7


  • Учителю
  • Баяндама. «Отбасы – өмір аясы».

Баяндама. «Отбасы – өмір аясы».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Баяндама

«Отбасы-өмір аясы»


Ата-аналар жиналысы






Өткізген: Изгалиева Гульмира Жуныскановна

1 сынып мұғалімі

Диев орта мектебі

2014.01.11

  1. «Шаттық шеңбер» құрып, танысу тренингін өткізу.

«Танысу» тренингі - ата-аналар бір-біріне өз есімдерін, оның алдына бір сын есім қосып айтып танысулары керек. Мысалы: айдай сұлу Айсұлумын, керім Күләшпін,

2. «Миға шабуыл» әдісі

- Бала деген кім?

Бауыр етіміз , болашағымыз, үмітіміз, сүйенішіміз ,өміріміздің жалғасы, ізбасарым, мұрагерім, көмекшім, ақылшым

-Балаңыздың бойынан қандай жағымсыз қылықтарды көргіңіз келмейді?

Еріншектік, жалқаулық, сараңдық, мақтаншақтық, күйгелектік т.б.

-Жағымсыз қылықтардан баламызды аулақ ұстау үшін не істейміз?

Ақыл- кеңес айту,тәрбие мен білімді ұштастыра беру,өнеге көрсету,үлкенді сыйлауға үйрету т.б

Баяндама. «Отбасы - өмір аясы».

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда:

«Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала - ата- ана өмірінің жалғасы. Бала тәрбиесі - қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Жазушы - педагог Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. »

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп

Кешкенің өмір босқа тек - дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.

Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

Ата-аналар жиналысы


Хаттама№1

Қатысқаны: 01.11.2014 ж

Қатыспағаны:


Тақырыбы: Отан-отбасынан басталады.

Мақсаты Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер*Мектеп пен ата-ана байланысын нығаяды, жұмыс жүйесін жақсарады,

*Ата-ананың, баланың оқу- тәрбиеге қатысты жауапкершілігін артады.

Жиналыс барысы :

1.Ата-аналармен амандасу. «Шаттық шеңбер» құрып, танысу тренингін өткізу.

2.Ата-аналарды 3 топқа бөлу;

3.«Миға шабуыл» әдісі

4. Педагогикалық ойын.
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен) сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз?
5. Баяндама оқу. «Отбасы - өмір аясы».

6. Оқушылардың бірінші тоқсан бойынша білім деңгейін айтыу.

7. Әр түрлі тақырыптар бойынша сұрақ жауап.


Шешімі:

1.Бала нені білсе жастан, ұядан,

Өле өлгенше соны таныр қиядан - дегендей отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық екенін естен шығармайтынын және баланың саналы тәрбие , білім алуына өз көмектерін аямайтынын, себепсіз сабақты қалдырмайтыны айтты..

2.Күзгі демалыс уақытында балаларына өздері жауап беретіндігі жонінда шешім қабылданды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал