- Учителю
- Ұлттық теңге-кемел болашақтың кепілі
Ұлттық теңге-кемел болашақтың кепілі
</ Тақырыбы: Ұлттық теңге-кемел болашақтың кепілі
Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын
түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің
айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа
ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта,
оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек
таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту,
белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол
жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, «Тәуелсіз Қазақстанға
- 20 жыл» кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен
монеталары қойылады, слайд шоу.
Міне, бүгін теңге күнім - мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!: Біздің
Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт
өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде,
кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі
мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз
Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш
тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат
бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп
тапсыруға тиіспіз. «Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма» -
деп, жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге) Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі!
- дей келе «Теңге - тәуелсіз экономиканың темірқазығы» атты
танымдық сабағымызды бастаймыз. Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері
болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның
ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.
Әрбір елдің тарихында үлкен шежіре, тарих жатыр. Ал біздің еліміз
үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол
тәуелсіздіктің белгілеріне ие болды. Біздің ұлттық бейнемізді,
болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба,
Әнұран мен Туымызбен бірге тағы бір белгі - ұлттық теңгеміз бар.
Теңге 1993жылы 15 қараша күні дүниеге келді.
Тарихқа шолу жасайық. (Оқушылардың сөзі тыңдалады.)
I - бөлім
«Буындарды жина» тапсырмасы.
Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту.
Шарты: оқушылар топта буындардан мақал - мәтел құрастырып,
мағынасын түсіндіруі шарт.
(мақалды құрастыру арқылы оқушылар топқа бөлінеді.)
1. Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
2. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
1 - топ
2 - топ
II - бөлім «Ақша және психология»
Ақшаның күші мен қасиетін білдіретін 7 ереже
Мал - баққанға, ақша - адалдан тапқанға бітеді.
Ақша туралы арам ой да - зиян.
Алаған қолым - береген. Үстемелеп берсеңіз, үстемелеп аласыз.
Қайырымдылықпен айналыссаңыз, шығынның қайтарымы мол болады.
Басы артық дүниеңізді басқаларға беріңіз. Алғысының күші ақша болып
қайтады.
Жанашырлық жасағанды Жаратқан Ием жарылқайды. Біреуге міндетті
түрде көмектесетін бол.
Өмірдегі басты парызың - қайырым, садақа. Оны ұмытсаң, өзің де
ұмытыласың.
2 - топ Ақша туралы ырымдар
1. «Қағаз купюр мен металл тиындар (ақшалар) өздерін қадірлеп,
қастерлеп, аялағанды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған
ақша сол жерден шыққысы келмейді.
2. «Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей
алмаған өзіңізден көріңіз»
3. «Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда
қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде
ұқсатқанды ұнататын көрінеді.
4. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай,
қанша ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ
десең, жоғала береді.
III - бөлім
Теңгемнің беттерінде данышпандар,
Халқының қамын ойлап қамыққандар.
Әл - Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан.- дей келе оқушыларымыздың үйден
дайындап келген
ақшаларды қорғау
ІV- бөлім Онда ойынымыздың «Ақша туралы ой»
1 - топ Ой қозғау: ақша қандай қызмет атқарады?
Мақсаты: оқушылардың бейнелі сөйлей білу қабілеттерін дамыту.
Шарты: топта ақшаның қызметтерін бір ақ қағаз бетіне суреттермен
салуы тиіс.
Тапсырмасы: ақша - құн өлшемі, айналыс құралы, қазына, қор, төлем
құралы.
2 - топ
Қазақстан - қарқындап дамып, біртіндеп байып келе жатқан тәуелсіз
ел. Ал баю үшін ерінбей еңбектену қажет. Бір сәт өздеріңді
кәсіпкер, яғни бизнесмен деп елестетіңдер. Өзің ұнатқан не жаңа бір
істі ашып, айналыспақшысың. Саған не керек?
(Екі топқа 5 минут уақыт беріледі және алдарына берілген тапсырмасы
арқылы плакат бетіне түсіріп қорғайды.)
V - бөлім: «Теңге әдебиетте».
Бұл бөлім 2 кезеңнен тұрады. Ребус құрастырып, теңге туралы өлеңдер
оқимыз.
- Біздің ұлттық валютамыз 1 күнде пайда болған жоқ. Оның өзіндік
тарихы бар екеніне көз жеткіздік. Ол эволюция түрінде пайда болып,
дамып келе жатыр. Валюта тарихы дербестікпен тығыз байланысты.
Тәуелсіздік те бір күнде пайда болған құбылыс емес. Тәуелсіздік -
біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің
арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік - біздің ең басты игілігіміз,
баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін
жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің
Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған
ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық
мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльді аймағынан шығып, өзінің
ұлттық валютасын шығарды. Теңге - дербестік тірегі, экономикалық
дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен
орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.
Қорытынды:
Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз, Қазақ деген елденбіз. (Оқушылар бірге хормен)
Тақырыбы: Ұлттық теңге
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі
теңгемен тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану
аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту.
Туған жеріне , отанына сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрекілігі: Алғашқы теңгелердің үлгілері, «Теңге -
мемлекет келбеті», жаңа сөздер.
Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту.
Теңгемен .
Ендеше тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Теңге - мемлекет келбеті».
«Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар:( теңге, тиын, ақша,
валюта, қаржы,капитал).
Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.
Теңге тарихын айтып бермейік.
Теңге тарихы
- Мемлекетіміздің елбасы - Н.Ә. Назарбаев.
- Қазақстан Республикасның тұңғыш Президенті болып қай жылы
сайланды?
- 1991жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасчының тұңғыш
Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
- Президент Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын белгілеп отырды. Әрбір егеменді елдің өзіне тән
мемлекеттік рәміздері, яғни белгілері болады. Оған Ту, Елтаңба
және Әнұран жататының Сіздерге белгілі.
- Мемлекетіміздің Әұранның авторы кімдер?
- Мемлекетіміздің Туының авторы кім?
- Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер ?
(Оқушылар жауабын тыңдалады).
Жүргізуші: Қазақстан Республикасы - егеменді , тәуелсіз
демократиялық мемлекет. Оның өзі Ата Заңы , мемлекеттік рәміздер,
ұлттық валютасы бар.Ал енді оқушылар теңге туралы не біледі
екен?
1 - Оқушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі
- ұлттық валюта.Ол - Қазақстан Песпубликасы көлемінде
пайдаланылатыгн заңды төлем құралы. Ақша - асылд қазына ,
халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді
Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда
жасалған.
Жүргізуші: Теңге өмңірге оңайлықпен келген жоқ.
Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге тапсырма берді.
Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң
тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезеңде қандай ақша
болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары
іздстірілді.
2 -Оқушы:Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға байланысты
жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер жасалып , ішіндегі «
мықтылары »Елбасының таңдауына берілді. Елбасының берген
тапсырмасына сәйкес ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы
жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап
енгізіліп , елдің қолына тиіп , ел мәре - сәре болысты.
Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің бастыюелгісі еді.
Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 19жыл толып отыр. Қазақ
теңгесі Англияда басылдыы.
Жүргізуші: Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар.
Ұлттық валютамыздың дизайның жасаушы авторлық топтың
жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Төл теңгеміз тек өз
еліміздің экономикасын ғана емес, көрші жатқан елдің
экономикасына да үлесін қосты. Одан түскен пайда елге оралып
экономикамыздың дамуына , халықтың тұрмысын жақсартуға
жұмсалуда.
Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі . Басқаның
валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне
беру. Ұлттық валюта - еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге
теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта
тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді.
ҚР 1995 жылғы 30наурызда №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкі
2006жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000
теңгелік банкноттары айналысқа шықты.
Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында
айырмашылықтар бар.Енді теңге туралы әңгімелейік.
Алдыңғы шыққан Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою -
өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының
әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою -
өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Одан кейін жаңа айналысқа шыққан ақша мынадай болып
өзгерді.(қазіргі қолданыстағы теңгелер көрсетіледі.
Теңгенің орталық бөлігінде « Астана - Байтерек» монументі
бейнеленген . Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны
ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік елтаңбсы жасыл түспен
бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік туы бейнеленген.Банкноттың төменгі жағында ашық
алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді.
Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанда
Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті
салынған.
Жүргізуші: «Тиыннан теңге құралады» , - демекші ,
ақшаны үнемді пайдалану керек.Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның
арасында қандай айырмашылықтар бар?
(Оқушылардан сұрап жауаптарын толықтыру)
Кім тез ұғып алды екен « Сиқырлы сандықша» ойынын ойнап
көрейік.
-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
-Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар кімдер?
-Ақша қандай қызмет атқарады?
-Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай?
-Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған ?
-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар?
-Қайдан несие алуға болады?
-Ақшаны қайда жинауға болады?
-Ұлттық валюта дегеніміз не?
-Теңге немен безендіріледі?
-Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған?
-Қазақ теңгесі қайда басылды ?
-Сен ақшаны орынды жұмсай аласың ба?
Сабақты қортындылау:
Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта
білімді, саналы азамат болып өсуімізге борлық жағдай
жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі
жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіңдер, соған
лайықты ұлан болып өсіңіздер! Сіздерге қатысқандарыңыз үшін
рахмет.