7


  • Учителю
  • Национальная валюта Республики Казахстан

Национальная валюта Республики Казахстан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Сабақтың мақсаты: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіру туралы мағлұмат беру. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Миға шабуыл

- Он алтыншы Желтоқсан қандай мереке?

- Қазақстанда тәуелсіздік туралы Заң қашан қабылданды?

- Тәуелсіздік белгілерін атаңдар.

- Конституция қай жылы қабылданды?

- Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

- Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?

- Тудың авторы кім?

- Елтаңбаның авторы кім?

- Жаңа әнұранның сөзін, әнін кім жазды?

- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы қабылданды?

ІІІ. Мағынаны ажырату

  • Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар беремін (постер құрау)

Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол -Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз ҚР Президенті 1993 жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мерекесінің бірі екені сөзсіз.

1-топ: Ұлттық валютаны кімдер жасады?

Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі -теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Осы тарихи күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша - асыл қазына, халық байлығы. 1992 жылы тамыздың 27 - сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл - Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.

2-топ: Алғашқы ақша қайда шығарылды?

1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.

1993 жылы қарашаның 12 - сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8 - ден басталып, 20 қарашада сағат 20 - да аяқталып, тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре - сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

3-топ: Монеталар жайлы

1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2, 5, 10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы № 2155 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42 - бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:

- инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;

- коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;

- айналыста жүретін монеталар - қымбат емес металдан дайындалған және қолма - қол айналымға арналған монеталар.

Елімізде инвестиялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.

ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты. Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар.

4-топ: Берілген сұрақтарға жауап беріңдер?

1. Ұлттық валюта дегеніміз не?

3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?

4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?

5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім.

6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?

7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім?

Бекіту. Бесжолды өлең құрыңдар.

Қорытынды:

Теңге - Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валюта - теңге біздің еліміздің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады.































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал