- Учителю
- Жоспар Отбасылық сайыс 'Толағай'
Жоспар Отбасылық сайыс 'Толағай'
«Толағай» отбасылық сайыс
Мақсаты:
Ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдам, шапшандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: Толағай жазылуы эмблемасы, спортқа байланысты нақыл сөздер, спорт энвентарьлар
Өту барысы:
1-жүргізуші:
Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұзтаздар! « Денсаулық құпияларыының бірі - спорт » дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан « Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
« Толағай» отбасылық сайысқа келген ойыншыларымызды өарсы алайық!
Музыка ойнайды.
1-жүргізуші: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерін таныстыруға келді. Кезектесіп шығып таныстырайық.
2 «А» сынып --------- отбасы
2 «Ә» сынып --------- отбасы
2 «Б» сынып --------- отбасы
1- жүргізуші: Жарыс болмай жеңіс болмас,
Бізге келіп күшпен сынас.
2- жүргізуші:
Мықты болсаң толағайдай,
Өнер көрсет жүлдеге талас.
1 - жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
2- жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де реншісіз болайық,
Қайымықпайық, көңілді болып тарайық!
1- жүргізуші: - Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар
алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
2- жүргізуші:
Жүйрік болсаң озып көр,
Бәрібір маған жетпейсін.
1- жүргізуші: - Әсет не айтып жүрсің?
2- жүргізуші: - Апай енді отбасылық сайысымызды бастайық.
1- жүргізуші: - Әрине ең 1-ші спорттық сайысқа келген отбасы топтарын
толық таныстырып өтейік.
( әр топ өздерін таныстырып өтеді)
1 - жүргізуші: -Бүгінгі спорттық сайыс 6 конкурстан тұрады.
1. « Кенгуру » сайысы.
2. « Пингвин » сайысы.
3. « Қаңбақ шар » сайысы.
4. « Сафари » сайысы.
5. « Кім көп секіреді?» сайысы.
6. « Кедергілер алаңы » сайысы.
1- жүргізуші: - Бүгінгі сайысымызда көмекші жетекшілерміз дене шынықтыру мұғалімдерін таныстырып өтейк ----------
1- жүргізуші: 1 конкурс : « Кенгуру » сайысы.
Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп екінші жаққа келіп берілген математикалық амалдарды шығарады. Қайтарда жүгіріп барады да анасының алақанынан ұрып келесі эстафетаны анасына береді. Сонан соң әкесі қайталайды.
( ойыншылар жарыса бастайды)
Хормен : Дайындал, қалыспа, алға!!!
1- жүргізуші: Ал енді « Кенгуру » сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-өазылар өздерңізде.
1- жүргізуші: 2 конкурс : « Пингвин » сайысы.
Допты аққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді. Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің алақанынан ұрып эстафета береді. Сонан соң әкелері қайталайды.
Хормен : Дайындал, қалыспа, алға!!!
Әр конкурсты жеке-жеке бағалайды.
Ал енді « Пингвин » сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-өазылар өздерңізде.
2-ші жүргізуші: Естеріңе сала кетейк эфирде « Толағай » отбасылық сайыс өтіп жатыр.
1-ші жүргізуші: 3 конкурс : « Қаңбақ шар » сайысы.
Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып қайтар жолда жүгіріп кетеді. Алдымен ұ Әкелер лдар бастайды да сонан соң әкелерінің алақанынан ұрып эстафета береді. Сонан соң әкелері қайталайды.
Хормен : Дайындал, қалыспа, алға!!!
( ойыншылар жарыса бастайды)
1-ші жүргізуші: Ал енді « Қаңбақ шар » сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздерңізде.
(берілген бағалалар тыңдалады)
1-ші жүргізуші: 4 конкурс : « Сафари» сайысы
Қаппен секіріп барып себеттегі шарларды шелекке лақтыру. Қайтар жолда тағысекіріп бару. Алдыменен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің алақанынан ұрып эстафтаны береді. Әкелер дәл солай қайталап орындайды.
Хормен : Дайындал, қалыспа, алға!!!
( ойыншылар жарыса бастайды)
1-ші жүргізуші: Ал енді «Сафари» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздерңізде.
1-ші жүргізуші: 5 конкурс: « Кім көп секіреді?» сайысы
Балалар әкелеріне скакалкамен секіріп барады да скакалканы береді, ал әкелері скакалканы аяқтарынын астынан өткізіп отырып мәреге секіріп келеді.
( ойыншылар жарыса бастайды)
Хормен : Дайындал, қалыспа, алға!!!
1-ші жүргізуші: Ал енді «Кім көп секіреді?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздерңізде.
1-ші жүргізуші: 6 конкурс: « Кедергілер алаңы» сайысы
Осы сайыста ең бірінші әкелер бастайды. Кедергілермен өрмекшілер жүріспен жүреді. 2-ші аналар бұл сынақтан өтеді. Келесі балаға жеңілдік өрмекші жүріспен мәреге дейін жүріп қайтарда обручпен секіріп жүгіреді.
Хормен : Дайындал, қалыспа, алға!!!
1-ші жүргізуші: Ал енді « Кедергілер алаңы» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздерңізде.
«Толағай» отбасылар сайысы - еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықтық бағдарлама.
Сондықтан бүгінгі отбасыларға қатысқан үшін көп-көп рахмет!
Келесі сөзді әділ-қазыларға береміз.
Сайыс аяқталды. Қош сау болыңыздар!!!
Музыкамен аяқтау.