- Учителю
- «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» тәрбие сағаты
«Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы:
Тақырыбы: «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» тәрбие сағаты
Мақсаты :
Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
Керекті жабдықтар:
шаңырақ, қанатты сөздер, видеопроектор, слайдтар, видео
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері:
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Сергіту сәті: «Әр ұлттың сәлемдесуі»
Топқа бөлу: «Достық» , «Бірлік», «Ынтымақ»
Әр ұлттың сәлемдесуін көрсетеді
Оқушылар топқа бөлінеді
Тұсаукесер:
Тәрбие сағатының тақырыбын ашу үшін:
-
Бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсындар?
-
Сергіту жаттығуында және топқа бөлуден нені көре аламыз
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Негізгі бөлім :
Тапсырма:
1 топ«Достық» : көрініс «Әнет бабаның Төле балаға айтқан өсиеті»
2 топ«Бірлік»: Көрініс «Қырғыз бен грузин айтысы»
3 топ: «Ынтымақ» Постермен жұмыс «Суреттер сөйлейді»
Тапсырма:
Берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру(5 мин)
«Достық» тобы:
1. Досыңды мақтағаның - ... (өзіңді жақтағаның)
2. Досы көппен сыйлас, ... (Досы азбен сырлас)
3. Досы жоқ адам - ... (Тұзы жоқ тағам)
4. Досы көптің жаны семіреді, ... (Асы көптің тәні семіреді)
5. Досы көпті жау алмайды, ... (Ақылы көпті дау алмайды)
«Бірлік» тобы:
1. Бірлігі жоқ ел тозады, ... (Бірлігі күшті ел озады)
2. Тірлік, тірлік түбі - ... (бірлік)
3. Саусақ бірікпей ... (Ине ілікпейді)
4. Бірлік бар жерде ... (тірлік бар)
5. Кеңесіп пішкен тон ... (келте болмас)
«Ынтымақ» тобы:
1. Ынтымақ жүрген жерде, ... (Ырыс бірге жүреді)
2. Ырыс алды - ... (ынтымақ)
3. Ынтымақ болмай ... (іс оңбас)
4. Теңге тиыннан, ... (Ынтымақ ұйымнан)
5. Сырттан келген жаудан да ... (Іштен шыққан дау жаман)
1 топ«Достық» : көрініс көрсетеді «Әнет бабаның Төле балаға айтқан өсиеті»
2 топ«Бірлік»: Көрініс көрсетеді«Қырғыз бен грузин айтысы»
3 топ: «Ынтымақ» Постермен жұмыс жасайды «Суреттер сөйлейді»
1топ 2 топты «Бас бармақ»
2 топ 3топты «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
3 топ 1 топты«Бас бармақ» арқылы бағалайды
Видео роллик тамашалайды. Видеодан көрген мәліметті әңгімелеп айтады
Әр топ оқушыларына берілген мақал-мәтелдерді жалғастырады
Қорытынды
1 топ«Достық» : Өлең жолдарын құрастыру
2 топ«Бірлік»: «5 жолды өлең» құрастыру
3 топ«Ынтымақ»: «Ынтымақ - достық кепілі» эссе жазу
Қағаздан адам бейнесін жасап, тәрбие сағатынан алған әсерлерін жазу және топтастыру тапсырыылады
1 топ:Өлең жолдарын құрастырады
2 топ«Бірлік»: «5 жолды өлең» құрастырады
3 топ«Ынтымақ»: «Ынтымақ - достық кепілі» эссе жазады
Әр топтан бір-екі оқушы сөйлейді
Қағаздан адам бейнесін жасап, тәрбие сағатынан алған әсерлерін жазады, топтастырады.
«Жаса Қазақстан» әніҚонқабаев Сағадат