7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Арайлы,Алтын күз!

Тәрбие сағаты Арайлы,Алтын күз!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Арайлы ,Алтын күз!



Өтетін орны: Мектеп акт залы

Өтетін уақыты: 27.10.2016жыл.

(Әр сыныптан ханшайым мен ханзада қатысады)

Бастауыш сынып жұптары вальс биін билейді.

Жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты оқушылар! Арайлы «Алтын күз» атты күзгі бал кешіне, қош келдіңіздер!

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

Жүргізуші:Уа, халайық халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық!

Ендеше ортаға әр сыныптан сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық .

  1. «Күрең күз» 2-сынып

  2. «Күзгі шуақ» 3-сынып

  3. «Арайлы алтын күз» 4-сынып

( Сайыскерлер ортаға шығады)

Енді әділ қазылар алқасымен, сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін.

Әділ қазылар алқасы:

1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Л.Бошанова

2. Мектеп-бақша психологы:А.Елшибекова

3. Мектеп-бақша логопеды:М.Атраубаева

Жоспар

1.Таныстыру

2.Өнер сайысы(Ән айту, би билеу,көрініс, пародия)

3 «Білгенге -маржан» (Сұрақ- жауап бөлімі)

4. Сән үлгісі.

5.Мерекелік дастархан мәзірі (Салат дайындау)

6. Ханшайым мен ханзада

7. Қорытынды

1-бөлім

Жүргізуші: Табылсыншы ақыл, білім ұл мен қыздан

Өнерімен, білімімен аты озған

Әдеп-ғұрпын жоғалтпай халқымыздың

«Ұл мен қызы» деген атқа ие болған- деп сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.

(Әр сынып өздерін таныстырып өтеді)

2-бөлім

Жүргізуші:Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалып айтпас,

Әрқашан да нанымды.

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден.

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден.

Бұл бөліміміз «Өнер сайысы» деп аталады. Келесі кезекті өз өнерін көрсетуге береміз. (Сайыскерлер өнерлерін көрсетеді)

3-бөлім

Жүргізуші: Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл-ойға кел дейді.

Білім-ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз.

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз!

Бұл бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады. Сұрақтарға жауап бересіздер.

(Әр билетте 2сұрақтан болады)

4-бөлім

Жүргізуші:Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,- дей келе келесі кезекте сән үлгісін көрсетуге береміз.

(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді)

Олар дайын болғанша көререндермен жұмбақтар,ойын ойнатылады.

5-бөлім

Жүргізуші:Көрсетер өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып.

Келесі бөліміміз «Мерекелік дастархан мәзірі» деп аталады.Келесі кезекті салат жасауға береміз. (Әр жұп дайындаған салаттарымен таныстырады.

6-бөлім



7-бөлім

Жүргізуші: Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл-ойға кел дейді.

Білім-ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз.

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз!

Бұл бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады. Сұрақтарға жауап бересіздер.

(Әр билетте 2сұрақтан болады)

8- бөлім

Жүргізуші: Күз келіп, хан мен ханшайым

Өткізді күзгі бұл айын.

Ханшайым тапқыр қыз болды

Ағызар сөйлеп сөз майын

Ал ханымыз ақылды

Барша жұртты шақырды.

Би де билеп, ән айтты

Қуаныштан шалқыды.

(Ортаға Ханшайым мен ханзаданы шақырамыз)

Қорытынды.

Жүргізуші: Ендігі кезекте «Күзгі бал» кешінің жүлдегерін анықтайық . Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Әділқазылар алқасына сөз береміз.

(Жеңімпаз марапатталады!)

Жүргізуші:Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып бүгігі

«Күзгі бал» кешін аяқтаймыз.

Бастауыш сынып мұғалімі:Давлетова Шолпан Избасхановна













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал