7


  • Учителю
  • 'Рухани ізгілік күнінің жоспары'

'Рухани ізгілік күнінің жоспары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: Келісемін

Мектеп директоры С. Жұпарғалиев Мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

М. Мулдашева

Рухани ізгілік күні кестесінің жоспары

5 «А» сыныбы

2014-2015 оқу жылы

Р/с

Іс шаралар мазмұны

Мерзімі

1

Жоспар жасақтау. Теріс діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру

Қаңтар

2

«Дінім өмірімнің тұтқасы» сынып сағаты

Қаңтар

3

«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы»заңнан үзіндіні оқу

Қаңтар

4

Газет , журналдардан мақала жинақтау

Үнемі

5

«Діни қоғам өмірінде...» тақырыбында (шығармалар жазу)

Ақпан

6

«Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінесіз?» оқушылар мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізу

Ақпан

7

Діни- экстремизмге қарсы бағыттағы суреттер көрмесін ұйымдастыру

Ақпан

8

«Имандылық - инабаттылық айнасы» сынып сағаты

Наурыз

9

«Діни сауатсыздық -*діни эксремизмнің бастауы» баяндама

Наурыз

10

«Діни туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу»

Наурыз

11

«Діни экстремизм мен терроризм қандай шыққан ?» тақырыбында әңгіме жүргізу

Сәуір

12

«Қазақстандағы теріс ағымдағы діни -экстремизм ж/е терроризм қауіп- қатері» бейне слайдтар көрсету

Сәуір

13

«Діни ағымдарға көзқарасыңыз?» сауалнама жүргізу

Сәуір

14

«Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында әңгімелесу

Сәуір

15

Діни туралы қазақ өлеңдерін жинау

Мамыр

16

«Мұсылманның бес парызы» туралы айту

Мамыр

17

«Діни экстремизмнің алдын алу » сынып сағаты

Мамыр

18

«Секта және сектанттар туралы не білеміз?»

Мамыр


Сынып жетекшісі: Нигметова В.

Тақырыбы: Имандылық - ізгілік негізі.
1. Білімділік мақсаты:
Оқушылардың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы жаңалықтармен танысу.
2. Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
Түрі: пікірлесу, топтастыру
Жүру барысы:
Кіріспе. (мұғалім сөзі)

Халқымыз жан - жақты адамды « сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі.
Міне, сол себепті біз бүгінгі сынып сағатымызда «Имандылық - ізгілік негізі» деген тақырыпта өз ойларымызды ортаға салмақпыз.

І. Имандылық деген не? Қалай түсінесіздер? Пікірталас.
Пікірталасты бастамас бұрын мына бейнесюжетке көңіл аударуларыңызды сұраймын.
«Өмірде болған»бейнефильмінен үзінді көрсету.
Бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдары біледі екен, соған кезек берелік.
ІІ. Мұсылман діні туралы ұғымдар

Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.
Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды.
Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні - жұма.
Ораза ұстаған адам өзін - өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік, өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.
Мұсылмандардың қасиетті үйі - мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.

Мұсылман дінінің қасиетті кітабы - Құран.

Ораза айында әр отбасы жан басына белгіленген мөлшерде пітір - садақа береді. Бұл осы Рамазан айына аман - есен жеткеніміз үшін берілетін құдайы садақа.

Тіршілікте таза болып, дұрыс, түзу жол табу - иман мен жақсы істердің нәтижесі. Иман - адам бойында қанағат, қайсарлық пен сабырлық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады
ІІІ. Абайла адасу! «Абайла, дін саудагерлері!» тақырыбында теріс бағыттағы діни ағымдардың іс - әрекеттері мен мақсат - мүдделеріне тоқталып оқушы пікірлерін білу.
Өзге елден келген теріс жолды насихаттаушылар елімізде көбеюде. Ұлтымыздың салт - дәстүріне қарама - қайшы пікірлер айтылады. Ислам дінін жамылып ислам құндылықтарын жоққа шығарып шет елден келген секта, миссионерлері өздерінің қара ойларын іске асыруда. Олардың саны өкінішке қарай көбеюде. Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды теріс бағытқа тәрбиелеуде. Исламдағы теріс діни ағымдардың кесірінен қасиетті Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм, террор діні саналуы қынжылтады.
ІҮ. Топтастыру

Теріс бағыттағы діни ағымдар
1. Басқа нұқсан келтіру, адамдарға деген жиіркенішті сезім тудыруды уағыздау.
2. Адам ойына үстемдік жүргізу.
3. Мемлекеттің, отбасының бірлігін, тыныштығын бұзу.
4. Халықтың патриоттық қатынастарын бұзу.
5. Мемлекеттің тәуелсіздігіне нұқсан келтіру және мемлекет заңдарына бағынбау.
Ү. Қорытындылау. Елбасының 2050 стратегиясынан үзінді.
Н. Ә. Назарбаев: Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады.
Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.


Тақырыбы:«Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңызы »

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.

Әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Жүру барысы:

Кіріспе сөз.

Адамгершілік - адамның асыл қасиеті.

Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Бүгінгі сынып сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал балалар, сөз кезегі өздеріңде.

Адамгершілік бастауы неде?

1-оқушы.Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

2-оқушы.Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын - еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

3-оқушы.Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу - әр баланың өмір бойғы міндеті.

Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.

Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

ІІ. Жағдаяттан шығу. (оқушыларға тапсырмалар жазылған қағаздар таратылады)

Сұрақтар:

- Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

- Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

- Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

- Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

- Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

- Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

- Асықпай түсіндіріп беремін.

- Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

- Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

- Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

- Әдептілік деген не?

- Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.

Мұғалім.«Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.

Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

4-оқушы.Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.

Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.

5-оқушы.Ізеттілік - айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу - бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

6-оқушы.Әділ болу - адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

7-оқушы.Рұқсат сұрау - адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

Имандылық - әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

8-оқушы.Кешікпеу - бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Сабырлылық - адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық - айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

«Адамгершілік» тақырыбында сөзжұмбақ шешілді. Сұрақтары:

1. Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).

2. Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).

3. Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).

4. Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).

5. Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).

6. Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).

7. Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).

8. Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).

9. Адам іс-әрекетін қозғайшы күші (қажеттілік).

10. Адам дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология).

11. Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).

12. Ең асыл қасиеттердің бірі (ерлік).

Қорытындылау.Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың.



Хаттама № 3

23.01.2015 Катысқаны: 12

Қатыспағаны: 1

Жиналыс төрайымы: В.Нигметова

Жиналыс хатшысы: Қ.Нуриева

Күн тәртібінде:

  1. «Имандылық - ізгілік негізі» тақырыбында 5 А сыныбында өткізілген сынып сағатын талқылау.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып жетекшісі В.Нигметова «Имандылық - ізгілік негізі» тақырыбында сынып сағатының өткені, түрі, әдісі, жүру барысымен таныстырды. Имандылық - адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы , ізгілік, кісілік белгісі екендігін, бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты "көргенді" деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды "иманды" деп атайтындығы туралы, мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болғандығы туралы айтып өтті.

Сөйлеушілер:

Отарбай А.

Бүгінгі сынып сағатымызда біздер имандылық туралы, мұсылман діні туралы, теріс діни ағымдардың мақсаты туралы білдік. Бүгінгі шарада өзіме көптеген мағлұматтар алдым, теріс діни ағымдардан бойымды аулақ ұстаймын. Сыныптас достарымды иманды болуға, әдепті болуға шақырамын.

Алауова А

Бүгін мен сынып сағатынан үлкен әсер алдым. Адам бойындағы асыл қасиет - имандылық туралы сыныптастарымызбен біраз ойларымызды ортаға салдық. Кейбір білмейтін ұғымдармен де таныстық. Сынып сағаты өте қызықты, тартымды өтті.

Амангелді Н.

Мен де сыныптастарымның айтқандарына қосыламын. Пікірталас қызық әрі тартымды болды. Сондай-ақ өзімнің теріс ұғымдар туралы мағлұматтарды көп білмейтіндігімді байқадым. Алда ондай жаман қылықтардан жат боламын. Бүгінгі шара көңілімнен шықты.

Қаулы:

  1. 5 А сыныбында «Имандылық - ізгілік негізі» тақырыбында өткізілген сынып сағаты айтылған мәселелер қатерге алынсын.

Жиналыс төрайымы: В.Нигметова

Жиналыс хатшысы: Қ.Нуриева


Хаттама № 10

17.10.2014 Катысқаны: 13

Қатыспағаны: 0

Жиналыс төрайымы: В.Нигметова

Жиналыс хатшысы: Қ.Нуриева

Күн тәртібінде:

  1. «Адамгершілік -рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында 5 А сыныбында өткізілген сынып сағатын талқылау.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып жетекшісі В.Нигметова «Адамгершілік-рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында сынып сағатының өткені, түрі, әдісі, жүру барысымен таныстырды.

Сөйлеушілер:

Талапова А.

Бүгінгі сынып сағатымызда біздер адамгершілік туралы ойларымызды ортаға салып талқыладық. Жағдаяттық тапсырмаларды орындап, адамгершілікке байланысты сөзжұмбақтар шешіп, сынып сағаты қызықты өткіздік.

Еламанова А.

Мен бүгінгі шарада адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдым. Оқушалыр арасында адамгершілік туралы қызу тартыс жүрді. Жоғары белсенділікпен жарысып сөзжұмбақтар шешіп, бірлесіп жағдаяттық тапсырмаларды орындады. Сынып сағаты өте жақсы өтті.

Ерболов Б.

Мен де сыныптастарымның айтқандарына қосыламын. Адамгершілік туралы сынып сағаты ікөңілімнен шықты. Өзіміздің бойымызда осындай адамгершілік қасиеттерімізді одан әрі дамытайық дегім келеді.

Қаулы:

  1. 5 А сыныбында «Адамгершілік - рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында өткізілген сынып сағатында айтылған мәселелер қатерге алынсын.


Жиналыс төрайымы: В.Нигметова

Жиналыс хатшысы: Қ.Нуриева



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал