7


  • Учителю
  • Класный час по воспитанию 'Первый Президент' (8 класс)

Класный час по воспитанию 'Первый Президент' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім сабағының тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан».

Білім сабағының мақсаты - «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу.

Білім сабағының идеологиялық және тәрбиелік мақсаты - қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту. Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды - тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісімді нығайту. Еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген мақтаныш сенімді ояту және оларға құрметпен қарау.

Білім күнінің оқытушылық және дамытушылық мақсаты - балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету. Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы түсінік беру. Қазақстан халқы бірлігін нығайтудағы олардың маңызын ашу.

Сабақтың өткізілетін кезеңдері:

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғы сөзі.

  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары.

  3. Еңбексүйгіштік, адалдық пен білімділік - «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары.

  4. Қазақстан Республикасы картасындағы менің туған жерім.

  5. Елімнің астанасы - Астана.

  6. Туған жерімнің табиғаты.

  7. Қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті.

  8. Ғарышты игеру.

  9. Салт - дәстүрлер.

  10. Қазақ хандығына - 550 жыл.

  11. Қазақ халқының ағартушылары.

  12. Қазақстан Республикасының мейрамдары.


Сабақтың барысы:

  1. КІРІСПЕ.

Құрметті оқушылар, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы Білім күніне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңдер. Сендерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның барша жеткіншектері мен ұстаздарын 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтады.

«Жас жеткіншектер, құрметті ұстаздар баршаларыңызды бүгінгі Білім күнімен құттықтаймын. Осы оқу жылының басталуында барлықтарыңызға зор денсаулық, оқуда үлкен табыстар тілеймін»,-деді Президент.


  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

А) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары.

Мемлекеттік нышандар әрбір мемлекет дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Олар халық менталитетінің, тарихының, мәдениетінің көркемдік бейнесі. Ел азаматтарының мемлекеттік нышандарды қастерлеуінен, адамдардың өзін қаншалықты сол мемлекеттің азаматы ретінде сезінетінін, оның болашағына сенетінін, оның патриоты болып табылатынын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы тік бұрышты көгілдір түсті мата сол жағында ұлттық өрнек нақышталған, ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнелері, көгілдір түс халықтың мәдени -этникалық бірлігін және мемлекеттің мызғымастығын, байлық пен береке (күн), мемлекеттік билік пен әлемдік өркениетке талпынысын білдіреді. Өрнек ұлттық колорит ерекшеліктерін көрсетеді. Тудың енінің ұзындығына қатынасы 1:2, яғни тудың ені 1,5 м болса, ұзындығы 3 м.
Мемлекеттік тудың орналасу орны да заңмен көрсетілген. Ту Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясының ғимаратында, Парламент және Үкіметтің, министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші: Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және өзге де соттардың, Бас Прокуратураның, Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мекемелерінің ғимараттарында тігіледі немесе орнатылады. Аталған ғимараттарда мемлекеттік ту үнемі болуы керек.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының көгілдір түсті бетінде шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар (тірек) шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның дөңгеленген кейпі тіршілік пен мәңгіліктің нышанын білдіреді. Шаңырақ отбасылық береке, бейбітшілік пен тыныштық белгісі. Шаңырақтың үш күлдіреуіші үш жүздің бірлігін, алтын қанатты мүйізі бар жүйріктер елін қорғай алатын қазақтың тыныштықты қалайтынын білдіреді. Бес тармақты жұлдыз бес құрылықтың бірлікке ұмтылысын көрсетеді. Елтаңбаның алтын және көгілдір түсі Қазақстанның көпұлтты халқының ашық-жарқын болашағын, әлемнің барлық халықтарымен достықта және бірлікте өмір сүруін қалайтынын меңзейді. Мемлекеттік ту мен елтаңба ұлттық валютада, әскери белгілерде бедерленген. Мемлекеттік нышандар отандық әуелайнерлерде де бейнеленген.

Әнұран адамдардың өз мемлекетіне деген ерекшк сезімін оятады. Онда халықтың тарихы, оның жанының кеңдігі мен байлығы, алған бағыты көрініс табады.

Әнұран моралдық-ұйымдастырушылық роль атқарады, мемлекет азаматтарының басын біріктіреді. Заңда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны Қазақстан Республикасы Парламентінің сессиясын ашқанда және жапқанда; Қазақстан Республикасының Ұлттық және республикада аталып өтілетін мереке күндеріне арналған салтанатты жиындар мен отырыстарда; ескерткіштер, монументтер, құлпы тастар мен өзге де құрылыс орындарын ашу кезінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктері мен басқа да ұйымдары өткізетін дәстүрлі рәсімдер, салтанатты шаралар барысында мемлекеттік ту көтерілгенде орындалады.

Б) Еңбексүйгіштік, адалдық пен білімділік - «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары.

«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент.

В) Қазақстан Республикасы картасындағы менің туған жерім. Оқушыларға Қазақстан Республикасының картасын көрсету арқылы өз туған жерлерін сипаттауға мүмкіндік беру.


Г) Елімнің астанасы - Астана. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елордасы атауы Астана болып өзгертілді.
Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО -ның шешімі бойынша Астана қаласы «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана қаласы шапшаң қарқынмен дамып келеді және де келешегі өте зор.

Ғ) Туған жерімнің табиғаты. Оқушылардан өз туған жерлері туралы ой тыңдау. Қазақстанның көрікті жерлері, табиғаты туралы ой бөлісу. Қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті, салт - дәстүрлері туралы оқушылардың пікірлерін тыңдау.

Д) Ғарышты игеру. Қазақстанның өз жерінде әлемде теңдесі жоқ ғарыш айлағы болса да көп уақыт ғарышқа ұшу қазақ баласына бұйырмады. Бұл әрине коммунистік саясаттың кесірі. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған соң ғана мұндай мүмкіндікке қол жеткіздік.
Енді сол ғарыш көгіне самғаған қазақ азаматтары жайлы айта кетемін.
1. Тоқтар Әубәкіров - 1991 жылы 2 қазанда алғаш рет ғарышқа ұшты.
2. Талғат Мұсабаев - 1994 жылы 1 маусымда ғарышқа ұшты. Талғат Мұсабаев үш рет ғарыш көгіне самғады.
Олар жайлы оқушыларға қысқаша мәлімет беремін.
Жоспардың үшінші бөлімі бойынша оқушылармен пікір алысамын. Ғарышты игерудің маңызын аша отырып, қандай пайдасы бар екенін оқушылардан сұрап кетемін.

Қазақ халқының ағартушылары туралы оқушылардан білгендерін сұрау. Қазақстан Республикасының қандай атаулы мейрамдары бар, олардың қалай тойланатынын оқушылардан сұрап, оларға ой қосамын.

Ж) Қазақ хандығына - 550 жыл. 1456-шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.

«Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын білесіз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді.

Үш ғасыр тарихымыз пен ар-ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - сол азаттық сыйлаған бабабарға деген құрмет болса керек-ті.

Халқы құлдықтың құрсауында қалған бір ғұламаның өзегін өкініш кернеп өксіп жылағаны бар. Әлгі тұлға бай-бағлан бола тұра - ұлтын атай алмады, «менмін» дегенмен үні шықпады. Осы ата - бабамыздың ерлігі бізге үлгі болу керек.


  1. ҚОРЫТЫНДЫ.

  • Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымыздан сендер көп мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Осы жаңа оқу жылында білімдеріңді одан әрі шыңдай беріңдер. Өз Отандарыңды қорғай білетін үлкен азамат боласыңдар деп ойлаймын.

Келісемін Бекітемін

Тәрбие ісінің орынбасары Мектеп директоры

________ Ж.Б.Тлеубаев ________ Ж.С.Баймолдина

«___» _________ 2015 жыл «___» _________ 2015 жыл

Білім сабағының тақырыбы:

«Менің Отаным - Қазақстан»




Дайындаған 8 «А» сынып жетекшісі:

Т.Ғ.Сейтжанова



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал