7


Шәкірттерге арнау (11 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Биіктің көтерілдім асқарына

Уақыт, шіркін, өте шығар қас-қағымда

Ең алғаш еңбек жолым басталған ең,

Өздеріңді құшақ жая қарсы алғанда



Ал менің жадыраған күйім қайда,

Шәкіртімді басқаға мен қия алмайм ба?

Өздерің ғой қуантып жадыратқан,

Өздерің ғой шығарған қияға да!



Ұл - қыздарым, класымның қаймағы болған,

Көкке көтерер байрағым болған

Сөйлесе таңдайым болған,

Бетке ұстар маңдайым болған



Айғанымым иманы тасқан,

Айгерімім бас нұрын шашқан

Ақалтыным ақ көңілін ашқан

Айгерім мен Альмирам ақылды асқан

Қыздарым бар таусылмас дастан



Мөлдір мен Айданам бар, көрікті, сөздері саға болған

Құралайларым көңілімнің қарасы болған

Жұлдызым бар өнердің баласы болған

Балжаным ғой класымның данасы болған



Ақ пейіл, жүрегі кең, қарапайым,

Ұлдарыма жыр арнап таратайын

Бұл күнде тұрсыңдар ғой аға болып,

Ал менің жүрегімде әр бірің дара қайың



Ермегімнің елге мәлім адамдығы

Ақылмен бағаланар адам құны

Шаралардың талайына тірек болған

Нұрсұлтаным өнерімен таңқалдырды



Компьютер десе ұйықтамай ас батпаған

Дамирім ерке десең қас қақпаған

Аянбай класс үшін жанын салар

Жандәулетім абыройы асқақтаған



Білімнің отын жағып алаулаған

Алтын белгі Айдарым жалау болған

Ғинятым сабырлының ұрпағы ғой

Географияны жанына серік қылған



Әділбектің дархандығы даладай

Көңілденсе қуанады баладай

Жақтырмайды жамау сөзді жанамай

Тіке айтады бет жүзіне қарамай



Айдосым ғой ешкімге кінә тақпайтын

Адамсың ба жүрегіне сақтайтын

Түпсіз терең түйіндерді шешетін

Жанболатым әділдікті жақтайтын



Жасай бер, жалындай бер, жасымайық,

Мерейін класымның асырайын

Дендерің сау, әрқашанда ата-ананың

Үмітін ақтау екен басты байлық



Қанат құсы шаршамасын, талмасын

Ел тілегін алып ұшып самғасын

ҰБТ-дан жоғары ұпай жинаңдар

Есімдерін бар әлемді шарласын





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал