7


  • Учителю
  • Материал Нашақорлық ғасыр- дерті

Материал Нашақорлық ғасыр- дерті

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Такырыбы : «Нашақорлық -ғасыр дерті»

Мақсаты: Нашақорлық - ғасыр дерті дегендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактив тақта, слайд, ұлағатты сөздер, видеоролик, музыкалық таспа.

Мұғалім сөзі:

I.Кіріспе сөз.

Армысыздар құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін сіздерге мектебіміздің 8«ғ» сынып оқушыларының «Нашақорлық ғасыр дерті» атты ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз. Бүгінгі кездесуімізге мектебіміздің әдіскері, оқу ісі меңгерушісі және дәрігер маманы, мектеп тәрбие жөнінде орынбасары қатысып отыр.

Елбасының «Қазақстан-2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердін бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.

1-Жургізуші: «Денсаулық- зор байлық». «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқартуда өз қолымызда».

Өмірге адам бір ақ рет келеді,

Жастық шағың өміріңнің кемелі.

Куте білсең саулығыңды өрелі,

Табиғаттың бергеннен көп берері.

Нашаның зияны туралы. Нашақорға түскен адам өзінің азаматтық , амамгершілік қасиетін жоғалтып, имандылықтан біртіндеп айырылады,психикалық жағынан куйселіске ұшырайды, достарын отбасын жоғалтады. Есірткі сананы улайды, есірткіге тәуелділік пайда болған кезде, нашақор қандай жолмен болсада табуға әрекет жасайды. Осылайша қылмыстық ортаға қалай тап болғанын білмей қалады.

Есірткі заттарды қолданудың кейбір белгілері:

Оқушылар:

-ашу-ызаның шапшуы, көңіл-куйінің өзгеруі, тұрақтап бір жерде отыра алмау, тітіркену ;

-өз-өзіне немқұрайлы болу;

-қалыптан тыс шаршап-шалдығу және түнде ұйықтамау;

-ақша немесе зат ұрлау;

-ақшаны шамадан тыс жарату, қарызға алу;

-дәмге тәбеттің болмауы;

-шамадан тыс сойлеу,әсерлену, көтеріңкі қылып;

-жалған айтудың артуы немесе тұйықталу, жасырыну;

-кенеттен жаңа достардың пайда болуы;

-нашақорлар ортасында айтылатын сөздерді қолдану;

-көз қарашығының ұлғаюы және тарылуы.

2-жургізуші:

Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды. Ата-бабамыздың ең суйікті сусыны - дертке дауа, жанға шипа қымыз еді.

1-жургізуші:

Есірткі, анаша-ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әем болып куресуде. Бірақ ол-оңай алдырар жау емес екен. Есірткі-бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сиякты.

2-жургізуші:

Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар - кісінің көз жасынан, қайғы-қасіретінен алтын ақша тауып отырган қаныпезерлер.

1-жургізуші:

Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны-өсіп келе жаткан көкөрім жастар.

Анаша шегушілер - өзін- өзі өлтірушілер.

2-жургізуші:

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ауғанстан мен Тәжікстанда бірнеше мыңдаған тонна апиын сақталып отыр.

1-жургізуші:

Сол апиын легі бізге келмесіне кім кепілдік береді.

2-жургізуші:

Олай болса сақ болайық, ағайын!

1-жургізуші:

Ажал тарататын арашадан абай болайық!

2-жургізуші:

Егер ел боламыз десек, ұлт боламыз десек,

1-жургізуші:

Ата-анамызға қуаныш әкелгіміз келсе,

2-жургізуші:

Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі көркем болсын десек,

Екеуі қосылып:

Ел болып, халық болып, анашаны ауыздықтайық! Ғасыр індетіне қарсы тізе қосып күресейік, бауырлар!

Өз өміріміз үшін күресе білейік!

Салауатты өмір салтын қолдаймыз!

Мұғалім сөзі:

Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Дуниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.

Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).

Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?

Дұрр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?

Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұғалім мектепке келсін деді.

Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші кунделігіңді ( кунделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі.

- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.

Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып турған шығар. Өзің тартқан шығарсың.

Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығады).

Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?

Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.

Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).

Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!

Шешесі: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап құшақтай бастайды).

Әкесі: Андағы ақымақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.

Шешесі: Балам-ау не дейді. Кашан тарттың, кім үйретіп жүр?

Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.

Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басын сипайды).

Бала: Мама, алғаш аузым мен таңдайымды ашытты, түтіннін будақтата шығардым.

Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.

Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті,түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей, бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.

Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.

Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.

Әкесі: (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаған екенсің.

Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды)

Бала: мама әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып құсқым келді, тұла бойым әлсіреп демім бітіп тұншығып кеттім.

Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің?

Бала: мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.

Әкесі: көрдіңбе мұның істеп жүргенін ? деп тағыда ұра бастады

Бала: мама папамда тартадығой тартса не болады екен? Қазір менің бұрығыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен оданда жақсы тартамын.

Әкесі: Ойбай-ой метебіне сыныбына жетекшісіне не дейміз?

Шешесі: тартпады де сал!

Әкесі: Әй бір қойыңдаршы! Шешесі сенің араға түскеніңнің кесірі.

/шешесі баласын орнынан тұрғызып шығып кетеді.

1-жургізуші: өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері,еліктеу ересек болуға тырысу өмірдегінің бәрін байқап көру әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті.

2-жургізуші: Көкнәр деген шөп болады. Есірткінің біразын осыдан жасайды Көкнәрдің көз жасын ішкен адамдар өмір бойы жылап өтеді деген сөз бар.

Сахналық қойылым . Би Жан азабы

1-жургізуші: Сонымен Жан азабы биінен адамды ойландырар толғандырар ой келгені анық Сол

Үшін адамдар темкінің қаншалықты зиян екенін біз ендігіде білетін боламыз.

</<b>2-жургізуші: Ал ендеше осымен бүгінгі біздің «Нашақорлық -ғасыр дерті» атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.

































0233



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал