7


  • Учителю
  • Табиғат туралы өлең шумақтары .

Табиғат туралы өлең шумақтары .

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақсу ауданы Қопа ауылы

Ш.Уалиханов атындағы негізгі орта мектебінің

7 сынып оқушысы Нұрланбек Мұрал

Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі

Биғабылова В.Б.





Табиғатым - аманатым



Табиғатым, тіршілігім, ырысым,

Сенсіз менің тарылады тынысым.

Биік - биік тауларыңа қарасам,

Алшаң басып, түзеледі жүрісім.



Сенсің менің тазалығым, тұнығым,

Сенсіз менің үзіледі үмітім,

Сен бар жерде жыр тұнады көңілге,

Сен бар кезде құлшынамын өмірге.



О, адамзат аялашы, қорғашы,

Өзің туып, өзің өскен ортаны.

Келе жатыр талай сәби өмірге,

Ең болмаса соның жайын ойлашы.



Мен қазақпын жылқы мінез қайсарлы,

Жақсы, жаман айыратын байсалды.

Туған жерім, табиғатым деп бүгін,

Асау тайың бар әлемге жар салды.



Ей, ағасы, іні менен бауырлар,

Мен айтатын сөздеріме құлақ сал,

Табиғат пен адам егіз емес пе,

Өкінерсің кетсе егер келмеске.



Бар байлығым қоршап тұрған даламда,

Бау - бақшалы әсем гүлді қаламда.

Қолда барда алтыныңды қадір тұт,

Қолдан шығып кеткенен соң қайғы жұт.



Менің ойым көк аспанды бауларда,

Заңғар - заңғар көк майсалы тауларда.

Өзіңді - өзің ұстап беріп жауларға,

Көр соқырым бір күніңе алданба.



Қатты болса сөзім егер кеше гөр,

Көк майсалы бауларыңды кеше бер.

Өз бақытың, өз қолыңда тұрғанда,

Белді буып бекем шешім шеше көр.



О, адамзат аман жүргің келсе егер,

Қарап тұрма несібең ғой қара жер.

Табиғаттың тазалығын сақтағын,

Азаматтық борышыңды ақтағын.



Тал отырғыз, көгалдандыр еліңді,

Үлес қосып, нәр берсейші жеріңе.

"Мал қалғанша, тал қалсыншы" деген ғой

Соны түсін аманат бұл атадан.



Ата - баба елі үшін аттанған,

Сол кездерде бізге сеніп сақтаған.

Ұрпақтардан - ұрпақтарға мұра етіп,

Қазақ жерін қарашықтай сақтаған.



Ата - баба рухына бас иіп,

Сөз етемін, бақ табам.

Үміт артқан жас ұрпақтың өкілі,

Мен екенмін, бүгінгі күн мақтанам.



Жаса, жайна уланбасын жер әлем,

Бастамашыл ағаларым көреген.

Туған жерім, табиғаты деп бүгін,

Мен інің - ем жолдарыңды демеген.



Сеніміңді ақ жүрекпен ақтаймын,

Туған жерім, топырағын баптаймын.

Сеніміне ата - баба дақ салмай,

Табиғатты таза етіп, әлемімді сақтаймын.



Мен ұлыңмын аманатқа берікпін,

Бабалардан ұлылықты көріп шын.

Жар саламын бар әлемге айқайлап,

Туған жерім Қазақстан көріктім!









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал