7


  • Учителю
  • Сынып сағаты 'Желтоқсан жаңғырығы' (5- класс)

Сынып сағаты 'Желтоқсан жаңғырығы' (5- класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Апта

Күні:14.12.2015 жыл

Сабақ: 45 минут

Сабақтың тақырыбы:

Желтоқсан жаңғырығы

Сілтеме:

Интернет, газет ,журналдар материалдары

Мақсаты:

Желтоқсан оқиғасы, себептері, сипаты, тарихи маңызы туралы мағлұмат беру;

Күтілетін нәтиже:

Желтоқсан оқиғасы, себептері, сипаты, тарихи маңызы туралы мағлұматтарды біледі.

Түйінді идея:

Желтоқсан -тәуелсіздік бастауы

Ресурстар (дерек көздері)

А4, үлестірмелі материалдар , стикер.

Тапсырмалар:

Тапсырманың түрлері

Тапсырманы орындаудағы қолданылатын тәсілдер

уақыты

Кіріспе

Мемлекеттік әнұранды орындау

Санақ бойынша топтарға бөлу;

Сабақ тың мақсаты

Орындарынан тұрып әнұранды айтады. Санақ бойынша топқа бөлінеді.

Топ мүшелері қызметтерін бөліседі.

5 мин

1-тапсырма

Желтоқсан оқиғасы, себептері, сипаты, тарихи маңызы туралы мағлұмат

Мәнмәтінді бөліп беру, түсініктерін постер құра отырып айтады.

10мин


Бағалау

Өзара топтық бағалау

Бір-біріне тапсырманы ауыстырып тексереді.

3 мин

2-тапсырма

Желтоқсан - тәуелсіздік бастауы (ой толғау)

Тәуелсіздік туралы ойларын жазып, таныстырады.

10мин

Кері байланыс

Екі жұлдыз, бір тілек

Стикерге пікірін білдіреді.

5 мин

Желтоқсан көтерілісі

Желтоқсан көтерілісі


Мәскеудің шешіміне наразылық білдіріп, 1986 жылы желтоқсанның ызғарлы күні Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастары


Орны

,

Күні

-

Мақсаты

орталықтан саяси тәуелсіздікті талап ету.

Сипаттамасы

Бейбіт шеру, көтерілісшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, арнайы әскери күштер тобы арасындағы қақтығыс

Өлгендер

168-200 адам

Жараланғандар

200-ден аса адам

Нәтижесі

КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған "Құйын - 86" операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. Көтерілісшілер сотталып, қатал жазаланды

Тұтқындалғандар

1000-нан аса адам

Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17 - 19 желтоқсан аралығында болған қазақ жастарының үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.


Себептері


Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі

Көтерілістің басталуына орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.


Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде "Желтоқсан. 1986. Алматы." (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), "Желтоқсан құрбандарын жоқтау", "Ер намысы - ел намысы" жинақтары, К.Тәбейдің "Мұзда жанған алау", Т.Бейісқұловтың "Желтоқсан ызғары" кітаптары мен "Желтоқсан" (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, "Аллажар" (1991, реж. Т.Теменов), "Қызғыш құс" кинофильмдері түсірілді.

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.

Көтеріліс хронологиясы

Түгелбай Тәшенов, Жамбылбек Тайджумаев, , Қайыргелді Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр.


Алматы қаласында орналасқан 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін еске алу монументі.

17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, "бұзақыларды" күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған "Құйын - 86" операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

Желтоқсанның 19 - 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның , , , , , , , , , т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.

Тарихи маңызы

Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен "қазақ ұлтшылдығының көрінісі" деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.

Желтоқсан көтерілісі туралы

Кино:

  • "", Желтоқсан көтерілісінің бар көрінісін Қаллдыбай Әбеновтың осы фильмінде керемет баяндалады.

Қаллдыбай Әбенов

1988-89 жылы фильмді бастағанда «маған ешкім кедергі жасамағанда, әлі де болса көптеген ақиқатты жарыққа шығарар ма едім?» деп ойлаймын кейде. Алаңда, алаңнан тыс жерлерде 2000-нан астам шейіт болған жастарымыздың денелерін толық еркіндігіміз болғанда, бәлкім, біз табар ма едік. Ақиқаттың көбі оқиғадан кейін-ақ жойылды. Мен фильмді Желтоқсан оқиғасына қатысқан, түрменің азабын шегіп келген уыздай жастарымыздың айтқан әңгімелері, бойынша түсірдім. Қазақтың ұл-қыздарын шырылдата сабап жатқан жерлерін өздерінің айтуларымен жасадым. Толқуды да оқиғаның бел ортасында болған балалардың әңгімесінен алдым.

Әндер:

  • "Желтоқсан ызғары",

Әдеби шығармалар

Айқараңғысы - Тұрысбек Сәукетаевтың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы романы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал