- Учителю
- План родительского собрания (10 класс)
План родительского собрания (10 класс)
10 «Б» -сынып:
«Тәрбие мен оқудың тамаша мектебі-үштаған» тақырыбында
ата-аналар жиналысы
Күні: 11.09.2015ж. сағ 18 00
Күн тәртібінде:
-
Ұйымдастыру тренингі
-
«Отбасылық құндылықтар ағашы» шығармашылық жұмыс
-
Теориялық бөлім
-
Жағдаяттық тапсырмалар (талдау, ой-пікір)
-
Қорытынды бөлім( сауалнама, қауіпсіздік ережесі, ата-аналар комитетін сайлау)
Жиналыстың мақсаты:
1. Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру
2. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету.
3 Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын бірлесе қарастыру
Өткізу түрі: пікір-талас
Әдіс-тәсілі: Тренинг жаттығулары, топтық жұмыс кеңес, шығармашылық тапсырма.
Көрнекіліктер: Ватман қағаз,қалам, жүрекше, үлестірмелі тапсырмалар, слайд, үлгілі бала суреті, үнтаспа
Б а р ы с ы: Ата-аналар жиналысының мақсаты хабарланады.
Слайд Амандасып жатқан адамдар
- Ортаға шығып шеңбер жасап тұрып бір-бірімізге амандасайық.
Ата-аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамын
Тақырыбы: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
Тренинг ережесі:
Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
1. Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір - бірімізбен
дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір - бірімізге күлімсірей қарайық
2 нұсқа. Бір - бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар? Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)
«Жүректен жүрекке»
(Ата-аналар шеңбер жасап,ортаға келіп тұрады. Қолдарында кішкене жүрекшелері бар. Жүрекшелерді бере отырып,жақсы лебіздерін білдіреді)
-Осы тілектеріңіз қабыл болсын десеңіздер,мына жүрекшеге,яғни балалардың жүрегіне әкеліп қояйық.
-Енді осы үлкен жүректі ,жүрекшелерімен бірге мектептің жүрегінің үстіне қояйық.
-Бәріміздің тілегіміз қабысып,жүректен-жүрекке жылы лебізіміз жетіп тоғысты«Тәрбие мен оқудың тамаша мектебі-үштаған»тақырыбындағы жиналысымызды бастаймыз.
I.Үш топқа бөліну.әр әннің бір жолы жазылған үлестірмелі қағаз
Сары қағазға жазылған «Әке туралы жыр»,қызыл қағазға жазылған «Ана туралы жыр», көк қағазға жазылған «Балапаным» әндерінің шумақтары жеке -жеке жазылған үлестірмелі тапсырмалар таратамын. Әр ата-ана өзіне тиген өлең шумағын өлеңдете айта отырып,түсіне орай топқа сары түс- «ӘКЕ», қызыл түс- «АНА», көк түс- «БАЛА» тобына бірігіп отырады.
-Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар!
Бүгінгі біздің атты«Тәрбие мен оқудың тамаша мектебі-үштаған»тақырыбындағы жиналысымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі -баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастанбақпасаң,
Жамандықтанқақпасаң,
Қадірденжұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланыңыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата -ана жоқ шығар.Бүгінгі ұл -ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз -ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші -ата -ана.
ІІ. «Отбасылық құндылық ағашы» шығармашылық жұмыс
«Құнды» сөзіне ассоциация
Қымбат, бағалы ... (жалғастырады)
- Сіз үшін не құнды? Неге?
- Баламен осы тақырыпта әңгімелесіз бе?
- Жеке өз отбасыңыздың дәстүрі бар ма?
- Отбасы құндылығын жоғалтып алмау үшін ата- аналар іс- әрекеті...
«Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»
Халық даналығы
ІІІ. Теориялық бөлім «Тәрбие мен оқудың мектебі- үштаған»
Әр топқа тақырып беріледі. Топ мүшелері өз тақырыптарын талдап, ойларын ортаға салады
1. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек?
2. Баланың сапалы білім алу үшін ата- ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
3. «Табысты оқушы» болу үшін қандай қабілет пен қасиет қажет?
IV.Қорытынды
Ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу .Ендеше ,ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. «Отбасында берілген тәрбие жүрегіңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік
Рефлексия
Құрметті ата-ана өз ойыңызды ашық нақты білдіруіңізді сұраймыз.
Рефлексия
Аты-жөніңіз
- Сізге пікірталас ұнады ма?
Өзіңізге маңызды қандай ақпарат алдыңыз?
Алдағы жиналыста қандай талдау ұсынасыз ?
Құрметті ата-ана өз ойыңызды ашық нақты білдіруіңізді сұраймыз.
Рефлексия
Аты-жөніңіз
- Сізге пікірталас ұнады ма?
Өзіңізге маңызды қандай ақпарат алдыңыз?
Алдағы жиналыста қандай талдау ұсынасыз ?
Құрметті ата-ана өз ойыңызды ашық нақты білдіруіңізді сұраймыз.
Рефлексия
Аты-жөніңіз
- Сізге пікірталас ұнады ма?
Өзіңізге маңызды қандай ақпарат алдыңыз?
Алдағы жиналыста қандай талдау ұсынасыз ?
Құрметті ата-ана өз ойыңызды ашық нақты білдіруіңізді сұраймыз.
Рефлексия
Аты-жөніңіз
- Сізге пікірталас ұнады ма?
Өзіңізге маңызды қандай ақпарат алдыңыз?
Алдағы жиналыста қандай талдау ұсынасыз ?
Құрметті ата-ана өз ойыңызды ашық нақты білдіруіңізді сұраймыз.
Рефлексия
Аты-жөніңіз
- Сізге пікірталас ұнады ма?
Өзіңізге маңызды қандай ақпарат алдыңыз?
Алдағы жиналыста қандай талдау ұсынасыз ?