7


  • Учителю
  • Сынып сағаты 'отбасы' (8 сынып)

Сынып сағаты 'отбасы' (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі






«Отбасы - тәрбие бастауы»

ток шоуы










Сынып: 8 «А»

Өткізген: Шыных Н


Павлодар, 2013


Сабақтың тақырыбы: «Отбасы - бала тәрбиесінің бастауы»

Мақсаты:

  1. Жас ұрпақты әдептілікке, адамгершілік құндылықтар, отбасындағы тәрбие, отбасы құндылықтарын сақтай білуге баулу

  2. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным білімділігін арттыру

3. Тәрбиелік: Әдептілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Диалогтік әдіс, АКТ, Көшбасшылық

Сабақтың түрі: ток шоу

Көрнекілігі:Слайд, смайликтер,бейне ролик

Сабақтың барысы:

І. Сәлемдесу: Шаттық шеңбері

Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме? Құрметті қонақтар! Қош келдіңіздер! Сіздердің алдарыңызда 8а сыныбы « Айтуға оңай» ток- шоуын ұсынбақшы. Бүгінгі ток шоудың тақырыбы:

«Отбасы - тәрбие бастауы»

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу -ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген.

Отбасы -адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Қоғамның қуат тірегі - отбасы. Адам баласының шыр етіп дүние есігін ашқан сәтінен бастап, осында ер жетіп, жанұяның тәрбиесін алады.

Ата мен ана - бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.

Ата-асқар тау

Ана- баурайындағы бұлақ

«Бала жағасындағы құрақ» деп ата-мен ананы баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалы.

Сонымен қатар, бала тәуліктің 6-7-8 сағатын мектепте өткізсе, 2-3 сағатын мектептен тыс үйірмелерге қатысса, қалған уақытын отбасында ата-анасымен бірге өткізеді.

Келісеміз бе?

Жалпы бала тәрбиесінде отбасы мектеп қоғамның ролі ерекше.

Мектепте оқушы:

Сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, психологтар.

Ал отбасында:

Ата-ана, ата-әже, туыс-туғандар,ағайындары

Ал қоғам:

Қоршаған орта, достарынан, ақпараттық құралдар

Бүгін біз тәрбиеге ықпал етуші орта отбасының ролін талқыламақпыз. Ток шоу жүргізушісі Тоқтар Қырмызы.

І. Жүргізуші:

Қайырлы күн! Құрметті қонақтар! « Айтуға оңай» ток шоуы

Бүгінгі ток шоуымыздың тақырыбы: «Отбасындағы тәрбие бала өмірінің бастауы»

Ток шоуымызда қаралатын .....

1.Ата-ана парызы Имандылық тәрбиесі жайлы

2.Балалар әлемі қандай болуы керек?

3.Бұл қандай тәрбие?

4. Әке, ана мен сендерден үлгі аламын.

Ток шоуымыздың бүгінгі қонақтарымен таныстыра кетейік.

Ата-аналар:

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі

Мектеп психологы

Мектеп инспекторы


ІІ. Жүргізуші: Видео ролик «Бала тәрбиесі» / 5 мин/ Ата-ана парызы Отбасындағы құндылықтар жайлы болмақ.

Отбасында қандай құндылықтар сақталуы керек?

Сендердің отбасыларыңда қандай құндылықтар сақталады?

Қазақ отбасы тәрбиесінде басқа ұлттармен салыстырғанда, қандай өзгешеліктер бар?

  1. Оқушы:

  2. Оқушы:

  3. Оқушы:

  4. Ата-ана

  5. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:

Мырзабекке сөз береміз.

Мырзабек: Абайдың жетінші, сегізінші, оныншы қара сөздерінде бала туады, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері сөз болады.

Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады; біреу -ішсем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары... . Біреу білсем ... көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген»

Жүргізуші: Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесінде негізгі көмекші бірден бір ата-ана екендігі айдан анық. Бала болашағына негіз салаушы - ата-ана»

Жүргізуші: Алмас өз ойын айтқысы келеді.

Осы орайда, елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: « Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»

Дана сіз не айтасыз?

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,

Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ, шала ме екен?

Ойын емес, оллахи, біздікінің

Енжарлығы -елде жоқ - ала бөтен...

Аида Отбасы тәрбиесі жайлы өз пікіріңізді айтсаңыз.

Сухомлинскийдің « адам тәрбиелеу, өзінің туған үлы мен қызын тәрбиелеу - азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы» деген өсиет сөзін айта кеткім келеді.

Жүргізуші: Келесі видео роликке назар аударайық! «Қиын балалық шақ» /3 мин/

Иә, бүгін мектеп партасында отырған ұл бала- ертең жігіт, ер азамат. Ал азаматтың жүгі ауыр, себебі, «Мен қазақпын дейтін» азамат өзінің тегін, кіндік кескен жұртын қастерлеп, жеті атасын жадында тұтуы керек.

«Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер» деп біздің қазақта ата- бабаларымыз тегін айтпаса керек.

Осы орайда мен сіздерге мынадай сұрақ қойғым келеді?

Қалай ойлайсың ер бала неге арба айдап жүк тасуға мәжбүр болды?

Ол дұрыс па?

Балалар әлемі қалай болуы керек?

  1. Оқушы:

  2. Оқушы

  3. Оқушы:

  4. Мектеп психологы:

  5. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Еңбек заңында көрсетілген кәмелет жасына толмаған баланың ауыр еңбек түрін жасауына рұқсат етілмейді. Ол бала денсаулығына зиян.

Еңбек заңында көрсетілген 14 жасқа толған оқушы баланың жеңіл еңбек түрін жасауына рұқсат етілген. Мысалы, еңбек отрядтарына құрылған жұмыстар.

Жаннель. Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылыстан дарымайды. Әбу насыр Әл Фараби

Айгерім: «Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды.Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды» Ғабиден Мұстафин

Жүргізуші: Бұл қандай тәрбие? Видеоға назар аударайық /2 мин/

Жүргізуші:

Иә, біздің халқымыз ер баланы ертеңгі мұрагер санағанымен қыз баланы олардан әсте кем көрмеген. Көп жағдайда қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген ата-аналар тіпті ұлдарынан гөрі қыздарын ерекше жақсы көріп, еркелетіп, еркін өсірген. Қазақ отбасында мысалы, ұлдарды жазалау, шектен шығып бара жатса әкесінің, яки ағасының ондай тентектікке қамшы жұмсап, қайырып алған кездері жиі кездессе, ал қызды жазалау кездеспейтін құбылыс десек те болады.

Жүргізуші:

Сенің ата-анаң сән үлгісімен киінуіңе қарсы бола ма?

Мектеп формасын сақтайсыңдар ма?

Мектепте қандай киім киген дұрыс?

  1. Оқушы:

  2. оқушы

  3. оқушы

Ата-ана: мектепте қандай киім киген жөн -сіз қалай ойлайсыз?

Жүргізуші: Сенбе жұртқа тұрса да, қанша мақтап,

Әуре етеді қулық сақтап

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.- деп Абай атамыз айтқандай ақылы мен кқркіне сай адамгершілігі мол адам болып өсу біздің басты парызымыз.

Жүргізуші: Экранға назар аударайық! «Ана жүрегі» /18сек/

Ата-анама қарызбын

Маған өмір сыйлаған

Бала қамын ойлаған

Бар ма сіздей сыйлы адам?!

Бала, бала деп

Бар өмірін арнаған

Жанұясы жарасқан

Бар ма сіздей арлы адам? Қазір біз сіздермен тренинг өткіземіз.

Мақсатымыз: Ата-анаға деген сүйіспеншілік, отбасы жылулығын бір сәт есте түсіру

Тренинг «Менің қамқоршым»

Әр оқушы өз ата-анасының өзіне айтатын жылы сөзін, ақыл сөзін есіне түсіреді

Аида сізге ата-анаңыздың айтатын жылы сөзі, ақыл сөзі

Айсара ата-анаңыздың айтатын жылы сөзі

Мырзабек: сізге ше?

Жүргізуші: «Соқыр ана» монолог /10 мин/

Баланың әрекетін қалай бағалайсың?

Баланың осындай әрекет жасауына кім әсер етті?

Бұл бала отбасында осындай тәрбие алған деп айта аласың ба?

Бұл монологті естіген кезде сен қандай әсерде болдың?

Ата-анаң парызын қалай өтер едің?

Макаренко: «Отбасы өмірді кемеліне келтіреді бақыт әкеледі.

Жүргізуші: Отбасының ұйтқысы, берекесі мейір шапағат көзі- әке. Отбасының пейіл- берекесі, асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі қамқоршысы.

Әке» монологы

Сен әкеңмен жиі әңгімелесесің бе?

Сені әкемді ренжітіп алдым деген сұрақ мазалай ма?

Мақалдар мәнісі

Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без»

«Ұлдың ұяты -әкеге

Қыздың ұяты -шешеде» қалай түсінесің?

  1. Оқушы:

  2. Оқушы:

  3. Оқушы:

Жүргізуші:

Достар мен сендерге мынадай сұрақтар қойғым келеді?

Ата-аналарың сендерге қандай тыйым сөздер айтады?

Отбасында кімді үлгі тұтасың?

Сендердің ата-аналарың алдында қандай парыздарың бар?

Жас өспірім балалардың теріс, жағымсыз әдет, қылықтарды жасауына не әсер етеді?

Тәрбиеге кедергі келтіруші

Кедергілерді жою жолдары

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, оқушылар бүгінгі ток шоуға өз көңіл -күйлеріңізді алдарыңыздағы смаиликтермен білдірулеріңге болады.


Ата-ана бақытымсың, барымсың

Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың

Жалғасындай ата-анаңның балалар

Жақсы атымен бар әлемге танылсын! -дей келе бүгінгі ток шоуымызды аяқтаймыз.

Келіп тыңдағандарыңызға рахмет!

Сөз кезегін қонақтарға береміз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал