- Учителю
- «Сарғайса да тарихтың ақ парағы. . .»
«Сарғайса да тарихтың ақ парағы. . .»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Сарғайса да тарихтың ақ парағы...»
Уақыты:
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, тылдағы еңбек туралы түсінік беру, Ұлы Отан соғысы батырларының ерліктерін дәріптей отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойын еркін айта білу, өз бетімен қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Фото суреттер, флипчарт, түрлі түсті лента,
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Топтық жұмыс, шаңырақ әдісімен топқа бөлу, визуалды ақпараттармен жұмыс, кері рефлексия әдісі
Барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Көңіл күйлеріңіз қалай? Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше болады. Неліктен? Себебі бұл тәрбие сағатының тақырыбын өздерің анықтайсыңдар. Ол үшін интерактивті тақтадағы бейнебаянға назар салуларыңызды сұраймын. Осы бейнебаянға қарай отырып, сендер бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбын қиналмай -ақ табасыңдар деп ойлаймын.
- Балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз қандай тақырыпта деп ойлайсыздар? (Оқушылар әр түрлі тақырыптар ұсынады)
- Иә, әрине, барлығыңыздың да ойларыңыз дұрыс. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз - Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысына арналады. Жаңағы сендердің айтқан тақырыптарыңды ести отырып, мен сендердің Ұлы Отан соғысы, оның тарихтағы орны туралы білетіндеріңді байқап тұрмын. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатын «Сарғайса да тарихтың ақ парағы...» деп атасақ қалай болады!? Себебі біз осы қанды қырғында ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер аталарымызды, олардың ерен ерлігін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ ержүрек аталарымыз жер қайысқан фашист әскерінен қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Қағаз бетіндегі тарих іздері сарғайса да, біздің санамыздағы аталарымызға деген құрметіміз өшпеуі керек.
Шаңырақ әдісімен топқа бөлу.
Тәрбие сағатымызды әрі қарай жалғастыру үшін, біздер топқа бөлінуіміз керек. Барлығыңызды ортаға шақырамынІ Оқушылар қазір барлығың мына түрлі түсті ленталардың ішінен өздеріңе ұнайтынын таңдайсыздар. Егер таңдап алсаңыздар, қолдарыңыздағы лентаның түсі бойынша топқа бөлініңіздер.
Топтық жұмыс "Ыстық картоп" әдісімен
Егер де топқа бөлініп болсақ, тәрбие сағатымызды жалғастырайық. Мен әр топқа белгілі бір тақырыпты бөліп бердім. Мына жердегі фото суреттерді өздеріңіздің тақырыптарыңызға сәйкес таңдап, таймерде белгіленген уақыт ішінде флипчартқа орналастырып, өздерің білетін мәліметтермен, өз жандарыңыздан шығарған өлең жолдарымен толықтырыңыздар. Ал қалған топтар таймер соғылғаннан кейін сіздердің жұмыстарыңызды жалғастырады. Соңынан әр топтан бір немесе екі оқушыдан шығып өздерінің берілген тақырыбын қорғап шығады.
1 - топ Ұлы Отан соғысының батырлары
2 - топ Шайқас кезіндегі ерліктер
3 - топ Тыл еңбеккерлерінің еңбегі
Қорытынды Кері рефлексия ''Мен үшін, бұл тәрбие сағаты''
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз сәтті өтті деп ойлаймын. Ал сіздерге ұнады ма?
Ендеше, егер де сізге тәрбие сағаты ұнап,өзіңіз үшін көп мәлімет алсаңыз қызыл стикерді теледидарға, , әлі де толықтай мәлімет алалмадым немесе тәрбие сағатының сіз үшін түсініксіз жерлері болса, жасыл стикерді ет тартқышқа, ал тәрбие сағатының маған берері болмады, мүлдем ұнамады десеңіз, қоқыс жәшігіне сары стикерді жабыстырыңыз. Сіздерге тек сәттілік тілеймінІ Сау болыңыздар!