7


  • Учителю
  • Баяндама на тему ' Бала бас ұстазы - ата-ана' (2 класс)

Баяндама на тему ' Бала бас ұстазы - ата-ана' (2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Баланың бас ұстазы - ата-ана

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі,мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы - бала. Бала - дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы - ата - анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бізде көптеген ата-аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата-ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу-үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата-ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді.Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата-ана болып қала береді.Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата-ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында.
Ендеше ата-ананың балаға ықпал ету әдістеріне тоқталар болсақ:
Әдістер Мазмұндық көрсеткіштер. Нәтежелер
1 Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту
Нандыру, сендіру, иландыру, ақыл кеңес,іс-әрекетін қуаттау, нұсқау, қолдау, орынды көтермелеу, дәлелдеу, дұрыс бағалау, әділ ескерту, баламен санасу, пікірлес болу. Өзіне сенімі артады

2 Ықпал ету арқылы тежеу
Ата-ананың балаға дегенін күштеп істеуі, қақпайлау, үстемдік пиғылын көрсету,беделімен басыну, санаспау. Тартыншақ,
қорқақ, ырықсыз,өтірік,
жігерсіз,жалтақ
3 Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту
Орынды мақтау, мадақтау, көңілін көтеру, демалысын ұйымдастыру, керекті деңгейде қажетін өңдеу.
Көңілі өсіп марқаяды,батырлық, өзіне сенімі, өмірге құштарлығы, қабілеттері ашылады
4 Теріс әрекетке түрткі болатын әдістер
Баланың ырқына көну, еркелету,балаға мән бермеу,бақылаусыз қалдыру, жәбірлеу, зекіп ұрсу,орынсыз кінәлау,алдау,мазақ ету, нашар үлгі көрсету Қырсық, өзімшіл, жалқау, рақымсыз, ұқыпсыз, ынтасыз, озбыр, бірбеткей, қатыгез.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндеті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.

Өзімшіл болып өспесін десеңіз, мына қателіктерге жол бермеңіз:

1. Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін;
2. Не істесең, оны істе маған бәрібір;
3. Аса қаталдық, яғни «Мен нені айтсам соны орындауың керек, Өйткені мен үйдің басшысымын»
4.Балаларды тым еркелету,
5.Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ,
6.Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз етпе;
7. Баланың ісіне көңіл күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау.
Ата-ана балаларын адалдыққа үйретемін десе:
* Айтқан сөзінде тұру керек. Қандай да бір жағдайда уәдеңізді орындай алмасаңыз, балаңызға не себепті орындай алмағаныңызды айтып кешірім сұраңыз.
* Егер балаңызға өзіңіз өтірік айтып қойған болсаңыз, мойындап, не себепті өтірік айтқаныңызды айтып түсіндіріңіз.
*Бала шындығын айтқанда қолпаштап отырыңыз. Әсіресе айтуына қиын болған сәттерде.
* Балаға көп талап қоймаңыз және одан қабілетінен тыс көп нәрселерді күтпеңіз. Есіңізде сақтаңыз: Талап көп және қатаң болған сайын, бала жазаланудан қашу үшін өтірікті қорғану әдісі ретінде көп қолданады.
Ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болу керек. Кез келген уақытта сабаққа қатысу керек. Барлық сабақтан «5» болып, орыс тілі, әннен «4» болса сізді ойландыруы тиіс. Балаға сол сабақтарға қарауға бағыт беру керек. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз. Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.

Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл сөз бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса; ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.

Ата -ананың міндеті:
1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;
6. Мектептегі ұйымдастырылған ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Ата-аналар кодексінде: Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес. Баланы жақсы көргендінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз. Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.

Ата-аналарға арналған этикалық кодекс
1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп - балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.
7. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз, оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
8. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз.
9. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
10. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға, байқауларға қатысыңыз.
11. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: Сынып жетекшісі; Пән мұғалімі (қажет жағдайда); Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; Әлеуметтік педагог; Мектеп басшысы.
Өз тәжірибеме сүйенер болсам. Ата - анамен бірлесе жұмыс істесек көптеген жетістіктерге жетуге болады.

Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай,
- балаларыңыз, үлкен азамат болып өссін!
Сондықтан үш одақ оқушы, ұстаз, ата - ана жұмысындағы сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал