- Учителю
- Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі
Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жасай бер, ана тілім - қазақ тілі»
Мақсаты: Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар»
Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Мөлдір:
- Сәлеметсіздер ме жиналған қауым!
Дамир:
- Сәлеметсіздер ме оқушылар мен ұстаздар!
Мөлдір:
- Бүгін Жасай бер ана тілім - Қазақ тілі атты мерекелік кешке қош келдіңіздер!
Дамир:
- Сіздердің алдарыңызда 7- сынып оқушыларын «тіл» мерекесіне арналған өлең оқу сайысына шақырамыз.
Сәулебек Абылай
Матыцина Валерия
Рязанов Сергей
Гадильмурзина Милана
Запрамётова Наталья
Әбдіғалымов Руслан
Мукашева Алина
Абдрахманова Адель
Мөлдір:
-Мен саған"осы тіл не үшін керек?деген сұрақты қойғым келіп отыр.
Дамир:
- Тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Мұғалім "Тіл - қарым-қатынас құралы" деп түсіндірді емес пе?
Мөлдір:
- Тіл - қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме?
Дамир:
- Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз отаны бар емес пе?
Мөлдір:
- Ана тілі дегеніміз - ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген - бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.
3. Карточкалармен жұмыс
Мөлдір: - Ал, балалар, енді "Жалғасын тап" ойынын ойнайық.
Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.
1. Тіл - адам ойының … (айнасы)
2. Аңдамай сөйлеген … (ауырмай өледі)
3. Ойнап сөйлесең де… (ойлап сөйле)
4. Тисе терекке, тимесе … (бұтаққа)
5. Айтылған сөз, … оқпен тең (атылған)
6. Бал тамған тілден … тамар (у)
7. Көп сөз - … (бос сөз)
8. Көп сөз - күміс, аз сөз - … (алтын)
9. Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде … боласың. (мылжың)
10. Таза сөйлеу - биік … (мәдениеттілік)
4. Сөз жұмабақ шешу сайысы: (Отгадай загадки)
Дамир:
- Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебетін.
Ақ қала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсын?
(Қыс)
Мөлдір:
- Жап жасыл ағашы,
Қып-қызыл алмасы,
Ақ басты тауы бар,
Бұл қай қала деп ойлайсын?
(Алматы қаласы)
Дамир:
- Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл,
Үш көзі үш түрлі,
Қызыл, Сары, Жасыл.
(Бағдаршам)
Мөлдір:
- Сырт - сырт етеді,
Уақыт өтеді.
Ол не? (Сағат)
5. Карточка
Дамир:
- бұл сайыста қатысушыларға карточка беріледі. Берілген карточкадағы тақырыптар бойынша диалог құрастырылады. Оның тақырыптары екі түрлі:
6. Сөзді қазақшаға аудар сайысы.
Мөлдір:
-Бұл сайыста екі топқа бес-бес сөзден беріледі. Олардың қазақша атауларын жылдам табамыз.
Бірінші топ: Екінші топ
1-Холодильник (Тоңазтқыш) 1-Телевизор (Теледидар)
2-Лекарство (Дәрі дәрмек) 2-Юрта (Киіз үй)
3-Рубашка (Көйлек) 3-Сок (Шырын)
4-Вилка (Шанышқы) 4-Квартира (Пәтер)
5-Перчатка (Қолғап) 5-Шапка (Құлақшын)
7. Карточкадағы тақырып бойынша 5 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыру.
3 минут уақыт беріледі.
8. Қорытынды
Жүргізуші: Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте - деп.бүгінгі «Жасай бер, ана тілім - қазақ тілі» атты тәрбиелік сағатымыз аяқталды.Жеңімпаз болған ойыншыларды құттықтаймыз.Биік белестерден көріне беріңіздер! Қош сау болыңыздар!