- Учителю
- Сынып сағаты Тәуелсіздік
Сынып сағаты Тәуелсіздік
Сынып сағаты
Тақырыбы:«Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым»
Мақсаты:1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын
ояту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының
суреті. Жалаушалар.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
(Радиодан хабар беріледі:1986 жылы 16желтоқсанда Қазақстан
Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың
зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына
Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18
минутта аяқталды.)
Көрініс
(Сахнаға екі студенттің рөлін ойнап екі оқушы шығады, бірі -
жігіт, бірі - қыз. Қолдарында конспекті дәптерлері бар)
Диана:Мақсат, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан
алыныпты дейді.
Айбек:Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?
Диана:Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам
жиналады екен.
Айбек:Неге? Неліктен?
Диана:Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық
наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар
деп ескертті.
Айбек:Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр
кетейік. Тез барайық!
Әлішер:Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз - жігіттер
«контрреволюционер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен
проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында
шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы
алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай
быт-шыт болып ұшып жатты. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін
астыртын «Құйын - 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал
алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.
Көрініс:Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында «Ленин идеясы
жасасын», «Қазақстан - қазақтардікі», «Ресейге қайт» деген
транспоранттар бар. Оларға Мақсат пен Айгүлде келіп қосылды.
Дауыс:Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық
жағдайды.
Дауыс:Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден
басшы әкелгені несі?
Дауыс:Талап - тілекті айтамыз, шықсын ортаға басшылар!
Осы кезде «Менің Қазақстаным» әні айтылды. Жастар теңселіп тұрып
бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды.
Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын.
Тараңдар! Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш
қолданамын! Үйге қайтыңдар.
Осы кезде залда әскери команда беріледі.
Әскери адам:Первая рота! Слушайте мою команду. Производится
операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов!
Первая рота, за мной! Ура
(Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар - көктен кіріп,
алаңдағы жастарды ұрып - соға бастайды. Қаралы музыка баяу ойнап
тұрады. Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді
біртіндеп сүйреп, жұлқылап әкете бастайды. Беті - аузы қан, ұзын
шашы жайылып бетін жапқан жас Қазақ қызын екі әскери солдат сүйрей
бастады. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйледі)
- Әй туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай! Қосылыңдар
біздің қатарға
(Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып
қалады. Қыз сылқ етіп есінен танып қалады.)
1-оқушы:Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!.
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....
Хор:«Желтоқсан желі»
ІІ - жүргізуші: Намысымның шырағы да - Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да - Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да - Желтоқсан.
І - жүргізуші:Өмір өзен толқындары бізді әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар. Ол - дүр сілкіндірген сол үш күн ішіндегі Қазақ қыздарымен мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет. Бұл аға - апаларымыздың аңсаған армандары мен үміті, тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәттерімізді көре алмауы.
2-оқушы:Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
3-оқушы:Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
(1-минут үнсіздік жарияланады)
4-оқушы:Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
І-жүргізуші: - Ия, бостандық, теңдік, тәуелсіздікте өз бетімен
келген жоқ. Желтоқсан - елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі
үшін болған күрес.
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жытқыр өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге егемендік көзімен.
(Қазакстан Республикасының тәуелсіздігін алу туралы
қысқаша видеоролик экранда көрсетіледі)
5-оқушы:Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Армандарды жақындатқан тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш.
6-оқушы:Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын:
І - жүргізуші:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына. (Құрманғазының «Адай» күйі)
Орыс: Армысыздар, туған жерім, Отаным,
Орыс деген ұлтыңыз мен боламын.
Өмір сүріп Қазақстан елінде
Достық пенен бейбітшілік ұраным.
Өзбек: Қош келдіңіз, өнер сүйер халайық,
Жарқын жүзбен сіздерді қарсы алайық.
Құттықтаймын өзбек халқы атынан
Мерекеміз құтты болсын ағайын!
Кәріс: Кәріс ұлтым, Қазақстан - отаным
Қазақстан елінде мен тұрамын
Құтты болсын тәуелсіздік күні деп,
Өзіңізге арналады жыр - әнім.
Қазақ: Менің елім - Қазақстан
Күл әлемге танылған
Желбіреген көк туым бар
Қыран бүркіт самғаған
Батыр ата - бабаларым
Елін жаудан қорғаған
Қазақстан Республикам
Отаным деп мақтанам
Қазақ елі, қазақ жері
Дархан таза халық қой
Бүгін міне болып жатыр
Елімізде алып той
Жайнай берсін елім менің
Қазақстан бай далам
Татулық пен бейбітшілік
Орын алған сай далам
Қазақпыз біз туын биік көтерген,
Туын әсем қыран бүркіт көмкерген.
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Жарқын далам, құлпыра бер күнбе - күн! (Шашу шашылады)
ІІ - жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 10 - сынып
оқушылары
І - Жүргізуші : Құтты болсын мерейтойым мерейлі ,
Бейбіт күннің нұры мәңгі сөнбейді.
Байрағымыз желбірейді биікте,
Мен қазақпын, қазақ атым өлмейді.
Егеменмін , тәуелсізбін , еркінмін,
Өсе берсін ұландары елімнің .
Қазақстан қарыштай бер гүлденіп,
Атамекен қастер тұтар киелім.
Ән - Атамекен.
Жүргізушілер:Елдігіміз бен бірлігімізді , ынтымақ пен татулығымызды
айқындайтын егемендігіміз мәңгілік , тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай
! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!