7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Анашым-мақтанышым (5-сынып)

Тәрбие сағаты Анашым-мақтанышым (5-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Анашым - мақтанышым»

Сабақтың мақсаты:

1-жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі - Аналар

Ана деп бас иеді күллі халық.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

2-жүргізуші: Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осы мерекеге орай 5-сынып ұл оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Анашым-мақтанышым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші Бекарыс:Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары

2-жүргізуші Еркетай:Арулар - асыл жандар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар - тіршілікке күретамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар - деп, өлеңіне арқау еткен Мұқағали ақын аналарымызды тіршіліктің, күретамыры деп бекер айтпаса керек. Олай болса, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген аналарымыздың мерекесі құтты болсын демекпіз.



Ән: «Қазақ қызы» Санжар мен Ертілектің орындауында



Сыныптағы қыздарға арнау

Мұхамбет: Айкелбет алған тек сабағынан,

Танытып таудай биік талабынан

Сыныптың төрайымы бұл аруды,

Жырымен құттықтасын бала қыран.

Досжан: Қызы ғой Қарабаудай көрікті елдің,

Жырымды жазып арнап беріп тұрмын.

Мерекеңмен құттықтаймын дейін,

Ғазиза жуас, момын болып келдің.

Санжар: Жырым бұл арналғасын бақыт мүсін,

Ата-анаң үміттерін артыпты шын

Құттық тап мерекеңмен қояйыншы,

Гаухар үздік оқушы, тәртіптісің.

Мұхамбет: Қыздар-ай көңілі тоқ, жүздері бақ,

Отырмын өлеңімді сізге құрап

Шұғыла мерекеңмен құттықтаймын,

Шатақтау көрінесің бізге бірақ.

Досжан: Айкөркем Сарымайдан келген ару,

Үндемеген, үндемей жеңген ару

Мен сені мерекеңмен құттықтаймын,

Болсыншы орның тек төрден ару.

Санжар: Дариға тез өкпелеп қаласың ғой,

Бірақта бұл сыныпта дарасың ғой.

Құттықтап қояйыншы мерекеңмен,

Түбінде бір биікті аласың ғой.

Мұхамбет: Ұлболсын бойың ұзын қарапайым,

Спортсмен деп сені санатайын

Мерекеңмен құттықтаймын бүгін сені,

Бақытты шығар сенің маматайың.

Досжан: Назымгүл өте жақсы қыз едің ғой,

Бүгінде өлең жазып, сүземін де ой.

Мерекең құтты болсын сыныптасым,

Болмысты саған қарап түзедім ғой.

Санжар: Жазгүл биші көрінер, әнші маған,

Бекарыс пен екеуі көрші болған

Мерекең құтты болсын болашақта,

Өседі жақсы қыз боп сенші маған.



Хор: «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...»



(Сахнаға 2 ұл(Ертілек, Әділет) бала шығады. Ертілектің қолында кострюль және касығымен,үсті ұн-ұн , басында повор шапкасын киіп).

  • Торт пісіру-оңай ғой.Тек батыл болу керек. 7 жұмыртқа,аз ғана ұн керек, 3 ас қасық бұрыш. Жоқ әлде олай емес па? Олай емес қой! Мен тіптен шатасып кеттім. Мұнда бұрыш салмайды ғой. 3 сағат болды осылай жүргеніме. Крем жасадым,қолымның бәрін күйдірдім. Нәтижесінде-күйіп кеткен бәліш. Мүлдем тортқа ұқсамайды.



Әділеттің үсті-басы жіпке оратылған, қалтасынан қайшысы көрініп, қолында бір уыс үй киімімен шығады.



Сүйікті анама арнап әдемі алжапқыш тігіп қуантайын деп өзімше жылдамдатып кіріскенмін. Бірақ не болып шыққанын өзім де түсінбей қалдым. Ештеңем оңбады... Енді анамды қалай қуантамын?

(қолындағы матаның қиықтарын көрсетеді)

(Екеуі мұңайып біріне-бірі қарап)

Бізге басқа сыйлық ойластыруға тура келді. Ештеңе етпес мұңаймайық! Нағыз еркектер қиындықтарға моймады емес пе?!

(Екеуі шығып кетеді)



1-жүргізуші Бекарыс: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым

2-жүргізуші Еркетай. Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,

Ана деген - адамзаттың данасы

Ана деген - сәбилердің панасы

Ана деген - жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген - қайнар ыстық бұлағың

Ана деген - өмірдегі қамқорың

Ана деген - сүйенерің жан құрбың

1-жүргізуші Бекарыс: Еркетай, бүгінгі қуанышты мерекеге арнап мен көршілес Ресейден, сонау Америкадан және өзіміздің қаракөз қарындасымызды шақыртқан едік. Соларды қошеметпен қарсы алайық

2-жүргізуші Еркетай: Әрине, қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер. Келіп жеткен мерекелеріңізбен! Осы мерекенің өз елдеріңізде тойлануы жайында айта кетсеңіздер.



(қыздар кезек-кезек сөз алады.)



1-жүргізуші Бекарыс: Құттықтаймын мейрамыңмен аналар,

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейді өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.

Аналардан нәр алған бұл көк пен жер

Аналар деп келеді гүл көктемде.

Аналардың сүтімен ер жеткендер

Өнерлерін күйменен селт еткендер

Тамсандырар сендерді бұл жігіттер.

2-жүргізуші Еркетай: Десек те уақытпенен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп

Өнерлерін анаға бағыштайды

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне әдемі би



Қазақ биі. Ортада сынып жігіттері



2-жүргізуші Еркетай:Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар

Ана деген - тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен, қасиетті Аналар!

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті жан аналар!

1-жүргізуші Бекарыс: Ана - жұмақ, мен - шуақ, саябағы,

Ана - шырақ, мен - мен сұрақ санадағы.

Ана - теңіз, мен - қайық тербетілген,

Ана - бұлақ, мен - құрақ жағадағы.

2-жүргізуші Еркетай: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

1-жүргізуші Бекарыс: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың,

Әпкелер мен бауырлар, балалардың.

Мерекеңіз ұлассын қуанышқа,

Бұл күндер көксеген даналардың.

2-жүргізуші Еркетай:Ана деген - жүректегі асыл ән,

«Ана - бақыт» деген сөзге қосылам.

Анаға арнап айта берсең сөз жетпес

Ол дегенің - өмірдегі асыл жан!



1-жүргізуші Бекарыс:Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.



Би: «Лезгинка». Ортада сыныптың жігіттері



2 жүргізуші:Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа

Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа

1-жүргізуші Бекарыс:Құрметті аяулы аналар, ұлағатты ұстаздар және сыныбымыздың қылықты қыздары! Сіздерді көктем мерекесі 8-наурыздарыңызбен шын жүректен тағы бір мәрте құттықтай отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз және жігіттердің атынан дайындалған кішігірім сыйын қабыл алыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал