7


  • Учителю
  • Мамандығы келістінің - еңбегі жемісті атты сыныптан тыс шара

Мамандығы келістінің - еңбегі жемісті атты сыныптан тыс шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мамандығы келістінің - еңбегі жемісті

(Колледж түлектерімен кездесу кеші)

- Кеш жарық! Ұлағатты ұстаздар, студенттер! Бүгінгі «Мамандығы келістінің - еңбегі жемісті» атты студенттермен кездесу кешіне қош келдіңіздер!

- Қайда менің студенттік күндерім,

Жалындаған жастық шағым, күн керім.

Дауылдатып, думандатып жүретін,

Бақытты шақ, шалқып шығар күндерім, - дей келе, бүгінгі кешті ашық деп жариялаймыз!

«Бұл әнім - бұрынғы әннен өзгерек» - демекші, кешіміздің басты ерекшелігі, түлектер мен болашақ маман, яғни студенттер пікірі бір арнаға тоғысып, тығыз байланыста болу үшін:

Нұрлы үміт арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Білім алған оқу орнын аңсаған,

Түлектердің қауымы да ортада, - деп, оқу орнымыздың бітірген түлектерін ортаға шақырамыз.

Бұл жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, аға-апаларымыздың ісін әрмен қарай жалғастыратын болашақ елдің азаматтары. Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат - студенттік өмірдің қызықты да қиын күндерінен естеліктер айтып, бітірген мамандықтары туралы ой бөлісу.

- Өнерпаздар жарасып сан саласы,

Жиын десе, той десе жан салады..

Кешіміздің ашылу құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады.

Ән: «Жастар әні».

Құрметті колледжіміздің түлектері! Сіздерді осы кештің жүру барысымен таныстыратын болсақ, кешіміз 5 бөлімнен тұрады:

  1. Колледж түлектерімен танысу.

  2. Қызықты ой-толғау.

  3. Біз де студент болғанбыз.

  4. Түлектерден тарту.

  5. Көрермен көкейіндегі ой.

1-бөлім бойынша түлектеріміз өздерін таныстырып, қай жұмыс орнында қызмет ететіндігі және таңдаған мамандығының қоғамдағы маңызы мен пайдасы туралы тоқталып өтеді.

Еліміздің болашақ жастарымыз,

Білім шыңы шығатын асқарымыз.

Кең жерде еркін өскен, ойнақтаған,

Игілікке бөленген жас жанымыз, - дей келе, 2-бөлім «Қызықты ой-толғауға» кезек берейік. Бұл бөлімнің шарты: ортаға «жатақхана, сессия, семинар, лекция т.б.» терминдері беріледі. Соған дәл, айқын, нақты жауап беру керек.

- Алдырыңызда отырған колледж түлектері бір кезде студент болғаны анық. Сол кез жайлы ойланып көріңізші? Сіз қандай студент болып едіңіз. Ендеше келесі бөліміміз «Біз де студент болғанбыз». (Қызықты оқиға).

  • Бізді осы өмірге бағыттай білетін, оқушылар да, студент қауым да өзіне үлгі тұтатын жалғыз мамандық иесі бар. Ол - Ұстаз. Сол ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Өмірге адам боп, маман боп қаланып, қалыптасуымыз ең бірінші - ұстаз қауымының еңбегі. Ән ұстаздар қауымына арналады.

Келесі бөліміміз «Түлектерден тарту» деп аталады (түлектер өз өнерлерін көрсетеді).

Соңғы бөліміміз - «Көрермен көкейіндегі ой» (студенттер толғандырар сұрақтарын қояды).

Естен кетпес әрбір жанның күлгені-ай,

Естен кетпес қаламыздың түндері-ай.

Күнде қызық, күнде думан тамаша,

Қайран осы студенттік күндер-ай.

Жастық осы гүлдей болып көрінген,

Өлең-жыр боп сірә кетпес көңілден.

Естелік боп қалсын осы күндер бір,

Студенттік қызығы мол өмірден - дей келе, кешімізді аяқтаймыз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал