7


  • Учителю
  • 'Тапқыр достар' біліімділік сайысы

'Тапқыр достар' біліімділік сайысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Тапқыр достар

Сайыстың мақсаты:

Білімділігі: оқушылыардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интелектуаллдық деңгейін арттыру;


Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын, қажеттілігін арттыру;


Тәрбиелігі: өз білімін көтеруге, өз бетімен жұмыс істеуге,ізденуге баулу дағдысын, белсенділігін қалыптастыру;


Көрнекілігі: шарлар,плакаттар,слайд т.б.

Сайыстың барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім» деген екен . Ендеше «Білімділік апталығына» байланысты 4 сыныптар арасында өткелі отырған «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер!

Армысыңдар, осында жиналғандар

Сіздерді қызықтырар небір сыр бар.

Рұқсат берсе біздерге көрермендер,

Кешімізді басталық қатысушылар.

Алдымен, топтың білімі мен тапқырлығына баға беретін әділ -қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1. Бастауыш сыныптар оқу ісінің меңгерушісі Аталық апай

2. Мектеп алды даярлық тобының сынып жетекшісі Жаннат апай

3. Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Рима апай

«Тапқыр достар» сайысына 2 команда қатысады. Сайыс 4 кезең бойынша өткізіледі.

I кезең. Таныстыру.

II кезең. «Сен білесің бе?»

III кезең. «Мадақтау»

IV кезең. «Ғажайып ұяшық»


I.Таныстыру.

Бұл бөлімде командалар топ атын, ұранын, төс белгісімен танстырады.



II. «Сен білесің бе?»

Ұяшықтарды таңдау арқылы мектепте өтілетін дене тәрбиесі пәнінен және салауатты өмір салтына байланысты сұрақтарға жауап береміз. Қандай ұяшық ашылса командаларға сонша ұпай қосылады.

Оң жақтағы 5 ұпай. Денсаулықты сақтау үшін немен

Сол жақтағы 5 ұпай. Әр адам денсаулығы жақсы болу үшін нені сақтау керек? (гигиена)

Оң жақтағы 10 ұпай. Күш атасы кім? (Қажымұқан)

Сол жақтағы 10 ұпай. Маңғыстаудан шыққан желаяқ кім?

(Әмин Тұяқов)

Оң жақтағы 15 ұпай. Тоғызқұмалақ ойынында барлығы неше құмалақ болады? (164 құмалақ)

Сол жақтағы 15 ұпай. Тоғызқұмалақ ойынында ойын басталарда ұяшықтарға нешеден құмалақтар салынады? (9 құмалақтан )

Оң жақтағы 20 ұпай. Жүгіру жаттығуларындағы қысқа қашықтықтарды ата? (60м, 100м, 200м, 400м)

Сол жақтағы 20 ұпай. Жүгіру жаттығуларындағы орташа қашықтықтарды ата? (800м, 1500м, 2000м, 3000м)


III. «Мадақтау» сайысы

Командаға 5 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде олар дене тәрбиесінен берілген терминдерді қолданып әділқазыларға, көрермендерге және оқушыларға мадақтау сөздерін айту керек. (Мысалы: Сіздің аяғыңыз ұзын да, жіңіщке сырықтай қимылдайды)

I командаға: Баскетбол добы, ысқырық, круг, бөрене, спортшы

II командаға: Футбол добы, уақыт өлшегіш, серіппе, ат, жаттықтырушы





IV. «Ғажайып ұяшық»

Бұл бөлімде ұяшықты таңдау арқылы ішінде жасырылған бейне сұрақты, әуенді, сыйлықты тауып, жасырылған жұмбақтардың жауабын тауып, өз меншігімізге ұпай қосамыз.

Жұмбақтар шеше білейік

10

20

30

40

Қазақ спортшылары

10

20

30

40

Дене шынықтыру

10

20

30

40

Жұмбақтар шеше білейік: 10. Етпеттепте құлайды,

Шалқалапта құлайды.

Кезек атып ойнаған,

Бар балаға ұнайды.

(Асық ойыны)

20. Іші кепсе жүгіреді,

Желі кетсе бүгіледі.

(Доп)

30. сәттілік

40. Оңнан, солдан ұрасын,

Қорғанысқа шығасың

Қарсыласқа доп салып

Ұпай жинап аласың.

(волейбол)


Қазақ спортшылары: 10. Лондон олимпиадасында неше алтын, неше қола, неше күміс жүлдегерлері бар? (7 алтын, 1 күміс, 5 қола)

20. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы кім? (Жақсылық Үшкемпіров)

30. сәттілік

40. Бұл кім?


Дене шынықтыру: 10. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?

(Көкпар, қыз қуу, асық)

20. Секіру жаттығуларының қандай түрлері бар? (биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, сырықпен секіру, үш аттап


30. сәттілік

40. Мына доппен қандай спорт түрін ойнаймыз? (футбол)


Қорытынды: Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы

Тағы да үйренерміз аман болсақ, - дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал