7


  • Учителю
  • классный час на тему 'Woman makes the world a happy place' (5 класс)

классный час на тему 'Woman makes the world a happy place' (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: "Woman makes the world a happy place”.                        "Жұмақ ананың аяғының астында" 1-жүргізуші     Good morning, dear  teachers, pupils! We'd like to tell you the reason of our meeting.2- жүргізуші :     Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.                             Аналардан туған небір даналар.              
предварительный просмотр материала

"Woman makes the world a happy place".

"Жұмақ ананың аяғының астында"


1-жүргізуші Good morning, dear teachers, pupils! We'd like to tell you the reason of our meeting.

2- жүргізуші : Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қайырлы күн асыл аналар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аналарға арналады.


1-жүргізуші: We have a custom of celebrating Women's Day. The 8th of March is a great official holiday for all women. It began in 1909 in New York. Women's Day is not celebrated in the world. It's wonderful holiday in spring. It's called Women's Day. And we are trying to make this day a holiday for you. So, let's begin.


2-Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. - дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Бисекенова Тоқжан ханымға беріледі

1- жүргізуші: Әке - өмірдің берік тірегі болса, ана - ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оны алақанына аялап, ақ сүт беріп, әлпештеп өсіретін - ана. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. «Ана»деген сөздің қуаты дарияға тең. Ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала - ананың асыл арманы, алтын кені.


2-жүргізуші This is a holiday for all women. On that day people visit their mothers, sisters, teachers and give them presents and flowers.

1- оқушы
2-оқушы

3-оқушы


1-Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _____________________________________ орындауында

« » атты әнін қабыл алыңыздар
4-оқушы

5-оқушы

6-оқушы

1- жүргізуші: Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды.


2-Жүргізуші:Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті сынып қыздарынан құралған бишілер тобының « » биіне береміз.

1-Жүргізуші: Ана деген - бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса _____________ қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке қыздың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: Орындайтын

2-Жүргізуші: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары

Оқушылар мұғалімдерге сыйлықтарын береді. (жай музыка ойнап тұрады)

7-оқушы

8-оқушы

9-оқушы

1-Жүргізуші: Бұралып қыздар біздің билеген де,

Қазақтың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам -Қазақ биімен ортада оқушылар.

2-Жүргізуші: Ана - барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Бәрі: Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді,
Аналарға мың алғыс!

1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Жұмақ ананың аяғының астында» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.

2 жүргізуші қатар: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал