- Учителю
- План урока по воспитательному работу на тему 'Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан'
План урока по воспитательному работу на тему 'Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан'
Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
-
0
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
(мақал)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтау, оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: ойын, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кеспелер.
Сабақтың барысы:
I. Д. к. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші сұхбаты.
3. Сөзжұмбақ шешу. Егер дұрыс шешсеңдер, тігінен бүгінгі сабаққа байланысты сөз шығады.
1) Семья сөзінің аудармасы;
2) Әкенің әкесі;
3) Старший брат сөз тіркесінің аудармасы.
4) Шеше сөзінің синонимы;
- Қандай сөз пайда болды? (Отан) Отан деген не? Отан деген сөздің мағынасы - ол адамның туып - өскен жері. Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер? (1, 2 оқушы тақпақ оқиды)
- Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл», «Отан оттан да ыстық», «Отан отбасынан басталады».
II. Д. к. Жаңа сабақ. Білгенге маржан.
1. Мұғалім сөзі. - Жаңа мақалда айтылғандай, Отансыз адам болмайды. Балалар, біздің Отанымыз қай ел? (Қазақстан)
Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан». (дәптерлеріне жазады, эпиграф туралы айту)
- Қазақстан туралы не білесіңдер? (Қазақстан тәуелсіз мемлекет, астанасы - Астана қаласы, президенті - Нұрсұлтан Назарбаев, бай мемлекет) Дұрыс, енді қазір жаңа мәтінмен таныс боласыңдар.
2. Мәтінмен жұмыс.
Көп сөз білсең, көкжиегің кең болар.
рәміздер - символы
ұлт өкілдері - представители национальностей
тату - дружные
ұлттық - национальные
тағам - блюдо, еда
табиғат - природа
мақтан етеміз - гордимся
1) мұғалім оқиды;
2) 1 - қатар хормен қайталайды;
3) 2 - қатардан бір бала оқиды;
4) 3 - қатардан бір бала оқиды;
5) 1 мин. есте сақтау;
6) Сөз тіркестерін құру.
- Мәтінді мұғалім оқиды.
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Ол - тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 22 жыл болады. Оның өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. Олар тату. Әр халықтың өз салт - дәстүрі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары бар.
Қазақстанның табиғаты әдемі.
Біз Отанымызды мақтан етеміз.
1. Аудирование. - Мәтін не туралы? Оқушылар түсінгенін орысша айтып береді.
2. Оқушылар тізбектеп оқып, аударады.
ІІІ. Д. к. Мәтінді пысықтау. Ауырсыз жеңіл жоқ.
А) Деңгейлік тапсырмалар орындау.
1 - деңгей. Мәтіннен 5 жуан, 5 жіңішке сөздерді теріп жазыңдар.
2 - деңгей. Мәтіннен қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазыңдар.
3 - деңгей. Қазақстан туралы шағын диалог құрастырыңдар.
Ә) «Не артық?» тапсырмасы. Кім қаншалықты түсінгенін білу үшін келесі тапсырмаға назар аударыңдар. Неге олай деп ойлайсың? Өйткені...
IV. Д. к. Жаңа білімді бақылау. Өзіңді тексер. Интеллектуалды ойын. (оқушылар тақтаға шығып өзіне сұрақ белгілеп, жауап береді)
V. Д. к. Қорытынды. (Топтастыру стратегиясы.) Білгенім - көңілге түйгенім.
- Сонымен, балалар, бүгін Қазақстан туралы не білдік? Ал енді кластер құрастырайық. (дәптерге жазу)
Отан
Астана
Тәуелсіз Қазақстан
рәміздер
қазақ тілі табиғат
- Тірек сызба бойынша сөйлемдер құрастыру. Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Өз рәміздері бар. Қазақстанның табиғаты әдемі.
VI. Д. к. Үй тапсырмасын түсіндіру. Алғаныңды тиянақты.
1. Тірек - сызба бойынша әңгімелеу.
2. Мәтін бойынша бес сұрақ құру.
VII. Д. к. Бағалау. Еңбек етсең, емерсің...