7


  • Учителю
  • Теуелсіздік тұғырың сынып сағаты

Теуелсіздік тұғырың сынып сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәуелсіздік- ел тірегі.

Мақсаты: Оқушыларды ҚР -ның Тәуелсіздік алғаннанн бері жеткен жетістіктерімен таныстыру. Қазақстан Республикасының Рәміздерін құрметтеуге баулу.

Тәрбиелік мәні:Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін артттыру. Халқымыздың әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Дамытушылығы; Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенің түсіндіру.

Кіріспе сөз;

Тарих бетін парақтасақ , Қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғындарды, зорлық- зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.

Соның бірі Алматы қаласында болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір ауыз сөзбен түсіндіру мүмкін емес.

Міне, біз бүгін тәрбие сағатымызды желтоқсан оқиғасына байланысты ой толғап, тәуелсіздікке өз үлесімізді қоспақпыз.



Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға Алатау мінді кәрі айбарлы,

Күтпеген іс ақыры не болды деп ,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес ,салтанатты,

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.



Желтоқсан оқиғасының қаһарман батыры Қайрат Рысқұлбековтің бейнесіндегі оқушы өлеңін айтады.

1992 жылы Республика алаңында желтоқсан құрбандарын еске қалдыруға арналған ескерткіш тақта қойылды..1996 жылы желтоқсанда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

Ал бүгінде қазақ халқы өзінің көптеген аңсаған арманына жетті. Егеменді ел , тәуелсіз мемлекет болды.

Халқымыздың ар- намысы үшін жауапқа тартылған ұл- қызы ақталды. Өшкені жанып, өлгені тірілді. Тәуелсіздігіміз құтты болсын ағайын!

Ербол, Қайрат, Ләззатсынды аға- апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды, 1986 жылдың желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп ,оларды ақтау үшін көп еңбек еткен жазушы ағамыз- Мұхтар



Шаханов. Мұхтар Шахановтың «Төрт ана»өлеңі оқылады.

Қазақстан Республикасының 19 жылдығына арналған тарихи- әдеби тәрбие сағатымыз «Тәуелсіздік- ел тірегі» деп аталады.Біз өзіміздің Көк байрағымызды жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып, Күн сәулелі аспанымызда әрқашан тәуелсіздік пен өрліктің белгісі- дала қыранының қанаты талмай ,шарықтай беруін тілейміз.

1991 жылы 16 желтоқсанда біздің елімізде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Ата Заң қабылданды.

Еліміз өз билігін қолына алды. 1992 жылы БҰҰ- ның мүшесі болды, НАТО бейбітшілікті сақтау кеңесінің мүшесі, Азия елдерінің қауіпсіздік және экономикалық қауымдастықтарының мүшесі. Бізде әлемдегі 40 елдің елшілігі бізде бар.

Жер көлемінен дүние жүзінде тоғызыншы орын аламыз. 2 қараша 1997 жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

20 қыркүйек 1997 жылы Дүние жүзі қазақтарының бірінші Құрылтайы ашылды.

1994 жылдың ақпан айында Қазақстан ядролық қаруды тараптау жөніндегі шартқа қосылды.

30 тамыз 1995 жылы Жалпы Халықтық Референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

7 мамыр 1998 жылы Президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана деп аталды.

Маусым, 1999 жыл. «Жаңа Қазақстан» атты көп томдық ұлттық энциклопедияның бірінші томы жарық көрді.

Тәуелсіз мемлекеттің ең басты белгілері; Желбіреген көк Туымыз,Әнұранымыз және Елтаңбамыз. Рәміздеріміз жайлы оқушылар мәліметтер айтып кетеді.

Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдерін оқушылар оқып шығады.

Сынып сағатымызды Әнұран орындаумен аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал