7


  • Учителю
  • Дос және достық тәрбие сағаты

Дос және достық тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін

Күні: 25.04..2015ж

Сыныбы: 9"Ә":

Тақырыбы: "Дос және достық"

Сабақ мақсаты: "Дос"деген сөздің мағынасын ашу,"достық"туралы ұғымдарын кеңейту,дүниетаным,

зерделеу қабілетін дамыту,жолдастық,достық қатынастарда әділетті,адам

болуға,шыншылдыққа көпшіліккетәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер,сөзжұмбақ.

Сабақтың тәсілі: жалпы сыныппен, топпен, жеке оқушымен жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе сөз

ІІІ. «Бабалардан қалған мұра» кезеңі.

ІV. «Оқушы аудиториясы не дейді?» кезеңі.

V. «Сергіту сәті».

VІ. «Атаның сөзі ақылдың көзі» кезеңі.

VІІ. «Хат - қоржыны» кезеңі.

VІІІ. «Дос сезімін сынау» кезеңі.

ІХ. Қорытынды кезең.





І. Ұйымдастыру

1. Оқушылармен амандасу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушыларды сабаққа дайындау



ІІ. Кіріспе сөз



1-жүргізуші. Құрметті орқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық беп жариялаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «дос және достық». Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі, бірақ та кейбіреулер, шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді.

Дос деген таусылмайтын қазына,

Көктемде де солып қалар гүл емес.

Қарамайды ол сыйдың көп пен азына,

Нағыз достар тіпті сыйда тілемес.



2-жүргізуші. Халықтың қара сөздерінің қара жолдай аррналы бір тақырыбы достық жолдастық. Шын досың сырттан әр ісіңе тілектесболып жүреді. Қиын-қыстау кездерде сенімді ақтар дос барда, дос қадіріне жетіп, достықты кіршіксіз сақтай білу бар.Адам дос мінін айтқанда арланбай ақылмен тыңдап, өз мінезінің қисығын жөндейді. Сондықтан достарың айтқан сын сөзді дұрыс қабылдай білу керек.

Не жетеді ғазиз досқа расында,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.

Қиналады, сен қиналсаң болғаны,

Ұйқтамасаң, ұйқтамайда ол дағы.



1-жүргізуші. Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақыны - жақсы дос. Адам ес білген күннен бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Достық әлемі қызық орқиғаларға, адал, шынайы қарым-қатынасқа, асқақ адамгершілікке толы әлем.

Достық екен өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгелегі.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.



2-жүргізуші. Иә, достық қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптасып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды. Егер де біздің бақытымызды ешкім бізбен бірге бөліспесе, ол бақыт соншалықты мәнін жоғалтар еді.

Ұлы ғұламалардың өздері достық туралы жан тебірентерлік жыр шумақтарын төкпей қоймаған. Достық адам өмірінің тірегі. Сол достық туралы ғұламалардың айтқан даналық сөздеріне тоқтала кетейік.

ІІІ. «Бабалардан қалған мұра» кезеңі.

1. Адамның мінез құлқы мен ақылы жайынды дұрыс пікірге келудің сенімді тәсілі - оны кітап пен дос

таңдауына қарай бағалау. К.Гельвеций

2. Қызмет пен достық - екі параллель сызықтар: қосылмайды. В.Шекспир

3. Нағыз достар болуы үшін бір-біріне сенімді болуы керек. Ипсен

4. Нағыз дос қана өз достарының осалдықтарына төзе алады. Әл-Фараби

5. Бір ғана жағдайда: мәселен досқа шындықты ашып айтып, сол арқылы оған өзінің адалдығын

дәлелдеу жайында болып отырған кезде ғана - бізге достық намысына тиюден қорқатын ештеңе жоқ.

А.Құнанбайұлы

6. Достық ең алдымен шынайылық, жолдасының қателіктеін сынау. Достар жолдасы өзінің қатесін

түзей алатын болуы үшін бірінші болып қатаң сынау керек. К.Маркс

7. Тура шындықтың жанасқанына төтеп бере алмаған достық туралы өкініп те керегі жоқ. Қайда барса

онда барсын. Достаевский

1-жүргізуші. Қанша дос боп жалғасаң да аяулы арман тілекті,

Аямайтын ащы сыным ашындырар жүректі.

Табысыңа шын қуанып, сырға қоссам сыр алуан,

Бекер басқан қадамыңды бетке айтпай да тұра алман.

деп М.Шаханов ағамыз айтқандай достық ең алдымен шынайылық жолдастық қателерін сынау. Достар жолдасын өзінің қатесін түзей алатын болуы үшін бірінші болып қатаң сынау керек.



ІV. «Оқушы аудиториясы не дейді?» кезеңі.



Тақырыпты ашу сұрақтары:

  1. Досың бар ма? Ол қандай?

  2. Достық шынайы сезім бе, әлде шынайы ұғым ба?

  3. Досыңыздың басына қиындық түссе не істейсіз?

  4. Достық жасқа байланысты ма?

  5. Досыңды неге теңер едің?

  6. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

  7. Менің достарым көп болуы үшін не істеуім керек?



2-жүргізуші. Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды.

Жақсы жаман айтар деп елемейді,

Бақ дәулет сол адамнан айрылмайды - дегендей дос адамдық асыл қасиетпен саған тек жақсылық ойлайды, қиындықта көмектеседі, қуанышты да қайғыны да бірге бөліседі. Дос қамқоршы көмекші, жанын сала сыйлайтын ең жақын серік.



V. «Сергіту сәті».



Сөзжұмбақ шешу

.

1. «Дос» сөзінің аудармасы

2. «Дос» сөзінің синонимі

3. «Өрге жүзген өнегелі ісімен, таңда адал дос,

өз теңіңнің ішінен» деген пікірдің авторы

4. Дос, жолдасқа тән қасиет.

5. Досы көпті жау алмас,

Ақылы көпті....... алмас.

6. Жаман туғаның болғанша,

Жақсы ........ болсын.

7. Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан....... артық.

8. Досым болсаң қасіретімді, дертімді ұқ!

Сөз жүзінде бермей-ақ қой дертіңді.

Мен отырған жерде саған кең жайлау,

Сен отырған жерде маған еркіндік.- деген өлең жолдарының авторы.

9. Дос болма, майда тілді күлгенменен,

Бимағна сырты жылтырап жүргенменен.- деп кім айтқан.



1-жүргізуші. Абай дана «Досыңа достық - парыз іс, дұшпаныңа әділ бол» дейді. Достық тек дос болған адамға ғана жасалмайды. Халқымыз «Адам болсаң адамға, достық жаса әманда» деп уағыздайды. Бірақ достың да досы бар. Ақмақ дос тек өзіне ғана достық жасауды ұнатып өзгеге жасағанын бұлдайды. Сондықтан халық «Ақмақ достан ақылды дұшпан артық дейді.»



VІ. «Атаның сөзі ақылдың көзі» кезеңі.



Дотық туралы мақал-мәтел.

.

  1. Жүз сом ақшаң болғанша, 10. Дос деп сынамай сыр айтпа,

--------------------------------- -----------------------------------

(Жүз жолдасың болсын) (Достың да досы бар)

  1. Тәуір көрген досыңа, 11. Достың көңілі бір асым насыбайдан қалады

Тәуір көрген малың бер. 12. Жақсы жаныңа жолдас,

Көре-көре сүйінсін. ------------------------------

Жаман көрген досың, (Жаман малыңа жолдас)

Жаман көрген малың бер, 13. Жақсы дос пайдасын тигізбесе де

Көре-көре күйінсін. Зиянын тигізбейді.

  1. Жаман туғаның болғанша, Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді.

---------------------------------

(Жақсы жолдасың болсын)

  1. Қажымалы мың жолдас жоқпен тең,

Жанын қиған бір жолдас көппен тең.

  1. Досыңа өтірік айтпа,

---------------------------

(Дұшпаныңа сырыңды айтпа)

  1. Есептескен дос болмас.

  2. Досы көпті жау алмас,

  3. ----------------------------

(Ақылы көпті дау алмас)

  1. Досқа ат берме,

Ат берсең жай жүр деме.



2-жүргізуші. Ағаш біткен дос болып тербеледі,

Тағдыр досқа бақытты тең бөледі.

Сүйеп келе жатқандай бірнеше қол,

Бірнеше қол осынау жерді міне.









VІІ. «Хат - қоржыны» кезеңі.

  1. Мен досыммен балыққа кетіп барам. Ата-анамды ары - бері күтіп едім, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келді. Бармауға да болады. Бірақ дос көңілін қимадым.

  2. Мен досымды қатты аяймын. Көз алдымда өзгеріп барады. Менен гөрі арақ пен темекіні дос тұтатын сияқты. Қанша түсіндірсем де ұғынатын емес.Мен бірінші рет дәрменсіздік дегенінің ауыр екенін түсіндім.

  3. Қандай қиянат жасадым десеңізші. Апамның сөмкесінен ақша ұрлау.... Әттең, досым үшін ғой. Ауыр хал үстінде жатыр, дәріханаға қарай жүгіріп келемін.



1-жүргізуші. Досым болсаң, қасіретімді, дертімді ұқ!

Сөз жүзінде бермей - ақ қой сертіңдң.

Мен отырған жерде саған кең жайлау,

Сен отырған жерде маған еркіндік.

2-жүргізуші. Досың болса бұл өмірде сенімді,

Бұлт баспайды мөлдіреген көңілді.

Сен отырған жерде маған рахат,

Мен отырған жерде маған көңілді.

«Достың да досы бар» демекші, әр адамның өзінің жан дүниесін түсінетін, ішкі сырын ақтаратын сырлас досы болады. Осы отырған оқушылардың ішінен жан достарды ортаға шақырамыз.



VІІІ. «Дос сезімін сынау» кезеңі.

  1. Екі достың пікірі.

  2. Достығын ыммен түсіндіру.

  3. Ситуациялық сұрақтар.



ІХ. Қорытынды кезең.



1-жүргізуші. Сонымен, достық дегеніміз - ізгі ниетті, ақ пейілді адамдардың бір-біріне жақсылық

жасауға, ниет қосып, іс-әрекетке ортақтасуы.

2-жүргізуші. Достасудан - бірлік, бірліктен - тірлік, тірліктен - жеңіс, қуаныш, бақыт туындайды.

1-жүргізуші. Дос жыласа - мен қалайша күле алам,

Жылар едім - жылата ма дос мені.

Жуа алмасам дос жанын мұң-кінәдан,

Бұл тілімді жауым неге кеспейді.

Дос қолтығын сүйемесе қол мына,

Неге керек - Күн шуақпен қосыла.

Сол баяғы қызыл тіл мен домбыра,

Бір ләззат бере алмаса досыма.

Адамдықпен өлшенсе егер ар құны,

Мен үйренгем - бәрін бәрін зор тұтып.

Жақсы досқа жанды қию арқылы,

Өмір сүрем жаман жауды қорқытып.

2-жүргізуші. Дос іздедім сабылып Төлегендей,

Дос іздедім қалың жұрт елегендей.

Дос іздедім қуансам құшақ жайып,

Дос іздедім сүрінсем жебегендей.

Болса дедім басыңды бағалайтын,

Тұнық көлге тас атпай жағалайтын.

Құрақ-құрақ көңілді жамай білер,

Мансабыңа, даңқыңа қарамаймын.

Дос іздедім «дос бол» деп жалынбайтын,

Ірілі-ұсақ күнәңмен қабылдайтын.

Дос іздедім жаһанда жаны қайсар,

Сөндірем деген сайын, жалындайтын.

5



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал