7


  • Учителю
  • Тілдер айлығына байланысты өткізілетін сайыс сабақ

Тілдер айлығына байланысты өткізілетін сайыс сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Жамбыл орта мектебі

Сайыстың тақырыбы:


«Тіл білгірі»


6-сынып


Пән мұғалімі: Атаханова Т.Б.

2015-2016 оқу жылы


"Тіл білгірі" сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту.
Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы .
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Құрметті әріптестер, оқушылар ! Бүгінгі "Тіл білгірі" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз- оқушылардың мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.
Бүгінгі сайыс сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады:

I-кезең. Таныстыру.
II-кезең." Өлең- сөздің патшасы".
III-кезең. " Cөз мәйегі-мақал".
ІV кезең. "Сен білесің бе?".
V кезең. " Ойлан тап".
VI кезең. "Кім тапқыр".

Әр жүргізілген кезең бойынша түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысқа жеті адамнан құралған үш топ қатысады.

- "Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысущы топтарға берейік.

I-кезең. Таныстыру.
1-топ:"Жас қыран".
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тіліміз топты жаратын,
Тобымыз біздің- " Жас қыран".

2-топ:'' Топжарған''.
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік арман,
Тобымыз біздің-" Топжарған".


3-топ: «Болашақ»

Болашақ тобы алға,

Биіктерге самға

Достығымыз барда

Жүреміз тек алда. II-кезең." Өлең- сөздің патшасы".
Әр топтан бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.

III-кезең. " Cөз мәйегі-мақал".
Сайыскерлер Отан, тіл, туған жер, достық туралы мақалдар айтудан жарысады.

ІV кезең. "Сен білесің бе?".
1. Ұяшықтағы сұрақтарға жауап:

  1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

2. Қара деген сын есімге қарсы мәндес сын есімді белгіле:

3 . Мәтін түрлерін ата:

2. Ребус шешу:

V кезең. " Ойлан тап".
Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей "Тәуелсіздік" сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.

VI кезең. "Кім тапқыр".
Бұл кезеңде топ мүшелері берілген суреттерді сөзбен түсіндіреді.Топтың әрбір жауабы бір ұпаймен бағаланады.

Қорытынды:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша барлығымыз бірге «Жаса, Қазақстан!» әнін орындайық.
Сайыс соңында әділқазылар өз шешімін айтып, оқушыларды марапаттайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал