7


  • Учителю
  • Жоспар 'Қазақ хандығына 550 жыл'

Жоспар 'Қазақ хандығына 550 жыл'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ хандығына 550 жыл

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдыққ, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен студенттер. Биылғы 2015 жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
/Қ. Р. Гимні орындалады./
2-жүргізуші: Сөз кезегін тарих пәнінің оқытушысы Мансур Алтынбекұлына береміз. (5 минут)

1-Жүргізуші

1) қазақ хандығы туралы (тарихи тұлғалар) слайдтар

Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасап, бастарын біріктіру Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.

1-жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
Көрініс "Сұлтандар кеңесі" .

1 - жүргізуші: Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды .

Ән«Елім-ай» Сабитбек Жанерке (деректі фильм)


Сахнаға бірнеше студент шығады
1. Біз қазақпыз!
Ежелден-ақ қазақ болып аталған
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң.
2.Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан
3.Біз қазақ ежелден-ақ ел боп келдік,
Ел қорғауда жасадық сан мың ерлік
4.Болашақтың атар деп жарқын таңы
Ұрпақ үшін тозақтың отын көрдік
5.Хандардың қайсысын айтпасақта бүгін
Аспанда бұлт тарқап ашылды күн
6.Олардың ерліктерін жырласаң
Мәңгілік ел болуға лайықпыз,
7. Қазақтың хандары мәңгілік мақтаныш
Халқының ерлігінен алып жігер-күш
Олар заңгер, саясаткер, қолбасшы
Халқын біріктірді, жүзге бөлмей үш.
1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа келген екен жылы ағыс
Хандық құрып жеткен екен мұратқа
О, халайық ,құтты болсын қуаныш!

2-жүргізуші:Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады

Келесі кезекте Ән: "Елім менің"
2-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата-баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
Би: «Аққу» Раузат
1-жүргізуші: Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыздың аманаты. Ұшқан құстың қанаты талатын, қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен алған.

Арнау Арай ББМ-03

Қазақ хандығының 550 жылдығына арнау өлең

1-жүргізуші

Тарихи сахнадан қазағымның ерлігі , өрлігі мәңгі жасайды. Келешек ұрпақ тәуелсіздік үшін, жеке мемлекеттігімізді сақтау үшін күрескен тарихи тұлғаларды ардақтап, оқиды, біледі, есте сақтайды, болашақ ұрпаққа аманат қылып береді. Міне, әз Жәнібек хан мен Керейдің өзінің ұлты үшін құрып берген қазақ хандығы қалпына келді.

2-жүргізуші:

Аманаты Абылайдың орындалды,

Әлемге қазақ елі мойындалды.

Тілі діні, дәстүрі халқымыздың,

Төрінен лайықты орын алды

2- жүргізуші слайд Н.Ә.Назарбаев

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Қазақстаным үшін ,халқым мен жерім үшін , мәңгі ел болып ,дамуы үшін бар өмірімді жұмсаймын. Біздің тарихымыз мәңгі ел болып жасайды. Ежелгі Қазақстанды мекендеген ата-бабаларымыз жайында қытайдың тарихи деректерінде айтылған: «Сақтар ержүрек,батыл жерін жатқа бермеген, басқа елге тимеген» деп. Біздің қазақ халқы да бейбітшілікті сүйеді,Отан үшін- отқа түсіп, күйеді.

  • 1- Жүргізуші

Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,

Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.

Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,

Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы

Ән: Атамекен
2-жүргізуші: Осымен қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдық мерекесіне арналған ісшарамыз аяқталды. Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын болсын.

Қош сау болыңыздар.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал