- Учителю
- Сынып- сағаты Адамгершілік-асыл қасиет
Сынып- сағаты Адамгершілік-асыл қасиет
Адамгершілік - асыл қасиет
</ Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік - асыл қасиет.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік
қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды адамдық
асыл қасиеттерді игеруге ықпал ететін жандарды тәрбиелеу..
Көрнекілік: күлімдеген күн, түнерген бұлт, кемпірқосақ
суреттері.
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру. (Қонақтармен амандасу)
2. Оқушылар орындарына отырып, топқа бөлу.
1 топ талаптылар
2 топ ойшылдар
3 топ еңбекқорлар
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Адамгершілік -
асыл қасиет». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік
қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б.
адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.
1 Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
2 Адамгершілік қасиет кімдерге тән?
3 Адамгершілікке байланысты өмірден мысал келтір?
Күн ашылды.
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім.
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріңе ортақ шуағым.
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік
құндылық, әдеп ұғымы, адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты
ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып
табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып
табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары,
қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең
басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы,
іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды
құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық,
жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б.
Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті,
адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Маржан сөздер сыр шертеді.
Адамгершіліктің қарапайым қағидалары.
Ойын «Жалғастыр» деп аталады.
«Не істеуге болмайды?».
- Үлкендердің алдынан…… (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы…………….(жылатуға болмайды.)
- Құстарды………………………(атуға болмайды.)
- Қыз баланы……………………(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан………………………..(кешігуге болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні…………………..(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін……………….(алу керек..)
- Үлкендерге……………………..(сәлем беру керек.)
- Кішілерді…………………………(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын……………… (күтіп ұстау керек.)
Қымбатты, оқушылар, осы топ сағатында барлықтарымыз жақсы бір сезім әсерінде болдық деген сенімдемін.
Осы топ сағатынан сіздің бойларыңызға бір әсем шуақ - адамгершілік шуағы молая түсті. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Қазірден бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болуға талпыныңдар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! (Бір-біріне бір-екі ауыз жақсы тілек айтады).
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.
Ықыластарыңа рахмет. Осымен топ сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!