7


  • Учителю
  • 'Аты-аңыз, өзі-батыр, сөзі-нақыл' Класный час

'Аты-аңыз, өзі-батыр, сөзі-нақыл' Класный час

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: "Аты-аңыз, өзі-батыр, сөзі-нақыл"

Мақсаты: Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы жайында әңгімелесе отырып, жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты
дарыту, олардың елін, жерін сүйетін патриоттық сезімін
ояту, батырдың ерлігін насихаттау. Халқымыздың тарланы,қазақтың біртуар перзенті жайында
әйгілі қолбасшы Халық Қаһарманы Бауыржан атамыз туралы ой бөлісу, есімін ұлықтау, өшпес ерлігін дәріптеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтадан Б. Момышұлының суреті, слайд презентация, бүктеме, бейне таспа, кітаптар көрмесі, аудио таспа
Сабақтың барысы: ән әуені «Вставай страна огромная» жіберіледі.
Тренинг: "Тірек нүкте"

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Тарихта халық санасынан терең орын алатын ұлы тұлғалар бар. Олар өз халқының шексіз құрметіне бөленіп, есімі-ел ұранына айналған тұлғалар. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы -тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі - біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы - алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Оқушылар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз ерлік сабағы. Бауыржан атамыздың балалық шағына, ержеткен жігіттік шағына, ерлігі үшін берілген атақтарымен, жазған еңбектеріне, қанатты сөздеріне тоқталайық.
«Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде. Ұрпақтар атар сексен мен жүздігімді, Тарихтың түкпірінен сөз келгенде »
Бауыржан Момышұлы.

1 - оқушы: Айберген: Жырламай тұра аламын қалай мұны,
Жеріме жолатпаған мұң - қайғыны.
Қаһарман, жазушы, ақын ,дана азамат,
Бауыржан Момышұлы - ел айбыны дей келе аты аңызға айналған Бауыржан атамыздың өміріне қысқаша тоқталайын: Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, жазушы, ғалым, психолог, гвардия полковнигі, аты аңызға айналған жарқын да дара тұлға Бауыржан Момышұлы 1910 жылы желтоқсан айының 24- ші жұлдызында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында малшы отбасында дүниеге келді. Бала Бауыржан көпшіл, зерек, зерделі қайсар болып өсті, оның себебі «Ертексіз өскен бала рухани мүгедек адам » деп атасы Момыш пен әжесі Қызтумас Бауыржанды кішкентайынан ертек, аңыз әңгімелермен сусындатып, өмірдің жақсысы мен жаманын ажырата айта отырып тәрбиеледі. Парасатты ата мен әкеден, есті әжеден, білікті ұстаздардан білім тәлім - тәрбие алып, рухани дүниесін байытқан жас Бауыржан ауыл адамдарымен қарым - қатынас жасау барысында тәжірибеде шыңдалып, елін сүйген азамат болып қалыптасты.
2 - оқушы. Ақсұлу: Бауыржан Момышұлы 13 жасқа дейін ауылда, одан соң оқу іздеп Жамбыл, Шымкент қалаларындағы интернаттардан тәлім алып, білім нәрімен сусындайды. Мектепті бітірген жігіт Бауыржан бастауыш сынып мұғалімі, ауатком хатшысы, милиция бастығы болды. 1935 жылы Қызыл Армияға шақырылды. 1936 жылы әскери комиссариат Бауыржанды Ташкентке жіберді. Онда ол 14 ай взвод командирі болып, әскери қызмет атқарды. Қиыр Шығыста шекара күзетінде 5 жыл офицер болды.

Бауыржанның ерлігі. 3-оқушы Алпамыс : Бауыржан Момышұлы сонау сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс күймейсің», «Ел үшін аянба -

ерлігіңе сын» деп неміс фашистеріне қарсы аттанған. 1941 жыл Ұлы Отан соғысы басталған кезде Момышұлы Қазақ әскери комиссариатында қызымет атқарған. Генерал И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында 316 атқыштар дивизиясы жасақталып, Бауыржан Момышұлы онда батальон командирі, сегізінші гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі қызметтерін атқарған, неміс- фашист басқыншыларына соққы берді.

4- оқушы. Сұлтанбек: Бауыржанның қаһармандық ерлігі туралы орыс жазушысы Александр Бек «Волокалам тас жолы» еңбегінде жан-жақты толық жазды. Бұл кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз тілдеріне аударылып бүкіл жер шарын шарлап кетті. Ең алдымен , сол кітап арқылы қазақ халқының ерлігі, біртуар ұлымыз Бауыржан Момышұлы есімі кең байтақ Отанымызға тегіс жария болды.
5оқушы.Мадина Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың

қаруын қаламға айырбастағанын білеміз . Ол майданда бір

ерлік етсе , сөз майданынд екінші ерлік көрсете білді

Қазақ халқында мынадай сөз ба : «Ғалымның аты өлсе де ,

хаты өлмейді» - дегендей , батырдың ерлік туралы айтқан

қанатты сөздері де , ел аузынан сақталып жүр .

Бауыржан Момышұлы - педагогика, психология ғылымдарының теориялық мәселелерін соғыс тақырыбына сәйкестендіріп, талдау жасаған бастамашыл жан. «Бауыржан Момышұлы тек атақ -даңқы шыққан батыр ғана емес, терең ойлы, өзіндік пікір толғанысы бар, алғыр да тапқыр азамат» деп бағалаған қазақ халқының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов.
Жазушы Бауыржан. Соғыс аяқталғаннан кейін батыр атамыз сүйікті Отанына деген махаббатын, өзін көптен мазалап жүрген үлкен ойларын көркем сөзбен адалдықты, ерлікті ту етіп тамаша кітаптар жазды. Олар: « Қанмен жазылған кітап», «Москва үшін шайқас», « Генерал Панфилов», «Майдандағы кездесулер», «Төлеген Тоқтаров», «Бір түнгі оқиға», «Ұшқан ұя», «Куба әскерлері», «Адам қайраты» және басқа да кітаптары көпшіліктің сүйіп оқитын шығармасына айналды.
Әділет: "Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім-Бауыржан Момышұлы" слайд презентация

6- оқушы.Аймат : Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ қаламгерлерінің ішінде өз ұлтын Бауыржан Момышұлындай сүйетін жазушы жоқ» деген болатын. Қолына 18 жасынан қалам ұстаған жазушының күнделіктері естеліктері, танымал шығармалары, хаттары жинақталған 30 томдығы Бауыржантанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлының басшылығымен жарық көрді. Бауыржан Момышұлы мен жазушымын, ақынмын деп ешқашан айтпаған. Оның шығармаларының оқиғасы өз өмірінен алынған, басынан өткен оқиғаларды жазған . Ол екі тілде еркін жазған талғампаз жазушы. Сонымен қатар жауынгер жазушы Әзілхан Нұршайықов Бауыржан Момышұлының ерлігіне,отансүйгіштігіне бас иіп ол туралы «Ақиқат пен аңыз» туындысын сұхбат түрінде жазған . Осы шығарманы оқи отырып, атамыз туралы ақиқат пен аңызға көз жеткізуге болады .
Енді оқушылар сол кітаптың жазылу барысындағы әңгімеге назар аударайық.

Бауыржан Момышұлына арналған өлеңдер : Бағнұр ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ " Бауыржан" 1948ж.жазылған

Бауыржан атамыздың қанатты сөздері: Ибраһим
1.Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді. 2.Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл. 3.Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды. 4.Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді. 5.Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің

Саяхат: 6.Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ. 7.Опасызда Отан жоқ. 8.Отанда опасызға орын жоқ. 9.Отаның үшін отқа түс - күймейсің. 10.Айғаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.!. Мейіржан: 11. Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін.. 12.Сыртқы тәртіпсіздік - адамның ішкі кемшілігі. 13.Мейірім болмаса сүйе де алмайсың. 14.Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті. 15.Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық! 16.Табандылық- батырдың қалқаны.. 17.Ерлік - тәрбиенің жемісі.

Аңсаған: Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен ерекше көзге түсті, батырлық атақ-даңқы аңызға айналды. Бауыржан атамызға берілген атақтар: Бауыржан Момышұлы 1942 жылы 6 маусымда Қызыл Ту, 1970 жылы Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, I дәрежелі Отан соғысы,1945 жылы 1 шілдеде 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі»ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1990 жылдың 11 желтоқсанында КСРО Президенті Жарлығымен 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында неміс - фашист басқыншыларымен күресте көрсеткен батырлығы мен ержүректілігі үшін полковник Б. Момышұлына Кеңес Одағы Батыры атағы қайтыс болғаннан кейін берілді. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы»деген атақ берілді.2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды. Бауыржан ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Балаби Бауыржан Момышұлы бірнеше орден, медальдермен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алды. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын,яғни 1990ж ғана Әсеттің өлеңі оқылады: "Найзағайы намыстың"

10- оқушы: Қайрат . Бауыржан Момышұлы жайлы 1967 жылы «Қазақфильм» киностудиясы «Ел басына күн туса»атты көркем фильм, 2010 жылы қыркүйектің 14-і күні Алматыда «Қазақтың Бауыржаны» атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. 2010 жылы желтоқсанның 10-ы күні Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында совет-герман соғысының қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына тұрғызылған ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды. Жалпы биіктігі 6 метрлік ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың мүсіні қоладан құйылған[5]2010 жылы қыркүйек айында Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 12- оқушы.2010 жылы 10 желтоқсан күні Алматы қаласында Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш ашылды.[8]Қазақстанда батырдың атымен Алматы, Тараз, Атырау, Семей қалалары және Жамбыл облысы Аса селосындағы көшеге батырдың аты берілген; Астана қаласында Бауыржан Момышұлы даңғылы (Астана) Алматы қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы көше (Алматы) Тараз қаласында Жамбыл облысының бұрынғы Бурное ауданы қазір Бауржан Момышұлы ауданы болып өзгертілген. Бауыржан Момышұлы ауылы (Жамбыл облысы) Бауыржан Момышұлы ауылдық округі (Жамбыл облысы) №45 қазақ классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі берілген және мектептің алдында Бауыржан Момышұлының бюсті орналастырылған. Бауыржан Момышұлы даңғылы (Шымкент) Алматы (№131), Шымкент (№42) және Алматы қаласындағы әскери мектеп интернаттары да батырдың есімімен аталады. Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгі ғимараты мен Астана қаласында Бауыржан Момшұлының ескерткіші орнатылған
Бауыржан Момышұлының мақал-мәтелдері: Раушан, Асылай, Еркегүл:

Қорытынды сөз. Бауыржан атамыздың өмірі, ерлігі - бізге үлгі. Ол кісі туралы жазылған шығармаларды оқи отырып, өмірде ештеңеден қаймықпаған, әділ бірбеткей, туған халқын шексіз сүйген адам деп танимыз. Бауыржан Момышұлы мықты тәрбиеші, алғыр әскери педагог, майдангер жазушы, психолог, халық қамқоршысы дей келе сіздерді ойы жүйрік, ақылы жетік,бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, шығармашыл дамыған, отансүйгіш, елжанды, рухы биік, біліммен қаруланған, жан-жақты дамыған, салауатты өмір салтын ұстанатын болашақ жалынды жастар болатындарыңа мен сенемін.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал