7


  • Учителю
  • классный час на тему: 'Семейное воспитание'

классный час на тему: 'Семейное воспитание'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы


Мақсаты: 1. Отбасы - әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

2. Адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.

3. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілігін, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.


Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, мультимединалық тақта, слайд.


І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық жүргізу.


Сөзжұмбақ.

  1. Түсі нарттай,

Тілін тартпай,

Жолға тартпай,

Қоймайды құрттай.

  1. Мемлекеттік рәміздің бірі.

  2. Еңбек құралы.

  3. Ең жақын адам.

  4. Уақыт өлшемі.

  5. Ырыс алды - ....


О

Т

Т

у


Б

а

л

т

а


А

н

а

С

а

ғ

а

т


Ы

н

т

ы

м

а

қ



Сөз жұмбақты шешкенде, қою қара әріппен жазылған тор көзішінде, кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады.

ІІ.Кіріспе сөз.

Мұғалім: Балалар, сөзжұмбағымыз шешілгендей бүгін отбасы туралы тақырыпты қозғамақшымыз.

Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы » тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, туған-туыстармен қарым-қатынасы туралы сөз етпекпіз.

Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.

Отбасы дегеніміз - бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.

Қоғам дегеніміз - бұл жалпыға бірдей мақсат - міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.

Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі.

Әйел - отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.

Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу - отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.

Отбасы- тәрбиенің басты ұясы.

Әке жолы-ұлына мақтаныш. Ананың аялы алақаны-қызына сағыныш.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» Әбунасыр әл Фараби.

«Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты» Н.Ә. Назарбаев.


Сайыс сағаты 7 бөлімнен тұрады.


І бөлім Таныстыру. «Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы » топтары өз атына түсініктеме береді.

ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» викториналық сұрақтар.

ІІІ бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет салу байқауы.

ІV бөлім «Тығырықтан шығу» жағдаяттың сауалдарды шешу.

V бөлім «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.

VІ бөлім Пікір талас «Сәлем сөздің анасы.»

VІІ бөлім Қорытынды.


І бөлім Таныстыру. «Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы » тобы.

- Алдымен топтың атын таныстырып мағлұмат береді.Кейін әрбір отбасы өздерін танысырады.

ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.


1. Балдан тәтті не? ( бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы? (ата)

4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)

5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)

6. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)

7. ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? ( 2002ж 8-тамыз)

8. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)

9. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

10.18жасқа толмаған адам ( бала)

11. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

12. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)


ІІІ бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» (сурет салу, үй тапсырмасы). Суретті қорғайды.


ІV бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.

  1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

  2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?

  3. Сенің сабақ лгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?

  4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

  5. Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?

  6. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?


V бөлім «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.

  1. Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................

  2. Ананың көңілі балада, ..........................

  3. Ата-ананың қадірін - ................................

  4. атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)

  5. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

  6. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

  7. ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

  8. Ананың сүті - бал, ................................( баланың тілі - бал)

  9. Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы)

  10. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)

  11. ............ - ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

  12. Әке - асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)


VІ бөлім Пікір талас


Тақырыбы: Қазіргі таңда жастарымыздың батысқа еліктеуі дұрыс па?

І топ: дұрыс емес

ІІ топ: дұрыс


VІІ бөлім «Сәлем-сөздің анасы» деп аталады.

Тәрбие туралы нақыл сөздер сайысы, үй тапсырмасы.


VІІІ бөлім Қортынды.

1-оқушы Нұржанат

Ата-ана алдындағы әдептілік-баланың бармақтай кезінде бойына табиғи дарыған қасиет болуы тиіс. Ата-анасын сыйлау,елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.

2-оқушы Әсет

Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек.

3-оқушы Фархат

Адам жемісін, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашынжақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, арманың орындалады.

4-оқушы Самат

Әдепті, адал ұл-қыздарың міндеті ата-аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата-аналарың олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.

5-оқушы Ратбек

Ата-ананың қадірін білмеген, халқының қадірін білмейді.

6-оқушы Гүлстан

Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке-тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана-жарық дүние әкелуші.

7-оқушы Меруерт

О, Ата-анам

Таянышым тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!


8-оқушы Айбол

Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейіріміңнен ананың жасалады.

Жырақ жүрген анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан

Екеуінің қуанышы тілігі

Әрқашанда бір арнадан табылған.


Қорыту.

Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік. Ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз.

Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың да болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болу отбасына берілген тәрбие байланысты болмақ.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал