасыларыңызда міндеттеріңіз қалай бөлінеді?

Берілген кестені толтырыңдар.

Әке Ана Бала

Отбасы бақыт құсы емес, өзі ұшып келетін. Отбасының беріктігі отбасындағы мүшелер өз ісін білсе, онда сол жанұяда сыйластық, татулық, жылылық орнайды.

5. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»

Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7 - 10 минут.

1. Мықты денсаулық

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

3. Ауызбіршілік

4. Ортақ қызығушылық

5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау

6. Қамқорлық

7. Тәртіп

8. Бос уақытыңызды бірге өткізу

9. Сенімділік

10. Ата - ананың сөзі заң

11. Ата - ана отбасының үлгісі

12. Әлеуметтік жағдай

13. Отбасылық қарым - қатынас

14. Махаббат

15. Мейірімділік

16. Шынайылық

17. Сырт көзге үлгі болу

18. Береке

19. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет

20. Көп бала

Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз.

6. «Отбасы» ойыны. Ата - аналарды ортаға шығарып сұрақтар қойылады.

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің аты - жөні?

3. Балаңыздың парталас досы кім?

4. Балаңыз кеше қандай баға алды?

5. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

6. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

7. Балаңыздың ең жақын досы кім?

8. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

9. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

10. Балаңыз спортың қай түріне немесе қай үйірмесіне қатысады?

11. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

12. Балаңыздың сүйікті оқитын пәні қандай?



Оқушыларды ортаға шығарып сұрақтар қойылады.

  1. Ата-ананың есімдерін ата.

  2. Ата, әженің жасы нешеде?

  3. Жеті атаны ата.

  4. Сенің ананның сүйікті әншісі кім?

  5. Әкеннің сүйікті жыл мезгілін ата.

  6. Отбасы туралы мақал-мәтелдер білесін бе?

  7. Әкеннің ең сүйікті асы қандай?

7. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену». Музыка ойналады.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолдарыңызды тізеңізге немесе партаға қоюға болады. Көздеріңізді жұмыңыз, елестетіп көріңіздер. Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүл түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, сезіміңізді, эмоцияңызбен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы, ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Енді нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Енді нұр сіздің аузыңыз бен тіліңізге тарады. Тіліңіз тек жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлағыңызбен, көздеріңізге бағыттаңыз. Құлақтарыңыз тек жақсы және әсем әуенді естиді. Көздеріңіз тек жақсылықты ғана көреді. Нұр бірте - бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан - жаққа сәуле шашады. Осы нұрды, балаңызға, ата - аналарға бағыттаңыз. Ойша айтыңыз «Мен нұрлымын», «Нұр менің ішімде». Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалпында сақтаңыз.

О - оттай ыстық

Т - табысты, табанды.

Б - бақытты, берік, берекелі.

А - арайлы, абыройлы

С - сыпайы, сыйласымды,

Ы - ынтымақты, ырысты

8. Қорытынды:

Ата - анаға көз қуаныш.

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп қуаныш,

Гүлденіп ой өлкесі, - деп Абай атамыз айтқандай,- ата - ананың қуанышы, арманы перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтып өтсе, біздің ұрпағымызға үлгі болар бейне екенімізді естен шығармайық.

Бүгінгі сабағыма белсенділік танытқандарыңыз үшін барлықтарыңызға алғысым шексіз. Сау болыңыздар!

Үйге тапсырма: өз отбасы жайында ертегі



















































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал