7


  • Учителю
  • 'Юю дыбысы мен әрпі' ашық сабақ

'Юю дыбысы мен әрпі' ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Юю дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Юю дыбысы мен әрпін таныстыру, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету және дұрыс айтуға үйрету. Ю дыбысы бар сөздер айту, дыбыстық, буындық талдау жасату, сигналды белгілермен жұмыс жасау, геометриялық фигуралармен таныстыру.

Дамытушылығы: Әріптердің дыбысталу ерекшеліктеріне қарай отырып, сөздің ішіндегі орнын анықтау дағдыларын дамыту. Ю дыбысының й және у дыбыстары түрінде естіліп жазуда ю әрпімен таңбалану ерекшелігін сөздерге дыбыстық талдау жасай отырып, оқушылардың өздеріне аңғарту. Дауысты дыбыстың шартты белгісін қолдана отырып, ю дыбысының буындағы орнын анықтату.

Тәрбиелілігі: Аңдардың тіршілігі, олардың пайдасы туралы әңгімелей отырып, оларды қорғау, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін сақтауға тәрбиелеу, сауаттылыққа үйрету.

Көрнекілігі: Юю әрпі, ауыл көрінісі, тақырыпқа байланысты суреттер, жұмбақ, доп.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, жұмбақ.

Пәнаралық байланыс: музыка, дене шынықтыру, дүниетану, математика, орыс тілі.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

II. Топқа бөлу

III. 1. Магнитафоннан Әже туралы ән тыңдау

2. Сұрақ-жауап:

  • Балалар, мына өлеңде кім туралы айтылған?

  • Әже деген кім?

  • Сендердің Әжелерің бар ма?

  • Әжелеріңе көмектесесіңдер ме?

  • Біз бүгінгі сабағымызда алыс қазақ аулына «Ақ әжемнің» аулына қыдырып қайтамыз.

Біз сендермен саяхатта көп нәрселерді көреміз, жолдағы кедергілердің бәрін жеңіп, өзіміздің №8 мектебімізге көңілді оралуымыз қажет.

  • Ал енді саяхатқа шығуға әзірміз бе?

3. Мына геометриялық фигуралардан автобус құрастырайық.


  • Осы автобуспен Әжеміздің аулына барамыз.

4. - Әжеміздің аулына жеткенше үй тапсырмасын қайталап барайық.

I топ: - Я дыбысы қандай дыбыс?


ЯӨз алдына буын құрай алады

Созылып айтылады Дауысты


Сөз ортасында,

сөз соңында Й + А


Сөз басында

II топ: Оқулықпен жұмыс

Сөздерді оқу

III топ: Сұр қоян өлеңін жатқа айту.

ҚоянҚыли

Сұр Қорқақ

Жылдам Секіреді


Ақ

5. Сабақты қорытындылау. Я дыбысы дауысты, қосарлы дыбыс, өз алдына буын құрай алады, сөз басында, ортасында, соңында келеді.

IV. Негізгі бөлім

  1. - Әжеміздің аулына да жетіп қалдық. Ауылдың көрінісіне көз салайықшы. Ауыл таудың етегінде, құмның шетінде екен. Табиғаты, ауасы қандай тамаша!

  2. Сұрақ-жауап:

  • Қазір қай мезгіл? Күз

  • Осы мезгілде қанша ай бар? Қыркүйек, қазан, қараша

  • Қараша айын қандай ай деп атаймыз? Алтын күз

  • Әнекей, әжеміз де көрінді. Әже сәлеметсіз бе? (Әже келеді)

  • Айналайындар, келіп қалдыңдар ма? Сендерге сыйлық әзірлеп қойып едім.

  • Мына заттар сырмақ, қоржын, тұтқыш деп аталады. Мен сендерге осыларды сыйлаймын.

  • Рахмет, әже! Мен сізге бір тақпақ айтып берейін.

Айдана: Балдай тәтті әжем

Сіздей жан жоқ маған,

Қуантса екен сізді

Менің бестік бағам!

  • Өркенің өссін, балам.

  1. Сұрақ-жауап.

  • Балалар сырмақтың ортасынан, шетінен не көріп тұрсыңдар? (Ою)

  • Ою не үшін қажет?

  • Оюды тағы қайдан көрдіңдер? (Тудан, кеседен, киімнен, кілемнен т.б.)

  • Еліміздің туынан көрдік. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Еліміздің болашағы сендерсіңдер.

  1. Ою-өрнек туралы түсінік беру.

Ою-өрнек дегеніміз - геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы.

Күні бүгінге дейін өнер танушы ғалымдар қазақтың ою-өрнегінің 230-дан астам түрін тапқан.

Ғылымда ою-өрнекті 4 топқа бөледі.

  1. Космогониялық (ғарыштық): Айшық, жұлдыз, ай мүйіз, құс жолы, кемпірқосақ, шимай т.б.

  2. Зооморфтық: қошқармүйіз, таңдай, қосмүйіз, сынықмүйіз, түйетабан, өркеш, омыртқа, қазмойын.

  3. Өсімдік тектес: жапырақ, жауқазын, гүл, ағаш, өткізбе, үшгүл т.б.

  4. Геометриялық: ирек, балдақ, шынжара, тұмарша, ботакөз, төртқұлақ, қармақ т.б.

Ою деген сөз бен өрнек деген сөздің мағынасы бірдей, бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау. Сондықтан ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.

  1. - Енді балалар, ою деп айтыңдаршы, сендерге қай әріп таныс емес? Ю дыбысы

  • Онда біздің жаңа сабақта өтетін дыбысымыз - Ю әрпі мен дыбысы.

  1. Ю дыбысын хормен айтқызу.

  • Дыбыс қысылып шығып тұр ма?

  • Дауысты дыбысты айтқанда өкпедегі ауа ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай шығады. Яғни, Ю дауысты дыбыс.

  • Ю дыбысын айтқанда Я дыбысы сияқты Й+У дыбыстары қосарланып айтылады. Жазғанда Ю әрпі жазылады.

  1. Баспа, жазба түрлерімен таныстыру.

  • Баспа түрін қайдан оқимыз?

  • Біз қай түрімен жазып үйренеміз?

  • Әріп элементімен танысамыз.

  • Мен тақтада жазамын, сендер ауада жазасыңдар. Юю

  1. Ю дыбысы созылып айтылады, өз алдына буын құрай алады. Мысалы, а-ю, о-ю, қо-ю.

Ю дыбысы сирек кездесетін дыбыс. Орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Мысалы, орысша қазақ үйді ЮРТА дейді. Бұл сөзде сөздің басында кездеседі. КОМПЬЮТЕР сөзінде сөздің ортасында кездеседі. Сонда сөздің басында, ортасында, соңында кездесе береді екен.

  1. Жұмбақ шешу. Балпаң-балпаң басады,

Қыр жотадан асады.

Паналайды үңгірді

Іздемейді тасаны. (аю)

  1. Аюды сипаттау


АюБатыл

Аңғал Қоңыр

Баяу Жыртқыш


Ақ

Табиғатты, жан-жануарларды қорғау, оларға қамқорлық жасауымыз керек. Ол әрбір Қазақстан

азаматының міндеті екен.

  1. Дыбыстық, буындық талдау жасау. Ою, аю, қою.

  2. Сергіту сәті. Бес саусақ.

  3. Оқулықпен жұмыс

1. А) Сөздерді оқу

Ә) Мағыналарына түсінік беру

2. Суретпен жұмыс.

3. Мәтінді оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, іштей оқу, тізбектей оқу.

14. Дәптермен жұмыс

15. Топпен жұмыс

I топ: Тірек-сызба арқылы бір буыннан бірнеше сөз құрау


А

О Ю

Ұ

И


II топ: «Сөз ойла, тез ойла»

III топ: Сөздерді буынға бөлу. Ти-ю, қо-ю, со-ю, то-ю, сү-ю, кү-ю.

16. Қорытындылау. Топтастыру стратегиясы

  • Бүгін не үйрендік, не білдік?


ЮДауысты

Қосарлы й+у Созылып айтылады

Басында, Буын құрай алады.

ортасында

Соңында


  • Біз енді аулымызға қайтайық, әжемізге келіп, Ю дыбысы және әрпімен таныстық. Әжеміз кетерде оюлар сыйлаған болатын. Сол оюлармен топтарды бағалаймыз. Сабағымызды аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал