- Учителю
- Қазақ тілі сынып сабақ жоспары Дауыссыз к мен г
Қазақ тілі сынып сабақ жоспары Дауыссыз к мен г
«Бекітемін»
Күні:
Сыныбы:2Ә
Пәні:Қазақ тілі
Пән мұғалімі:Тажмағамбетова Г.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дауыссыз к мен г дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы білім беру.
Білімділігі: Сөз соңында к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе г- ге айналатыны жайында түсінік қалыптастыру.
Дамытушылығы: Дауыссыз дыбыстар түрлері жайлы білімдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Ойын ойнау арқылы ойлап ойнауға тәрбиелеу,
сауаттылыққа , шапшаңдыққа баулу.
Көрнекілігі:
Әдісі:
Түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың жүру барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
«5» - ке қолды жеткізу!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
105 - жаттығу Қорық, жорық, қазық сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.
( 3- оқушыдан сұрау.)
ІІІ Өткен пысықтау «Білгенге маржан, білмеске арзан»
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс ше ?
- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар
Қатаң Ұяң Үнді
Семантикалық картаДауысты
дыбыс
Дауыссыз
дыбыс
жуан
ұяң
жіңішке
қатаң
үнді
А,о,ы,ұ
Б,г,ғ,д
Ә,ө,і,ү
Л,м,н,р
Т,п,с,һ,х
ІVЖаңа сабақ
Дауыссыз к мен г
К- қатаң, сөздің басында ,ортасында, аяғында келеді.Мысылы; көбелек, үкі, көрік
Г- дауыссыз, ұяң. Сөздің басында ортасында келеді. Аяғында келмейді.
« Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
К Г
Үкі шеңгел
Түлкі үзеңгі
Кеме сүргі
Жүрек гүлзар
көрік гауһар
Осындағы соңғы дыбысы к - ден аяқталған сөзді табайық.
Жүрек+і - жүрегі , көрік+і - көрігі. К дыбысы г- ге айналады.
Ереже : Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г- ге айналады: елек - елегі, кірпік - кірпігі, бүйрік - бүйрігі.
Оқулықпен жұмыс «Өлең сөздің - патшасы»
109- жаттығу. Жұмбақты жатқа жаз. Шешуін тап.
Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігітін?
Өрнек, көйлек сөздерінің соңына і дыбысын қосып айтып көр. Сонда не байқадың?
Тақтамен жұмыс «Жұбыңды тап» ойыны.
110 - жаттығу. Сөздерді і дыбысын қосып өзгертіп жаз.Сөз соңында келген к дыбысының өзгеру себебін түсіндіру.
Өрік - өрігі, белдік - белдігі, күрек - күрегі, серік - серігі, көк - көгі
«Кім жылдам» ойыныСөздерді буынға бөлу.
Әйнек, тиек, жүрек, көк
Көп нүктенің тиісті әріпті қойып жаз.
Есі…і, бесі..і, көр..і, түл..і, көбеле..і, көлі..і.
Топпен жұмыс (Ауызша) Сурет атауларына дыбыстық талдау.
1- топ 2 - топ 3- топ
К-д\з, қатаң т-д\з, қатаң К- д\з, қатаң
Ө-д\ты,жіңішке ү - д\ты,жіңішке е- д\тты, жіңішке.
Ж-д\з,ұяң л - д\з, үнді р- д\з,үнді
Е-д\ты, жіңішке к - д\з, қатаң і- д\ты жіңішке
К-д\з , қатаң і - д\ты жіңішке к - д\з. қатаң
Қорытынды: Венн диаграммасы
Сонымен бүгін біз не туралы білімімізді кеңейттік.
Үйге тапсырма: 113- жаттығу. « Еңбек түбі - береке» мақалын қатыстырып әңгіме құра.
Ереже жаттау.