- Учителю
- Тәрбие сағаты 6 класс
Тәрбие сағаты 6 класс
Сабақтың тақырыбы: «Өзің таңдаған өмір»
Сабақтың мақсаты: а) жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру.
ә) оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
б) тренинг түрлері арқылы оқушының тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, оқиғадан шыға білу, өз ойын жинақты жеткізуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өздік ізденіс, мысал қоя іздендіру, салыстыру, топтау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: түсті қағаз, ақ қағаз, карточка (тақтада).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) оқушының сабаққа қатысуын бақылау.
ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
ІІ. Жаңа сабақ
- Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.
-
Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын анықтау;
-
оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету;
-
өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету;
-
негативті шығару, жою.
1. Таныстыру тренингі: Оқушылар шеңбер құрып (сағат тілі бойынша) әр оқушы өз есімінің бірінші әріпі бойынша мінезінің бір қасиетін айтып, келесі оқушы бірінші оқушының атын, қасиетін, қайталай отырып, өзінің есімімен қасиетін қоса айтады.
Мысалы: Ұлжан- ұқыпты, Елнар - епті.
2. Өмір деген не?-сұрақтарына балалар өз ойларын айтады: 2 топ болып жұмыс жасау.
Адамда саналы түрде қалыптасқан өмірлік бағыт оның әлемді, өмірді, өзін-өзі түсінуіне байланысты. Өмірлік бағыт адамның іс-әрекетінен , өмірге берген бағасынан көрінеді. Өзін-өзі тануда , өзін-өзі жетілдіруде, өмірде және қоғамда өз орныңды табуда әркімнің белсенділігі шығады. Адамның өмірлік бағыты оның өмір бейнесінен көрінеді. Әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті. Ол үшін мына ережелерді басшылыққа алсаңдар дұрыс болады.
- Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре біліңдер;
- Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар.
- Өмірдің ең құнды жақтарын алуға тырысыңдар;
- Адамнаң әлсіздігіне шыдамдылықпен қараңыз, ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;
- Өмірде жақсылықта, жамандықта болады, сондықтан оның ара жігін адал аша біліңіз.Сөйтіп өмірлік бағыт дегеніміз әркімнің өз өмірлік жолын таңдауына әкеледі. Сондықтан өмірлік жолды, өмірлік бағытты таңдай отырып адамгершілік, әділдік, адалдық, шыншылдық, ар-ұят тәрізді адамдық асыл қасиеттерді басшылыққа алу керек. Адамның танымдық әрекеті оның өзін-өзі танып, дамытып, өзін-өзі түсінуінен басталады. Өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білген адам таным жолында өз мақсатына жетеді. Әр адам өмірлік айқындамасын дұрыс белгілеп алса, оның өмірлік ұстанымы, таным жолы да айқын болады.
1. Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыздар?
2. Өз арманына жету үшін не істеуге болады?
3. Өзін тану үшін адам не істеуі керек деп олайсыздар?
IV. "Өміріңе немқұрайлы қарама." ( Оқушылар өздерінің өмір туралы жаттап келген
өлең жолдарын, шығармаларын оқиды.
3. Сергіту жаттығуы: «Мейірімді балалар»
- Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді балалар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Балалар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қатар артқа аттап, дем шығарамыз. Балалардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа адымда. Рахмет.
ІІ бөлім ата-аналармен жұмыс. "Маған өмір сыйлаған ата-анама ризамын"
Оқушылар үйден жазып келген шығармаларын оқиды.
Оқушылар мен ата-аналарға "Соқыр ана" фильмін көреді.
Ата-аналар мен оқушылар фильм туралы өз ойларын ортаға салады
4) Ұжымдық жұмыс: Ойлануға арналған «Сыр сандық» ойынының шартын таныстырам. Мен сұрақтарды оқимын. Сендер әр сұраққа жауап берулерің керек.
Ойынның шарты: Біз бір-бірімізді жақын тану үшін барлығыңа «сыр сандықты» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «сыр сандықтағы» аяқталмаған сөйлемді өз сөзімен аяқтайды.
1. Ең үлкен қорқыныш - бұл...
2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
3. Мен ренжимін, егер...
4. Мен ұмытпаймын, егер...
5. Маған көңілсіз, егер...
6. Егер маған дауыс көтерсе, мен...
7. Мен қарсыласқанда...
8. Егер мен сенімсіз болсам, онда...
9. Маған ұнады, себебі...
10. Егер, мен шаршасам...
- Сөйлемді аяқтағанда, қандай сезімде болдыңдар? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.
V. Қорытынды.
1. Сабақтан қандай жақсы қасиеттер алдыңдар?
2. Сыныпта жасаған жұмысыңның қайсысы және бір-біріңнен қандай қасиетті ала білдіңдер?
3. Екінші жұмыста жасалынған фигураның артына өздерің ұнатқан түстеріңді және оның қасиетін жазып беріңдер. (уақыт болса оқыту)