7


  • Учителю
  • Қазақ тілі 'Етістікті қайталау' 6-сынып

Қазақ тілі 'Етістікті қайталау' 6-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ЕТІСТІКТІ ҚАЙТАЛАУ.

6- СЫНЫП

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы етістік туралы алған білімдерін қайталау.

Етістіктің түрлері:туралы білімдерін бекіту. Етістіктің қолданыстағы маңызын, қызметін аңғарту, оның ауқымы кең сөз табы екендігіне көз жеткізу.

Тәрбиелік: Әсемдікке, ұқыптылыққа баули отырып, бірлікке, ұжым ішінде ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін дамыту, білімге көз - қарасын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жұмбақ шешкізу, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, плакат, сурет, оқулық, венн диаграммасы

Сабақтың түрі: Қайталау, білімді бекіту сабағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті

а) Амандасу

ә) Сыныпты түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Үй тапсырмасын кезектесіп оқыту

ә) Тұйық етістіктің ережесін сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Оқушылар қызығушылығын ояту.

Іс- қимылын нәрсенің,

Білдіріп мен тұрамын

Не істеді? Не қылды?

Деген менің сұрағым

Бұл қай сөз табы?(Етістік)



2.Тақырыпты таныстыру

«Етістіктен өткенді қайталау»

Тақырып бойынша түсінік



негізгі күрделі

туынды Етістікдара

болымды болымсыз



Оқушылар әр анықтамаға мысалдар келтіріп отырады.

3. «Қарлығаш» суреті бойынша сөйлем құратып, етістікті табу, ережесін қайталау.

4. Топтық жұмыс.

І топ «Қарлығаш» сөзіне етістік қосып, ассосация құру.

Шиқылдайды, ұшады, жем жейді, жүреді, су ішеді.

ІІ топ «Қарлығаш» сөзінен сөз теріп, зат есім шығару.

(қар, қарға, ағаш, арық, т.б.)

І топ « Қарлығаш» сөзінен сөз теріп, етістік шығару.

(қал, қарғы, қаш, аш, ал, аршы, шық, т.б.)

ІІ топ Венн диаграммасы бойынша зат есім мен етістікті салыстыру.

Сөз табы қимыл, іс

Негізгі әрекет

туынды не істеді?

жіктеледі қайтты?

Септеледі дара,күрделі

болымды,

болымсыз

шақтары бар

баяндауыш



Заттың атын кім?

Не? Кімдер?

Нелер? Жалқы,

жалпы, негізгі,

туынды, септеледі, тәуелденеді

Зат есім Етістік

Запзапттортмрарарарарачачсасапсспспсп

5.Оқулықпен жұмыс. 264- жаттығу. Етістіктерді тауып, олардың нешінші жақта қалай жіктеліп тұрғанын айтыңдар.

265 - жаттығу. Дара және күрделі етістіктерді ажыратып, олардың мағыналық ерекшеліктерін айтыңдар.

266- жаттығу. Негізгі етістік пен көмекші етістікті тауып, олардың мағыналық ерекшеліктерін айтыңдар.

267 - жаттығу. Есімшелерді бір бөлек, көсемшелерді бір бөлек теріп жазыңдар.

IV. Жаңа сабақты қорытындылап, бекіту.

«Жалғастыр» ойыны

Әр қатар жазылған етістіктің соңғы әрпінен басталатын етістік тауып жазады.

V. Бағалау. Оқушыларды тиісті бағалармен бағалау.

VI. Үйге тапсырма. 268 - жаттығу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал