7


  • Учителю
  • Класный час на тему: Қыз сыйлаған халықпыз

Класный час на тему: Қыз сыйлаған халықпыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тәрбие сабағы:Қыз сыйлаған халықпыз

Тәрбие сабағының мақсаты:Ұл балалардың бойына қыздарды сыйлау мен қадірлеуді және ұлтты тәрбиелейтін аналарды пір тұтуды сіңіру

Тәрбие сабағының көрнекілігі:мақал-мәтелдер,өлеңдер,әндер,суреттер,





Тәрбие сабағының барысы:

Қыз туралы ән.

1.Қыздардың құлағына алтын сырға-

Қыздарға қандай ілтипат көрсете аламыз-

Сен қандай әдемі болып кеткенсің?

Кофтаң өзіңе жарасып тұр

Шашың қандай әдемі

Сен әр уақытта әдемісің

Бүгін күндей құлпырып тұрсың

</<font size="4">Сен хас сұлудың өзісің - сияқты сөздер кезкелген қыздар мен аналарымыздың көңіл күйін көтеретіні сөзсіз.





2.Мақал-мәтелдер жарысы-

1-топ

Қарындас неге қидың қолаң шашты,

Біртіндеп неге жұлдың қиғаш қасты,

Бетіңе бірінші сорт ұн жақсаң да,

Баяғы қара жүзің ағармапты,

Ерніңде кезеріпті қан ішкендей,

Шашыңда қып-қызыл боп қызарыпты,

Боксқа қатыстың ба қарындасым,

Көгеріпті көзіңнің айналасы-деп М.Мақатаев ақын жырлағандай қыздарымыздың бойынан жат қылықтарды біз ғана емес өз заманында ата-бабаларымыздың байқағанын мына мақал-мәтелдер дәлелдейді.

Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман

Шешесі тұрып қызы сөйлегеннен без

Ауру -астан,

Дау-қарындастан.

Қыз кезінде бәрі жақсы,

Жаман әйел қайдан шығады.

Жаман қыздың жасауын сұрақ-тілек жасайды.

Жаман қыз біреу келсе төрге қашар.

Қырсыққан қыз күйеу таппас

Қызым үйде,қылығы түзде

Өзі болған қыз төркінін танымас.

Қызды ауылдың иті жатпас.

Қотыр қызға-қола сырға.

2-топ

Арулар -асыл жандар

Шуақ боп шашылғандар,

Қуат боп тасынғандар

Арулар -асыл жандар

Арулар --аяулылар,ардақтылар

Өмірдің жылу ы боп қалмақ бұлар.

Арулар -тіршілікке күре тамыр

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.-деп М.Мақатаев жырлағандай қыздарымыздың бойындағы асыл қасиеттерді біз ғана емес ата-бабаларымыздың да бағалап дәріптегені мына мақал-мәтелдерден айқын көрініп тұр.

Қызың өссе қылықтымен ауылдас бол.





Ақылды қыз білімге жүгірер





Жақсы қыз біреу келсе есік ашар.

Қыз өссе -елдің көркі

Судың түбін шым бекітер

Даудың түбін қыз бекітер.

Жақсы қыздың жасауын жақын-жаран жасайды.

Қызға бергенді қыдыр өтер.

Қыздың қабағы күлімдесе құт келеді.

Қызда қырық көліктік бақыт бар.

Жақсы қыз-жағадағы құндыз.

Мақал-мәтелдер арқылы қыздарымызды инабаттылыққа,адамгершілікке,ұлттық дәстүрді сақтауға тәрбиелейміз.

Музыкалық сәлемдеме : Мадияр Сайлаубек





Әйел деген- отбасының шаттығы

Әйел деген-әлемнің кен бақ туы

Әйел деген-берекесі үйінің

Әйел деген-ер адамның ақ гүлі

Әйел деген-шаңырақтың шуағы

Махаббат көңіл кірін жуады.

Президентте,министрде, бәріде

Ғажайып әйелдерден туады.

Әйел ару бақытың боп шалқыған

Әйел аққу-су бетінде қалқыған

Әйел деген-қызыл жасыл дала гүлі

Әйел -көктем, жұпар иісі аңқыған

Әйел -ана,әйел-әпке,қарындас

Әйелдерсіз еркек көңілі жарым жас

Сендерсіңдер әлемдегі қымбатты

Қанша әйел ақ бесікті тербетіп

Түнгі ұйқысын төрт бөліп,түн қатып

Қазағымның әйелдері сұлу-ақ

Жарасымды езу тартып күлуі-ақ

Барша әйелдер өздеріңдей болсайшы

Бой түзейді жүрегіңнен жылу ап,

Әйел деген- шырқайтұғын әніміз

Әйелдермен жарасады сәніміз

Әйелдер-ай сендер аман жүріңдер

Шуақ берер бізге нұрлы жаныңыз деп -ақындар жырласа,дана халық аналар бойындағы асыл қасиеттерді мақал-мәтелдер арқылы ұрпағына мұра етіп қалдырған.

Алып анадан туады, Ананың ойы балада





Ат биеден туады. Ананың басқан жерінде пейіш бар

Ердің анасы-елдің анасы. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Ананың ізін қыз басар,

Атаның ізін ұл басар.

Домалақ ана,Айша Бибі,Баян Сұлу,Қыз Жібек,Сара,Әлия мен Мәншүктер даналық пен ұлттық қасиеттерді бойына сіңірген аттары аңызға айналған апаларымызды үлгілі өсиеттері мен аманаттарын қадірлейік,балалар.

Аналар мен қыздар мерекесіне арнап дайыындалған тәрбие сағаты осы мен аяқталды.





























.





































Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

№23 мектеп- лицейі









Тәрбие сағатының тақырыбы:

Қыз сыйлаған халықпыз









Орындаған: 8ә сынып жетекшісі

Толегенова Карима Хамитқызы





































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал