7


Ел мақтанышы (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы, Темір ауданы

Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектебі

Рамазан Ақылбек Арыстанбайұлы

Тақырыбы: Ел мақтанышы

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өмірі, оқыған оқу орны, атқарған қызметтері туралы кеі мағлұматтар беру;

ә) Оқушыларды отансүйгіштікке тәр­биелеу, олардың елін-жерін сүйетін, ана-тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуіне қолдау көрсету;

б) Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту.

Түрі: аралас

Әдісі: баяндау, сұрақ -жауап

Көрнекілігі: Н.Ә. Назарбаев суреті, кітаптар

«Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек.»

Н.Ә. Назарбаев

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Жоспар

Саламатсыздар ма оқушылар? Бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені біз бүгін өзіміздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат аламыз. Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтығын жарастырып отырған ұлы тұлға. Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру - біздің міндетіміз.

Ендеше, Шәмші Қалдаяқовтың әніне, Жұмекен Нәжімеденов пен біздің Елбасымыз - Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайық.

Әнұран орындалады.

1.Кіріспе

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында өмірге келген. Ол қарапайым балқытушыдан бастап, Елбасына дейінгі қиын да қызықты өмір жолын жүріп өткен.

Ел басшысы-Н.Ә.Назарбаев 1999 жылы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент. Қазақстан Республикасының негізгі заңы Конституцияда Президент халық мүддесін қолдау үшін халық атынан әрекет етеді деп жазылған.

ҚР Президенті - мемлекеттің сайланып қойылатын басшысы, ең жоғарғы лауазым иесі. Президенттің құқықтары мен міндеттері өте көп. Ол Үкіметті жасақтайды, Парламенттің келісімімен Үкімет басшысы Премъер- Министрді тағайындайды.

Отан! - деген сөзім қандай әдемі!

Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.

Таңдандарды жан-жағымды - бай өлке,

Қарапайым, кең дастархан, әдебі.

Атам қазақ аңсағаны еркіндік,

Сақтау үшін азаттықты бекіндік,



«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар,

«Татулықтың символымыз» сертім нық.

Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері - елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.

Біз кеше ғана Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығын атап өткен болсақ, ендігі кезекте тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына аяқ басып келеміз. Бұл дегеніміз Елбасымыздың ерен еңбегі деп білеміз.

2. «Қазақстан» сөзжұмбағы. Оқушылар экранға назарымызды аударып «Қазақстан» сөзжұмбағын шешіп көрейік.

1. Тәуелсіздік үшін күрескен батыр? (Қайрат)

2. Қазақстанның елордасы? (Астана)

3. Қазақстанның Елбасы? (Назарбаев)

4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан? (Еуразия)

5. Қазақстанның жергіліктіхалқы қай тілде сөйлеседі? (Қазақ)

6. Қазақстанның рухани астанасы қай қала? (Түркістан)

7. Қазақстанның ұлттық валютасы? (Теңге)

8. Қазақстанның көршілерінің бірі (Қытай)

9. Қазақстан неге бай? (Мұнай)

3. Ой толғаныс. «Әріптер сөйлейді». «Елбасы» сөзіне қатысты әр әріпіне сөздер құрау. Елбасы болу үшін қандай болу керек?

Е - ержүрек

Л - лайықты

Б - батыл

А - ақылды

С - саясаткер

Ы - ынтымақты

4. Топтастыру

Негізгі кейіпкерімізге мінездеме беріп көрейік. Елбасымыз қандай адам?

Ақылды, білімді, қайсар, қайратты, мәдениетті, өнегелі, тәрбиелі, жігерлі, батыл, ақын, сауатты, аңшы, спортпен шұғылданады, т.б.

Сонымен қатар, Елбасымыз өнерге құштар жандардың бірі. Ол «Елім менің», «Үшқоңырым», «Сарыарқа» әндерінің сөзін жазған және мемлекеттік Әнұран мәтінінің авторы.

Олай болса, оқушыларымыздың Елбасымыздың сөзіне жазылған әнді назарларыңызға ұсынамыз.

Ән: «Үшқоңыр» тыңдау

5. Елбасының кітаптары.

1. «Абай туралы сөз» атты кітабы. Мұнда 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі үш тілде берілген. Яғни, мұнда Ұлы Абайды бүкіл әлемге паш еткендігі жазылған.









2. «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабы. Мұнда біздің еліміздегі Семей ядорлық полигонының жабылуына арналған әрекеттер баяндалады. Ішіндегі берілген суреттер өте қорқынышты.

3. «Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті: жылнама құжаттары» атты құжаттар жинағы да өте танымды фактілерге толы еңбек. Еліміздегі білім мен ғылым, мәдениет, өнер ошақтары, тіл мен дін, бұқаралық ақпарат құралдары жайлы деректер келтірілген. Мұнда, қай жылы, қай күні қандай елеулі оқиға болды, барлығы көрсетілген.

4. Келесі кітап Әзербайжан ақыны Камран Мырзаның «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» деп аталады. Кітап Өскеменде 2006 жылы шыққан. Алғысөзінде автор былай деп жазған: «Нұрсұлтан Әбішұлы мырза! Қазір сіз барлық болашақ ұрпақтың жақсы өмір сүруіне берік іргетас қалаудасыз. Алда қандай кедергілер күтіп тұрса да осы әділ саясатыңызды ұстансаңыз, Сіз жеңесіз». «Нұрсұлтан дана» өлеңінде ақын былай деп жырлайды:

Президенті болдың туған еліңнің,

Ода-жырмен сансыз тілде төгілдің.

Жерұйыққа айналдырып жеріңді,

Бостандықтың жолы болып өрілдің.

Қорытынды: Әрине, Елбасы мақтау мен мадаққа еш мұқтаж емес, бізсізде оның атына әр тараптан, шартараптан жақсы лебіздер, жылы пікір айтушылар көп екені белгілі. Алайда біз өмір сүріп отырған қоғамымыздың мүшесі ретінде бүкіл халық болып бірауыздан сайлаған басшымызға деген шынайы ықыласымызды, өзіміз байқап жүрген ол кісінің ізгі қасиеттерін айтып жүруді мақсат етеміз.

Құрметті оқушылар, бүгін тәрбие сағаты барысында Егемен еліміздің алғашқы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеткен жетістіктеріне куә болдық. Қазақстанның болашағы сендер, сондықтан да саналы, білімді, адами қасиеттерің зор болып, әрқашанда елбасымызды ұлықтап, ел сеніміне ие бола біліңдер.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал